1976 жылдан бері әлемдегі орташа жылдық ауа температурасы әр онжылдықта орта есеппен 0,18 °C-қа көтерілсе, Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,32 °C-ты құрады*. Осы ұзақ мерзімді үрдіс аясында 2026 жылдың жазы ерекше назар аудартады: биыл елде бірқатар температуралық рекорд тіркелді. Шілде айында еліміздің ірі қалаларында жаңа температуралық максимумдар тіркелді: Астанада ауа температурасы +38,6 °C-қа жетсе, Алматыда температура рекорды үш күн қатарынан жаңарып, +40 °C-қа дейін көтерілді. Тамызда «Қазгидромет» бірден жеті облыстың жекелеген аудандарында құрғақшылық жағдайы күтілетінін ескертті. Мұндай ұзаққа созылған аптап ыстық кезеңдері булануды арттырып қана қоймай, суға деген қажеттілікті де көбейтеді, осылайша елдің су ресурстарына түсетін жүктемені күшейтеді. Жиілеп бара жатқан…
Автор: Saya
Моңғолияның Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі министрі Ц.Сандаг-Очир Қытайдың Орман және жайылым шаруашылығы ұлттық басқармасы директорының орынбасары Чжан Ли Мин бастаған делегациямен кездесті. Кездесуде табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және шөлейттенуге қарсы бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды. Бұл туралы SteppeNews.kz Montsame агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Ортақ экологиялық мәселелер Кездесу барысында Моңғолия министрі Қытай тарабына экология саласындағы ұзақмерзімді әрі сенімді серіктестігі үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, шөлейттену, жердің тозуы, шаңды дауылдар, дала өрттері және биоалуантүрліліктің азаюы сияқты экологиялық мәселелер мемлекеттік шекараға бағынбайды. Сондықтан оларды шешу үшін елдердің бірлескен жұмысы қажет. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру…
Түркияның Адана провинциясындағы Қараташ ауданында орналасқан Харбиштің тік борлы жартастары парапланмен ұшуды ұнататындардың жаңа бағытына айналып келеді. Дуврдағы әйгілі Ақ жартастарға ұқсайтын табиғи нысан Жерорта теңізі жағалауымен ұшуды қалайтын туристерді қызықтыруда деп хабарлайды SteppeNews.kz Mk-turkey.ru ақпараттық сайтына сілтеме жасай отырып. Жартастар аудан орталығынан шамамен 3 шақырым жерде орналасқан. Жерорта теңізі жағалауынан 40 метрге жуық биіктікте тұрған бұл мекен өңірдегі ең көрікті табиғи орындардың бірі саналады. Мұнда парапланшылардан бөлек, фотографтар да жиі келеді. Парапланшылар қажетті жабдықтарын жартастардың үстіндегі радиолокациялық мұнараға көтеріп, сол жерден ұшуды бастайды. Олар жағалау бойымен қалықтап, Жерорта теңізінің панорамалық көрінісін тамашалайды. Ұшу соңында төмендегі жағажайға қонады. Парапланшы Кадерим…
Бейжіңде адам тәрізді роботтар арасындағы екінші дүниежүзілік ойындардың ашылу салтанаты өтті. Биылғы жарысқа 16 елден 666 команда мен 2 056 робот қатысып жатыр деп хабарлайды SteppeNews.kz Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Бес күнге жоспарланған іс-шара Ұлттық конькимен жүгіру стадионында («Мұзды лента») өтіп жатыр. Бағдарламаға 51 жарыс түрі енгізілген. Ашылу салтанатында технологияның мүмкіндіктері мен адам тәрізді роботтардың өндіріс пен күнделікті өмірде қолданылуы таныстырылды. Шараға шамамен 1 000 гуманоид робот қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетті. Биыл жарыс тапсырмалары арнайы имитациялық алаңдардан нақты нысандарға көшірілді. Роботтар фабрикаларда, қонақүйлерде және арнайы демонстрациялық үйлерде сынақтан өтеді. Осылайша ұйымдастырушылар адам тәрізді роботтарды тек технологияны көрсету құралы емес,…
Ақтөбе облысында Ақтөбе теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған нысанның ресми ашылуы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының алаңында өткен жалпыұлттық онлайн-марафон аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысты. Бұл туралы SteppeNews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Жаңартылған вокзал заманауи талаптарға сай жабдықталып, жолаушыларға арналған кең әрі жайлы кеңістікке айналды. Жөндеу барысында қауіпсіздік, қолжетімділік және қызмет көрсету сапасына басымдық берілді. Ақтөбе теміржол вокзалы 1976 жылы салынған. Қайта жаңғырту нәтижесінде нысанның жалпы ауданы 142,5 шаршы метрге ұлғайып, 7 377,5 шаршы метрді құрады. Алты қабатты ғимараттың жалпы биіктігі 23,7 метр. Реконструкция кезінде ғимараттың қасбеті мен шатыры, ішкі бөлмелері және инженерлік жүйелері жаңартылды. Іргелес…
Бішкекте «Асман Парк» отбасылық-сауықтыру орталығын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңартылған кешеннің басты нысаны биіктігі 92 метрден асатын айналмалы дөңгелек болады. Ол Орталық Азиядағы осы типтегі ең биік аттракцион атанбақ. Бұл туралы SteppeNews.kz akchabar.kg ақпараттық сайтына сілтеме жасап. Қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен Бішкек қаласының мэрі Айбек Джунушалиев танысты. Жоба аясында саябақ аумағын абаттандыру, көгалдандыру, заманауи демалыс орындарын, серуендеу жолдары мен ойын-сауық алаңдарын жасау жоспарланған. Сонымен қатар жасыл аймақтарды сақтау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта саябақ аумағына 500-ден астам жас ағаш пен сәндік өсімдік отырғызылды. Алдағы уақытта тағы шамамен 500 көшет егу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, топырақ төсеу, көгал…
Баку төріндегі боз кілемде Қазақстанның көк туы тағы бір мәрте көкке көтерілді. 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Бақдәулет Ағабек еркін күрестен алтын медаль иеленді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жас балуан чемпиондыққа апарар жолда бес қарсыласын жеңіп, турнирді сенімді өткізді. Оның төрт белдесуі қарсыласына бірде-бір ұпай бермей, 10:0 есебімен мерзімінен бұрын аяқталды. Жеңіске бастар жол Ағабек жарысты іріктеу кезеңінен бастады. Алғашқы белдесуінде тәжікстандық Муслихиддин Ходжиевті 10:0 есебімен жеңді. Одан кейін 1/8 финалда болгариялық Эмир Джеватовты дәл осындай есеппен ұтып, ширек финалға өтті. Ширек финалда қазақстандық балуанның жеңісіне небәрі 36 секунд жеткілікті болды. Ол…
Алматыда Орталық Азия импорт-экспорт көрмесі мен Цзянсу провинциясының импорт-экспорт тауарлары көрмесі өтіп жатыр. Үш күнге жоспарланған шараға Қытайдың 100-ден астам кәсіпорны қатысып, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, жаңа энергетика және басқа да салалардағы өнімдерін таныстырды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Қытай бизнесі Орталық Азия нарығына бет бұруда Көрме 20-22 тамыз аралығында өтеді. Көрме шамамен 6 мың шаршы метр аумақта ұйымдастырылды. Шараны «Орталық Азия – Қытай» еркін сауда ынтымақтастығы платформасы, Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі, Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Цзянсу Сохо Холдингс Групп» бірлесіп өткізді. Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов халықаралық ынтымақтастықтың нақты жобалар…
Алматыда 20–23 тамыз аралығында тревел-блогерлер, журналистер, инфлюенсерлер және туризм саласының мамандары бас қосқан TBEX Asia 2026 халықаралық іс-шарасы өтіп жатыр. Форумға әлемнің әр түкпірінен 250-ден астам автор мен сала өкілі келді. Олардың жалпы аудиториясы шамамен 300 млн адамды құрайды деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Бірнеше күн бойы Алматы халықаралық медиа назарында болып, Қазақстанды миллиондаған әлеуетті туристке таныстыруға мүмкіндік алып отыр. TBEX қатысушылары Instagram, TikTok, YouTube, Facebook, Pinterest, Snapchat, блогтар, подкасттар және онлайн-БАҚ арқылы өз аудиторияларымен саяхат туралы ақпарат бөліседі. Форум аясында жасалған фото, видео және басқа да контент іс-шара аяқталғаннан кейін де Алматы мен Қазақстанның туристік әлеуетін…
Алматы Оңтүстік Кореяның ұлттық MBC (Munhwa Broadcasting Corporation) телеарнасында көрсетілетін танымал I Live Alone шоуының жаңа шығарылымында таныстырылды. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласы Туризм басқармасының қолдауымен өтті. Қазақстанға саяхат туралы шығарылым 2026 жылғы 14 тамызда эфирге шықты, деп хабарлайды SteppeNews.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап. Шығарылымның басты кейіпкері — танымал оңтүстіккореялық тележүргізуші әрі комик, бағдарламаның жүргізушілерінің бірі Чон Хен-му (Jun Hyun-moo). Сапар барысында ол Алматы халықаралық әуежайында, Көк-Төбеде, Жасыл базарда, Арбатта және Қайыңды көлінде болды. Осылайша, бағдарламада Алматының қалалық атмосферасы, гастрономиясы, жергілікті мәдениеті мен табиғи көрікті жерлері көрсетілді. I Live Alone — Оңтүстік Кореядағы көп миллиондық аудиториясы бар танымал ойын-сауық бағдарламаларының бірі.…