Автор: Saya

STEPPENEWS.KZ: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы мәлімдеді. Президенттің айтуынша, еліміз спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі. Атап айтқанда, Қазақстан жапон халқының дзюдо, сумо және кэндо сияқты дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін кеңінен насихаттауға дайын. Бұл бастама екі ел арасындағы спорттық әрі мәдени байланыстарды нығайта түсуге бағытталған. Мемлекет басшысы жуырда қазақтан шыққан танымал сумошы Кимбозан Харукимен, яғни Ерсін Балтағұлмен кездескенін де атап өтті. Оның халықаралық аренадағы жетістіктері қазақ спортшыларының әлеуетін көрсетеді. Президенттің пікірінше, мәдени-гуманитарлық ықпалдастық алдағы уақытта да Қазақстан мен Жапония халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты одан әрі бекемдей түседі.

Read More

STEPPENEWS.KZ: Pantone – Түстерді стандарттау және басқару саласында әлемдік деңгейдегі компания. Оның басты қызметі – түстерді нақты бір стандарт бойынша анықтау, сипаттау. Мысалы, дизайнерлер, баспагерлер, киім дизайнерлері Pantone кодын пайдаланып, түстерді дәлме-дәл сәйкестендіреді. Әр түске өзіндік Pantone нөмірі беріледі (мысалы, PANTONE 19-4052 Classic Blue). Сол арқылы әр дизайнер немесе өндіруші бірдей түсті қолданатынына сенімді болады. Pantone жылдық тренд түстерін жариялайды. Мысалы, әр жылға “Жылдың түсі” деп таңдап, сән, дизайн және маркетинг индустриясында қолдануға ұсынылады. Бұл компания 1999 жылдан бері «Color of the Year» жариялап келеді. Биылғы 2026 жылдың түсі ақтың жұмсақ реңкі – PANTONE 11-4201 Cloud Dancer таңдалғанын жариялады. Осылайша…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасында болған техникалық ақауды пайдаланған қазақстандық азаматты Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Швециядан экстрадициялады, — деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп. 2018 жылы екінші деңгейлі банктердің бірінің мобильді қосымшасында орын алған техникалық ақауды пайдаланған азамат банк картасындағы нақты қаражаттан артық сомаларға жалған аударымдар жасаған. Заңсыз әрекеттердің салдарынан қаржы ұйымына 55 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған. Ұзақ уақыт бойы жасырын жүрген ол биыл Швеция Корольдігінің аумағында қолға түсті. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жолдаған ресми…

Read More

Бүгінде Жаңа жылды шыршасыз елестету қиын. Жарқыраған шамдармен безендірілген жасыл шырша – мерекенің басты нышандарының бірі. Алайда бұл дәстүр бір күнде пайда болған жоқ. Оның тамыры көне дәуірлерге барып тіреледі. Ежелгі халықтар мәңгі жасыл ағаштарды ерекше құрметтеген. Қыстың қақ ортасында да жапырағын түсірмейтін шырша, қарағай сияқты ағаштар өмірдің, төзімділіктің және жаңарудың белгісі саналған. Мысалы, ежелгі герман тайпалары қыстың ең ұзақ түнінде ормандағы мәңгі жасыл ағаштарды қасиетті деп есептеп, оларды түрлі белгілермен безендірген. Бұл рәсім жаман рухтардан қорғайды, жаңа жылда береке әкеледі деген сенім болған. Жаңа жылдық немесе рождестволық шырша дәстүрі нақты түрде XVI ғасырда Германияда қалыптасты. Деректерге сүйенсек, сол кезеңде…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Hitachi High-Tech Europe GmbH компаниясы ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында ЕҰУ оқытушылары мен ғалымдары жапондық компанияның сарапшыларымен бірлесе отырып, Жапония мен Германиядағы зертханаларда құрылыс материалдарын талдау бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді. Меморандумға ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен Hitachi High-Tech Europe GmbH компаниясының президенті Кадзуёши Мацукадзе қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі 2025 жылы 20 желтоқсанда Токиода өткен «Central Asia + Japan» бизнес-форумы аясында өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің Жапонияға мемлекеттік сапары шеңберінде ұйымдастырылды. ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың айтуынша, бұл келісім Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін…

Read More

STEPPENES.KZ: 11 желтоқсан көрерменге жол тартқан «Руың кім?» фильмі депутат Ерлан Саировтың тарапынан айтылған сыннан кейін прокаттан алынды. Осы жағдайға байланысты  журналист Дина Төлепберген Instagram парақшасында өз пікірімен бөлісті. «Мен бұл фильмді прокаттан көріп үлгерген көрерменнің бірімін. Сондықтан картина рушылдықты насихаттамайды, керісінше бүкіл драматургиясы соған қарсы құрылған деп толық сеніммен айта аламын.» Фильмнің продюсерлік компаниясы депутаттың қазақ қоғамындағы рушылдық тақырыбына қатысты сынынан кейін картинаны прокаттан алып тастау туралы шешім қабылдаған еді. «Фильмнің пиарында қате кетті. Трейлер мен визуал расында ескі жараны алға шығарды да, басты ойды, бірлікті жасырып қалды. Соның салдарынан фильмді көрмеген адамға бұл жоба трайбализм насихаты сияқты көрінді.»…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік циркінің жас әртісі жастағы Әли Салаватов Ресейдің Тула қаласында өткен «На языке мира» V Халықаралық балалар мен жастар цирк өнері фестивалінде қола медаль жеңіп алды. Халықаралық деңгейдегі бұл фестиваль жас цирк өнерпаздары үшін тәжірибе алмасып, шеберлігін шыңдайтын беделді алаң саналады. Биылғы байқауға жонглерлік, акробатика, эквилибристика, клоунада секілді түрлі жанрда өнер көрсеткен әлемнің бірнеше елінен 200-ден астам жас қатысушы жиналды. Қазақстандық жас өнерпаз манежде «Еденге соқпалы доптармен жонглерлік өнер» атты нөмірін ұсынып, орындау дәлдігімен, техникалық шеберлігімен және сахнадағы жарқын харизмасымен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Қатысушылар арасындағы жоғары бәсеке бұл жетістіктің маңызын арттыра түсті. Сондай-ақ,…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүргізуші куәлігінің мерзімі алдағы 4 жылда аяқталатын азаматтар құжатты шұғыл ауыстыруы тиіс деген ақпарат кең тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Мамандардың айтуынша, жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібі өзгерген жоқ. Құжат тек жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ғана жаңартылады. Бұл ретте ешқандай қосымша емтихан тапсыру немесе жаңа талаптарды орындау қажет емес. Сондықтан негізсіз қауесеттерге сенбей, тек ресми ақпаратқа жүгінген жөн. Қазіргі қолданыстағы ережелер бойынша бәрі бұрынғыдай жұмыс істеп тұр. Яғни, куәлігіңіздің мерзімі әлі бітпесе — алаңдауға себеп жоқ.

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қазақстанда Roblox платформасын бұғаттау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Roblox-қа қолжетімділікті шектеу немесе платформаны бұғаттау жөнінде ешқандай шешім қарастырылып жатқан жоқ. Вице-министр онлайн-платформаларға қатысты заңнамалық өзгерістерге де түсініктеме берді. «Алдын ала айта кетейін, 16 жасқа дейінгі қолданушыларды тіркеуді шектеу мәселесі талқылануда. Алайда заңнамаға сәйкес, Roblox онлайн-платформа санатына жатпайды. Сондықтан бұл нормалар қабылданған жағдайда да Roblox-қа әсер етпейді», – деді ол. Сондай-ақ Евгений Кочетовтың айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігіне немесе басқа мемлекеттік органдарға Roblox-қа қатысты ата-аналардан ресми шағымдар түспеген. Осыған байланысты платформа бұрынғы режимде жұмысын жалғастыра береді.…

Read More

Дубайда өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында Қазақстанның голболдан ұлттық құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізіп, алтын медаль жеңіп алды. Бұл — қазақстандық голболшылардың аталған жарыстағы алғашқы жеңісі. «Жарыс барысында барлығы алты ойын өткіздік. Спортшылар жарысқа жақсы дайындықпен келді. Мемлекет қолдауымен Алматы мен Астанада оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Нәтижеге көңіліміз толады. Команда құрамындағы алты спортшының төртеуі үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс болғанына қарамастан, олар өздерін жоғары деңгейде көрсете білді», — деді голболдан бас бапкер Андрей Шпехт. Турнирге Қазақстанмен қатар Оңтүстік Корея, Иран, Таиланд және Сауд Арабиясының командалары қатысып, жарыс айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы ойындарда қазақстандық команда Оңтүстік Кореядан 9:10, Ираннан…

Read More