STEPPENEWS.KZ: Алматыда «ALMATY PROF SKILLS: нәтижелері және даму мүмкіндіктері» қалалық форумы өтіп, Жұмысшы мамандықтары жылы салтанатты түрде аяқталды. Жиында техникалық және кәсіптік білім беру саласын жетілдіру бағытында атқарылған жұмыстар сараланып, жыл бойғы тәжірибе мен жетістіктер талқыланды. Форум аясында Алатау ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында колледж студенттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда оқу орындары мен өндіріс орындарының бірлескен жобалары, практикалық жұмыстар нәтижесі таныстырылды. Шарада кәсіби білімнің дамуына үлес қосқан ұстаздар мен мамандарға алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды. Сондай-ақ WorldSkills республикалық чемпионатында алғашқы орынды жеңіп алған алматылық студенттер командасы қаржылай сыйлыққа ие болды. Биыл ауыз толтырып айтатын жетістіктеріміз бар. Соның ішінде ерекше алматылық команданың «WorldSkills…
Автор: Saya
STEPPENEWS.KZ: OtzAlt кеңістігінде Жер экожүйесіндегі адамның рөлін жаңаша бағалауға, сондай-ақ даму мен жойылу арасындағы нәзік тепе-теңдікке арналған «Басым болудың шегі бар ма?» атты топтық көрме ашылды. Ғасырлар бойы адам өзін жаратылыстың шыңы, ғаламшардағы басты әрі саналы тіршілік иесі ретінде қабылдап келді. Алайда бүгін бұл түсінік барған сайын күмән тудыра бастады. Ғылым, техника және өнер салаларындағы жетістіктер экологиялық дағдарыстармен, биологиялық алуан түрліліктің азаюымен және табиғи ресурстардың сарқылуымен қатар өрбіп отыр. Өмірге, жасампаздыққа ұмтылыс біртіндеп кеңею мен үстемдікке деген құштарлыққа ұласуда — дәл осы өзгеріс көрменің негізгі өзегіне айналған. Жоба планетаның тұрақтылығы, экожүйедегі әрбір, тіпті ең ұсақ бөлшектің де маңызы зор екені…
STEPPENEWS.KZ: Жасанды интеллектке негізделген құрылғылар экожүйесін дамытатын әлемдік HONOR бренді Қазақстан нарығындағы позициясын сенімді түрде нығайтып келеді. Ойластырылған технологиялар, заманауи дизайн және күнделікті қолдануға ыңғайлылықты үйлестіре отырып, HONOR пайдаланушылар сеніміне ие. 2025 жылдың қорытындылары көрсеткендей, қазақстандықтар HONOR смартфондарын мүмкіндіктер балансы, сенімділігі және шын мәнінде жұмыс істейтін интеллектуалды функциялары үшін таңдайды. Жыл қорытындысы бойынша HONOR Қазақстандағы Android негізіндегі құрылғылар арасында нарық үлесі бойынша топ-3 брендтің қатарына еніп, елдің мобильді нарығындағы негізгі ойыншылардың бірі ретіндегі мәртебесін бекітті. 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда 250 000-нан астам HONOR құрылғысы, оның ішінде смартфондар мен IoT өнімдері сатылды. Бұл нәтиже бренд экожүйесіне деген жоғары сенімді және…
STEPPENEWS: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы мәдениет саласы бойынша жылдық қорытындыны жариялады. Есепке сәйкес, жыл ел мәдениетінің халықаралық деңгейде кеңінен танылып, мәдени дипломатияның нығаюымен толыққан. Қазақстан өнері, әдебиеті мен тарихи мұрасы әлемнің бірқатар елдерінде кеңінен насихатталды. 2025 жылғы маңызды жетістіктердің бірі – Бейжің қаласында Қазақстанның мәдениет орталығының ашылуы болды. Бұл орталық өнер, тіл және мәдени алмасу бағытындағы ең ірі алаңға айналып, еліміздің бай мұрасын халықаралық қауымдастыққа таныстыруға жол ашты. Қысқа уақыт ішінде орталық 2 мыңнан астам келушіні қабылдап, көрме, білім беру және ағартушылық бағыттағы іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырды. 2025 жылғы мәдени күнтізбеде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы…
STEPPENEWS.KZ: Тәжікстан үкіметі Ресей аумағындағы мектепте қаза тапқан 10 жастағы Қобилжон Әлиевтің анасына жаңа пәтер берді. Бұл туралы отбасының туыстары хабарлады. 22 желтоқсанда марқұм баланың жақындарына мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері келіп, көңіл айтып, биліктің тұрғын үй бөлу туралы шешімін ресми түрде жеткізген. Сондай-ақ, туыстары отбасының қосымша қаржылай көмекке мұқтаж еместігін, барлық қайырымдылық жинақтарының тоқтатылғанын мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін баланың денесі әкетілген үйдің қақпасы әлі күнге дейін жабылмаған. Елдің әр өңірінен тұрғындар келіп, қаза тапқан баланың отбасына қолдау білдіріп, қайғысына ортақтасып жатыр. Еске салсақ, 16 желтоқсанда Мәскеу облысының Одинцов ауданына қарасты Горки-2 елді мекенінде қайғылы оқиға орын алды. Мектеп…
STEPPENEWS: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ауқымды реформалар жалғаса беретінін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, соңғы жылдары жүзеге асырылған терең саяси өзгерістер жаңа бастамалармен толықпақ. Президент өз Жолдауында бірпалаталы Парламент құру туралы бастама көтергенін атап өтті. Бұл қадам елде жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың жалғасы болмақ. Бұл бастама бойынша нақты шешім жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады. Егер азаматтар бұл ұсынысты қолдаса, Қазақстан Республикасының Ата заңына көптеген өзгеріс енгізіледі. Мемлекет басшысы алдағы түзетулердің ауқымын ескере отырып, бұл қадамның маңызы жаңа Конституция қабылдаумен тең болатынын айтты. «Біз прогрессивті ұлт ретінде болашаққа сеніммен қараймыз. Алдымызда биік мақсаттар тұр», – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру,…
STEPPENEWS.KZ: ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында Қытай Халық Республикасындағы жетекші баспалардың бірі – «Феникс» баспасының кітап сөресін ашу рәсімі өтті. Аталған шара Қазақстан мен Қытай арасындағы кітап шығару және баспа ісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды. Іс-шара барысында екі ел арасындағы мәдени байланыстарды дамыту мәселелері талқыланып, кітаптың халықтарды жақындастыратын маңызды рухани құндылық ретіндегі рөлі атап өтілді. Кездесу қорытындысында тараптар мәдени және кәсіби әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін жеткізіп, бірлескен жобалар мен жаңа бастамаларды іске асыру перспективаларын қарастырды.
STEPPENEWS.KZ: Соңғы жылдары қытай автокөліктері тек дизайны немесе бағасымен емес, ішкі технологиялық мүмкіндіктерімен де назар аударта бастады. Әсіресе мультимедиялық жүйелер бұл сегменттің басты артықшылықтарының біріне айналды. Осы тұрғыда Geely мен Chery маркалары жүргізуші мен жолаушыға қолайлы, түсінікті әрі заманауи шешімдер ұсынып отыр. Geely автокөліктеріндегі мультимедиялық жүйе күнделікті пайдалануға ыңғайлы етіп жасалған. Кең сенсорлы экран ақпаратты анық көрсетіп, мәзірлер арасындағы ауысу жылдам жүзеге асады. Смартфонды көлік жүйесіне қосу оңай: навигация, қоңыраулар мен музыка бір орталықтан басқарылады. Дауыстық басқару мүмкіндігі жүргізушінің назарын жолдан бөлмей, негізгі функцияларды пайдалануға жол ашады. Цифрлық панель көлік қозғалысына қатысты барлық мәліметті бір көзқараспен бақылауға мүмкіндік береді. Chery…
STEPPENEWS.KZ: Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, еліміздің жоғары білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бейжің тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэн ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» стратегиялық серіктестер форумы аясында Дуань Пэнді қабылдаған болатын. Кездесу барысында Президент университеттің Астанадағы филиалының ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсететін нақты нәтиже екенін атап өтті. Сонымен қатар бұл бастама гуманитарлық байланыстарды нығайтып, екі ел арасында зияткерлік көпір қалыптастыруға ықпал етіп отырғаны айтылды. Қазіргі таңда Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары мен стратегиялық серіктестіктерінен тұратын кең ауқымды…
STEPPENEWS.KZ: Алматы қаласының полиция департаменті жүргізуші куәлігінен айырылудың негізгі себептерін түсіндірді. Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері қалада 3 105 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған. Полиция өкілдерінің айтуынша, негізгі себептердің бірі — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабында көзделген талаптарды бұзу. Атап айтқанда, көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару, сондай-ақ осындай жағдайда тұрған адамға көлікті жүргізуге беру. Бұдан бөлек, жүргізуші куәлігінен айырылуға 590-баптың (2-1, 4 және 4-1 тармақтары) бойынша, яғни көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу да себеп болғаны айтылды.