Автор: Saya

STEPPENEWS.KZ: Саяхат тек ауқатты адамдарға арналған деген түсінік бүгінде өз маңызын жоғалтты. Әсіресе Орталық Азия елдері — қолжетімді баға, визасыз режим, бай тарих пен ерекше табиғатты қатар ұсынатын өңір. Соңғы жылдары бұл аймаққа келетін туристер саны айтарлықтай артқан. Сарапшылардың айтуынша, 2024–2025 жылдары Орталық Азия елдеріне келген шетелдік туристердің жалпы саны 28 миллионнан асты. Жібек Жолы кеңістігіндегі тиімді, әрі арзан саяхат орындарына бірге шолу жасайық. Өзбекстан. Самарқанд, Бұхара және Хива қалалары ислам архитектурасының інжу-маржандары ретінде әлемге әйгілі. Бұл қалалардағы тарихи кешендер ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген. 2024–2025 жылдары Өзбекстанға келген шетелдік туристер саны 9,7 миллион адамға жетіп, рекордтық көрсеткіш тіркелді.…

Read More

Қазақстанда кітап саласын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. 2025 жылғы 23 сәуірде қазақстандықтар Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күнін алғаш рет атап өтті. Атаулы күнге арналған құттықтау сөзінде Президент: «Кітап оқитын ұрпақтың ой-өрісі кең болады. Ұлттың сапасы осындай рухани құндылықтар арқылы қалыптасады», – деп атап өтті. Осы мерекеге орай ел көлемінде тұңғыш рет «Ұлттық кітап» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Ұлттық кітап күніне арналған апталық аясында республика бойынша 300-ден астам мәдени іс-шара өткізілді. Мемлекет тарапынан қаламгерлерді қолдау тетіктері де біртіндеп жетілдірілуде. Атап айтқанда, жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнайы әдеби сыйлық, «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 3,6 миллион адам МӘМС жүйесіне қатыспайды. Олардың ішінде 1 миллионға жуығы әлеуметтік осал санатқа жатады — яғни тұрмыстық жағдайы дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейде, әрі МӘМС жарнасын өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл санаттағы тұрғындар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады. Нәтижесінде олар сақтандырылған мәртебеге ие болып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қажетті медициналық қызметтерді ала алады. Сонымен қатар, ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар үшін де жарналар жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Бұған дейін бұл шығындар республикалық бюджет арқылы қаржыландырылып келген. Айта кету керек, сақтандырылған мәртебесі…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Шетелдік ақпарат құралдары Қазақстанда қытай автокөліктерінің танымалдығының арту себептерін талдады. Euronews телеарнасының мақаласына сәйкес, он жыл бұрын ел көшелерінде негізінен еуропалық маркалар жүрген. Бүгінде қытай брендтері айқын басымдыққа ие. Сарапшылар бұл өзгерістің бірнеше нақты себебін атады: технология мен сапаның өсуі. Қытай автоконцерндері өндірісті жүйелі түрде жетілдіріп келеді. Олар дизайнға, технологияға және қауіпсіздікке миллиардтаған доллар инвестиция салған. Нәтижесінде қазіргі қытай көліктерінің сапасы 20 жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Қазақстандағы автомобиль нарығын мониторингтеу және талдау агенттігінің басшысы Артур Мискарян қытай көліктерінің жаңару қарқыны мен техникалық жетілуі күмән тудырмайтынын айтты. Қолжетімді баға және тиімді ұсыныс Қазақстанда автокөлік сатып алушылардың жартысынан астамы…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қазақстан мен Қытай арасында 2026 жылдан бастап, жоғарғы оқу орындарында «қос дипломды» бағдарлама іске қосылады. Қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері Қытайдың жетекші университеттеріне жұмыс сапарымен барып, бірлескен білім беру бағдарламаларын талқылады. Сапар барысында Ualikhanov University және Satbayev University басшылығы Dalian Polytechnic University мен Beijing University of Chinese Medicine университеттерімен ресми кездесулер өткізді. Нәтижесінде 2026 жылдан бастап инженерия және тағам өнеркәсібі бағыттары бойынша қос дипломды бағдарламаларды іске қоспақ. Сондай-ақ, медицина саласында академиялық ұтқырлық пен бірлескен білім беру жобаларын дамыту туралы келісім жасалды. Жаңа бастамалар қазақстандық студенттердің халықаралық академиялық тәжірибе алуына және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Тілші: Сая ЖАНСЕИТ

Read More

STEPPENEWS.KZ: Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау үшін кейбір от шашу құралдарына тыйым салынады.     Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов, жаңа жылда қандай феерверктер үшін айыппұл салынатынын түсіндірді. «Жаңа жылға қатысты тоқталсақ, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу іс-қимылдарына ерекше екпін қоямыз. Мұнда заңдылық пен тәртіп үстемдік етуі керек. Аулалардың тазалығын бұзбайтын немесе басқа азаматтарға қауіп төндірмейтін шағын отшашуларға ешқандай кедергі жоқ. Дегенмен, азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төндіретін, сондай-ақ аулаларды ластайтын тыйым салынған отшашуларға әкімшілік кодекс аясында жаза қарастырылған», — деді С. Әділов. ІІМ мереке күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға және заң талаптарын орындауға шақырады.

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қалада маусымдық мұз айдындарын іске қосуға дайындық басталды. Қазірдің өзінде 6 айдынға мұз құйылып жатыр, ал қалған нысандарда дайындық жұмыстары жүргізілуде.  Биыл қыста алматылықтар қаланың әр ауданында орналасқан 11 тегін мұз айдынында сырғанауы мүмкін: Алатау ауданы – «Алматы Арена» мұз сарайы Бостандық ауданы – «Тұңғыш Президент» саябағы Бостандық ауданы – Назарбаев даңғылынан батысқа қарай, Ганди көшесінің солтүстігінде орналасқан сквер Медеу ауданы – «Республика» сарайы Медеу ауданы – «Халық Арена» мұз сарайы Медеу ауданы – «28 панфиловшы» саябағы Наурызбай ауданы – Аудан әкімдігі аумағы Түрксіб ауданы – «С.Сейфуллин» атындағы саябақ Жетісу ауданы – «Kokjiek Garden» саябағы Жетісу ауданы – «Гүлдер»…

Read More

«17 желтоқсан таңғы 07:38-де Air Astana әуе компаниясының  Алматы  – Астана бағытындағы ұшақта апаттық жағдайдай орын алды» — деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ ақпараттық сайты kaz.tengrinews.kz сілтеме беріп.   «Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған», — делінген хабарламада. Осыған байланысты ұшақ қауіпсіздік талаптарына сай бастапқы әуе айлағына кері бағыт алып, сағат 07:40-та қайта қонған. Оқиға кезінде әуежайдың өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Тілші: Алтынай ҚАРАШ

Read More

Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қызметтік иттердің рөлі айрықша. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланында асыл тұқымды қызметтік иттердің саны жыл сайын артып келеді. Биыл Ұлттық ұланның 6654 әскери бөліміндегі кинология орталығында бельгиялық, голландиялық және неміс овчаркаларынан 42 күшік дүниеге келді. Арнайы іріктеуден өткен күшіктер болашақта жауынгерлік және күзет қызметіне дайындалып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалыспақ. Жыл басынан бері олардың 12-сі өзге әскери бөлімдерге жіберіліп, қызмет қатарын толықтырды. Қазіргі таңда кинология орталығында 30-ға жуық күшік тәрбиеленіп жатыр. — Алғашқы 45 күнде күшіктер енесінің сүтімен қоректенеді, кейін құрғақ азыққа көшіріледі. Одан соң оларды қоршаған…

Read More

Гүлбақша Батыр – Қазақстанның батыр мінезді қыздарының бірі. Оның өмір жолы – бір адамның тағдыры ғана емес, тұтас бір дәуірдің тынысы, қазақ жастарының өр рухы мен елдік санасының оянуының айқын айғағы. Ол – Желтоқсан оқиғасының куәгері, сол күндердің қайғысы мен қаһармандығын жанымен сезген жан. Балалық шақ пен арман жолы Гүлбақша Фаизова Батыс Қазақстан облысында, Сырым ауданына қарасты Бұлдырты совхозында дүниеге келген. Тоғыз ағайынды отбасының үлкені болып бойжеткен, ол қарапайым қазақы тәрбие көріп өседі. Әкесі – қарапайым жұмысшы, анасы – тігінші. «Қазақы тәрбиедегі отбасымызда өстік» дейді Гүлбақша апай бұл күндерді еске алып. Бұлдыртыдағы мектепті аяқтаған соң, жас қыз үлкен арман жетегінде…

Read More