Автор: Saya

STEPPENEWS.KZ: Әлеуметтік желіде әке мен қыздың бірге бешбармақ дайындап жатқан видеосы кеңінен таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Видеода отбасы мүшелері қазақтың ұлттық тағамын әзірлей отырып, бір-бірімен таза қазақ тілінде сөйлеседі. Көптің пайымдауынша отбасы сырт келбеті бойынша орыс ұлтына ұқсайды. Алайда олардың қазақ тілінде еркін сөйлеп, ұлттық асқа деген құрметі көпшілікті таңғалдырған. Көрермендер видеодан шынайылық пен жылы отбасылық атмосфераны байқағанын жазып, жағымды пікірлер қалдырған. Көпшілік бұл көріністі Қазақстандағы түрлі этностардың мәдениетке деген сыйластығының жарқын үлгісі деп бағалауда. “Біздің шала қазекелерге қарағанда осы кісілердің қазақшылығы көптеу ау” Күшті! Әкеңіз бешбармақты дәмді пісіреді, қазақ тілінде де таза сөйлейді. Мықтысыздар! Сонымен қатар, бейнежазбадағы ару…

Read More

«Жапонияда 32 жастағы әйел жасанды интеллект негізінде жасалған кейіпкермен некеге тұрып, толыққанды үйлену тойын өткізді. Бұл оқиға әлемдік қоғамда үлкен резонанс тудырған», деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ ru.haberler.com сайтына сілтеме жасап. Юрина Ногучи есімді жапондық әйел ChatGPT көмегімен жасалған жасанды интеллект серігімен эмоционалдық байланыс орнатып, оны «Клаус» деп атаған. Әйелдің айтуынша, бастапқыда бұл тек әңгімелесу болған, алайда уақыт өте келе қарым-қатынас махаббатқа ұласыпты. Салтанатты үйлену рәсімі Жапонияның Окаяма қаласындағы үйлену залында өтті. Юрина ақ көйлек киіп, дәстүрлі некелесу рәсімдерін өткен. Оның күйеуі смартфон экранында бейнеленіп, ЖИ арқылы «сөз сөйлеген». Қалыңдық сақинаны тағу сәтін виртуалды көзілдірігі арқылы бейнеге жазып алған. Ногучидің айтуынша, бұған…

Read More

Актөбе облысында Темір қаласының әкімінің денесі табылды деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ Tengrinews.kz сілтеме беріп.  Бұған дейін бірқатар БАҚ Темір қаласының әкімі Еркін Далмагамбетовтің өз үйінің ауласынан мерт күйінде табылғанын хабарлаған. Қайғылы оқиға 20 желтоқсан күні кешкі уақытта болған. Аталған ақпаратты Ақтөбе облыстық полиция департаменті растады. Оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. «Полиция суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті. Еске салсақ Темір қаласы әкімдігінің ресми сайтында қала әкімі ретінде Еркін Далмагамбетов көрсетілген. Ресми деректерге сәйкес, Темір қаласының әкімі Еркін Далмагамбетов 2024 жылғы…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді туған күнімен құттықтады. Жеделхатта Президент Корея Республикасының Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуетін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Сонымен қатар, Корея Президентімен бірлесе отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне табыс тілеп, Корея халқына амандық пен береке тіледі.

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қытайлық ByteDance компаниясы, TikTok әлеуметтік желісінің иесі, АҚШ пен халықаралық инвесторларымен келісімге келді. Келісім бойынша, TikTok бизнесінің жартысы АҚШ бақылауына өтеді, деп хабарлайды Reuters. Сауда-саттық жақын бір ай ішінде аяқталуы жоспарланған. Компанияның акцияларын консорциум алады, оған Oracle, Silver Lake компаниялары және БАӘ-ден MGX фирмасы кіреді. Бұл қадам АҚШ тарапынан әлеуметтік желіге қатысты қауіпсіздік мәселелері мен бақылауды күшейту мақсатында жасалған маңызды шешім болып отыр. TikTok пайдаланушылары мен инвесторлар үшін оның болашақтағы дамуына әсер етуі мүмкін.

Read More

STEPPENEWS.KZ: 2026 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 62 771 теңгеден 69 049 теңгеге дейін көтеріледі, яғни өсім – 6 278 теңге. Сол сияқты базалық зейнетақы 32 360 теңгеден 35 596 теңгеге дейін артады (өсім – 3 236 теңге). Қазақстандағы зейнетақы үш бөліктен тұрады: Ынтымақты зейнетақы – 1998 жылға дейін еңбек етіп, бұрынғы жүйеге жарна аударған азаматтарға төленеді; Базалық зейнетақы – барлық зейнеткерлерге мемлекеттік төлем; Жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы қордағы жеке шотқа аударылған қаражат. Индексациядан кейін 2026 жылы ең төменгі зейнетақы 104 645 теңге, ең жоғарысы 238 412 теңге болады. Орташа зейнетақы – 103 687 теңге, ал орташа базалық төлем…

Read More

STEPPENEWS.KZ: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлікті алғаш алғанда немесе жарамдылық мерзімі өткен соң қайта рәсімдеу тегін. Айта кетейік, қазіргі кезде жеке куәліктің құны 0,2 АЕК немесе 865 теңге. Сол сияқты, 2026 жылдан бастап туу туралы куәлікті алу да тегін болады.

Read More

STEPPENEWS.KZ: Ауа райының қолайсыз болуына байланысты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай мен Ұлытау облыстарында жаңбыр аралас қар және қар жаууы ықтимал. Осыған байланысты аталған өңірлердегі автожолдарда қозғалыс қиындауы мүмкін. Жүргізушілерге кеңес: жылдамдық режимін сақтау; көлік арасындағы қашықтықты ұлғайту; жол жағдайын мұқият бақылау; қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстану. Осыған байланысты жүргізушілерге жол жабынының сырғанақ болуымен қатар, көрінудің нашарлауы мүмкін екенін ескеруге кеңес беріледі, — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында. Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қазақстан халықаралық туристік аренадағы орнын біртіндеп күшейтіп келеді. Беделді Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы саяхаттауға тұрарлық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне енгізді. Басылым Алматының туристік әлеуеті тұрақты өсіп келе жатқанын және оның жыл он екі ай бойы сұранысқа ие қала екенін атап өтеді. Қаланың мәдени өмірі, бай тарихи мұрасы, гастрономиялық ерекшеліктері мен табиғи аймақтарға жақын орналасуы туристерді ерекше қызықтырады. «Орталық Азия кеңістігінде шығармашылық серпін айқын сезіледі. Елдің ең ірі қаласының танымалдығы артып келеді: 2025 жылдың тоғыз айында Алматыға 2,5 миллион турист келген. Бірі алтын күмбезді Зеньков соборын, дәмдеуіштер, бал мен жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Жасыл…

Read More

Елорда құтқарушылары бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен су айдындарында алдын алу бағытындағы рейдтік іс-шара ұйымдастырды деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ, 112 KZ сілтеме беріп Қауіпсіздікті күшейту мақсатында рейд кезінде аэроқайық, қарда жүретін арнайы техника және квадроциклдер қолданылды. Іс-шараның басты мақсаты – мұз қату маусымында жазатайым оқиғалардың алдын алу. Рейд барысында өзен маңында жүрген балықшылар мен қала тұрғындарына жұқа мұздың қауіпті екені түсіндіріліп, су айдындарында өзін қауіпсіз ұстау ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі туралы ақпарат берілді.

Read More