Автор: Saya

STEPPENEWS.KZ: Президенттің Жапонияға жасаған ресми сапары Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық әріптестіктің жаңа кезеңін айқындады. Сапар аясында жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында ірі коммерциялық келісімдер де бар. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі жандандырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 2 миллиард долларға жеткен. Қазіргі таңда Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар мен мұнай экспорттайды. Жапония Қазақстан экономикасына қомақты инвестиция құйып отырған жетекші серіктестердің бірі саналады. Бүгінге дейін жапондық инвестициялардың жалпы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан ірі…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қазақстан құрамасы Милан–2026 қысқы Олимпиада ойындарына конькимен жүгіру спортынан тағы 12 лицензия иеленді. Бұл нәтиже 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша тіркелді. Олимпиадалық жолдамаларға ие болған нақты спортшылардың есімі ұлттық құраманың бас бапкері шешім қабылдағаннан кейін жарияланады. 2026 жылғы қысқы Олимпиадада Қазақстан атынан конькимен жүгіруде бес спортшы бақ сынауы мүмкін. Бұған дейін Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан да лицензия қорын толықтырған еді. Әлем чемпионатында Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина олимпиадалық нормативті орындап, екі жолдама жеңіп алды. Сонымен қатар шорт-трек спортынан ұлттық команда ел қоржынына тағы тоғыз лицензия салды. Бапкерлер…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Алтай ауданының Полянское ауылында 1 075 бас сауын сиырға арналған заманауи сүт-тауарлы ферма пайдалануға берілді. Жоба «Мойылды-Байқоңыр» серіктестігі тарапынан агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағдарламасы аясында іске асырылған.  Инвестициялық қаражат өндірістік нысандардың құрылысына, асыл тұқымды ірі қара мал алуға, ауыл шаруашылығы техникасы мен заманауи технологиялық жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ жұмсалды. Сондай-ақ, жоба толық азық-түлік базамен қамтамасыз етілген. Шаруашылықтың иелігінде 2 323 гектар егістік жер бар. Қазір құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілді. Жақын күндері асыл тұқымды малдың келесі легін жеткізу жоспарланған. Алғашқы сүт өнімін жаңа…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Ақтөбе облысында Қазақстандағы алғашқы ірі тоқыма емес материалдар және жүн өңдеу зауыты пайдалануға берілді. «KazFeltec» ЖШС жүзеге асырған жоба аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған. Жаңа кәсіпорын жылына 2,2 мың тонна дайын өнім өндіруге қауқарлы, ал жүн өңдеу қуаты 3,5 мың тоннаны құрайды. Жобаның жалпы инвестиция көлемі — 5,3 млрд теңге. Зауыт Индустрияландырудың Бірыңғай картасына енгізілген, бұл оның ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызын айқындайды. Мемлекеттік қолдау аясында инвестициялық субсидиялар арқылы жабдық сатып алу шығындарының 30 пайызына дейін өтелген. Кәсіпорында италиялық CORMATEX компаниясының заманауи технологиялары орнатылған. Әртүрлі сападағы жүнді қабылдау талаптары бекітіліп, іске қосу және сынақ жұмыстары толық аяқталды. Зауыттың негізгі…

Read More

STEPPENEWS.KZ: 14 желтоқсанда Жамбыл облысындағы «Айша-биби» өткізу бекетінде ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі заттарын алып өтпек болған әрекеттің жолын кесті деп хабарлайды Syrmedia.kz Тыйым салынған заттар автокөліктің жасырын орындарынан техникалық құралдардың көмегімен анықталған. Барлығы күмәнді зат салынған 36 орама табылды, олардың бір бөлігінде «999» деген белгі болған. Сараптама нәтижесінде тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 30 келіден асқаны белгілі болды. Олардың қатарында героин, апиын және гашиш бар. Аталған дерек бойынша шетел азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қосымша мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

Read More

STEPPENEWS.KZ: 19 желтоқсан күні Астананың алты ауданында жаңа жылдық шыршалардың шамын жағу рәсімі өтеді. Бұған дейін мерекелік бағдарлама аясында дрон-шоу ұйымдастыру жоспарланған. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты шоу кейінге қалдырылды. Қала әкімдігінің мәліметінше, мұндай шешім мамандардың ұсынысы негізінде қабылданған. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, Астанада қар жауып, бұрқасын болуы, ал желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық құралдардың сақталуы үшін дрондардың ұшуы уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар, қалған мерекелік іс-шаралар жоспарға сәйкес өтеді. Биыл елордадағы жаңа жылдық бағдарлама «Ертегі Fest» атауымен бірыңғай ертегілік стильде ұйымдастырылып отыр. Астананың алты ауданында бір мезетте 40-тан астам жаңа…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Посткеңестік кеңістіктің жұртшылығы мектеп қабырғасында болған сұмдық қылмыстан есеңгіреп қалды. Қаза тапқан бала туралы әлеуметтік желіде жарияланған жазбаны бір миллионнан астам адам қолдап, бөліскен. Қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасына танымал тұлғалар да көңіл айтуда, деп хабарлайды Starhit.ru Тележүргізуші Ксения Бородина бұл қайғылы оқиғаның отбасымен бірге өткізетін әр сәттің қадірін бұрынғыдан да терең түсінгенін айтты. «Бүгін әдейі жұмыстан ертерек босауға тырыстым. Балаларыммен бірге болу үшін пәтерде қалдық, — деп жазды ол. — Мұнда үйдегідей кең емес, бірақ бәріміз үнемі бірге боламыз. Осыған шексіз қуаныштымын. Үлкен үйде әркім өз бөлмесіне тарап кетеді. Ал мұнда біз біртұтас отбасы сияқтымыз. Кеше болған оқиғадан кейін…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қазақстанда миграциялық процестерді тиімді басқаруға бағытталған жаңа цифрлық жүйе енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген 2030 жылға дейінгі миграциялық саясат тұжырымдамасында айтылған. Құжат қазіргі таңда Үкіметтің қарауында. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – басқарылатын әрі қауіпсіз миграциялық жүйе қалыптастыру. Осы бағытта migration.enbek.kz атты бірыңғай цифрлық платформа іске қосылады. Аталған жүйеде мемлекеттік органдардың мигранттардың елге келуі, Қазақстан аумағында болуы және еңбек қызметі жөніндегі деректері біріктіріледі. Жаңа платформа миграциялық ағындарды талдауға және болжауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құжатта: еңбек миграциясын реттеу, ішкі көшіп-қонушылар мен қандастарды қолдау, шетелде еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың құқықтарын қорғау шаралары қамтылған. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше,…

Read More

STEPPENEWS.KZ: АҚШ билігі иммиграциялық визалар беруге арналған грин-карта лотереясы бағдарламасының (DV) жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл шешім Браун университетінде болған атыс оқиғасынан кейін қабылданды. Бұл туралы CBS NEWS хабарлады. АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің айтуынша, Браун университетіндегі атысқа және Массачусетс технологиялық институтының (MIT) профессорының өліміне күдікті Невес Валенте шамамен сегіз жыл бұрын елге дәл осы грин-карта лотереясы арқылы кірген. Министрдің мәлімдеуінше, бұл қылмыскерге АҚШ аумағына кіруге ешқашан рұқсат берілмеуі тиіс болған. — Президент Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша мен АҚШ Азаматтық және иммиграциялық қызметіне DV бағдарламасын дереу тоқтатуды жүктедім. Мұндай қайғылы салдары бар бағдарламадан америкалықтар бұдан былай зардап шекпеуі керек, —…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Шымкент қаласында антисанитариялық жағдайда «MacCoffee» 3/1 өнімін заңсыз дайындаған цех әшкереленді. Әділет органдары мен полиция департаментінің бірлескен жедел тексерісі нәтижесінде цех жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі хабарлады. Тексеру барысында «С» есімді азаматтың кәдімгі гаражда тез еритін кофені дайындағаны анықталды. Күмәнді сападағы шикізат дайын қаптармен сатып алынған. Цехта дайын өнімді термотігіс арқылы ыдысқа құю, орау және өзге біреудің тауар белгісін жапсыру жұмыстары жүргізілген. Контрафактілік өнім қаладағы шағын дүкендер мен сауда нүктелері арқылы сатылған. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыдан «MacCoffee» 3/1 тауар белгісі бар 4000-нан астам орама, сондай-ақ өндіріс жабдықтары (термотігіс, таразы, қаптама) тәркіленді. Құқық иеленушінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, тәркіленген…

Read More