STEPPENEWS.KZ: Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық: «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке; «Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа; «Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке; «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында…» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.
Автор: Saya
STEPPENEWS.KZ: Қазақстанда Zoom мен ChatGPT сияқты сервистерге қарапайым пайдаланушы бірнеше минутта тіркеле алады. Алайда мемлекеттік органдар үшін халықаралық цифрлық платформалардан жазылым сатып алу — заңдық және бюрократиялық кедергілерге тірелген мәселе. Соның салдарынан мемлекет уақыт пен қаржыны делдалдарға жұмсауға мәжбүр. Мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес, госоргандар халықаралық платформаларға жазылымды тікелей рәсімдей алмайды. Заңда тікелей келісімшарт жасауға мүмкіндік беретін ондаған негіз бар, алайда цифрлық жазылымдар бұл тізімге кірмеген. Бұл аталған сервистер Қазақстан аумағында ресми жұмыс істеп тұрғанына қарамастан орын алып отырған жағдай. Формалды түрде мұндай жазылымдарды зияткерлік меншік нысаны ретінде сатып алуға болады. Алайда бұл үшін монополияға қарсы органның қорытындысы қажет. Іс…
STEPPENEWS.KZ: Алматыда жастар арасында тұрақты экологиялық мәдениет қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жаңа деңгейге көтерілді. 2025 жылы қала экологиялық саясатты күшейтіп, оны жаппай сипаттағы, заманауи әрі жастарға бағытталған кешенді жобаға айналдырды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық жағдайды жақсартуға ғана емес, экологиялық сананы күнделікті өмір салтына енгізуге басымдық берілді. Бір реттік тазалау шаралары тұрақты әдетке айналып, ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталды. Жыл бойы 65 мыңнан астам адам қатысқан 300-ден аса экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Сенбіліктер мен рейдтер барысында 120 гектардан астам аумақ тазартылып, 200 тоннадан артық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар экологиялық ағарту, цифрлық шешімдер мен қалалық қауымдастықтарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Негізгі жобалардың бірі…
STEPPENEWS.KZ: Пір Бекет ата қазақ халқының аса көрнекті тарихи тұлғасы, әйгілі батыры, қолбасшысы, ағартушысы, ойшылы, сәулетшісі, һәм әулиесі. Жастайынан білімге құштар болып өскен ол, 14 жасында Шопан атаға зиярат етіп, батасын алған. Кейін Хиуа қаласындағы Шерғази-Хан медресесінде оқыған. Биыл Пір Бекет атаның 275 жылдығы. Осыған орай Маңғыстау облысында Шопан ата мен Пір Бекет атаны еске алып, Тобықты жерінде арнайы ас берілген. Шараға шет елден және еліміздің әр түкпірінен көрнекті ғалымдар, зиялы қауым өкілдері келіп қатысты. Ата туралы арнайы деркеті фильмде түсрілген. Оны түсіруге бір жыл уақыт кеткен. Жалпы бас аяғы 7,5 сағаттық фильмді, 15 минуттан бөліп көрсетеді. Негізінен нақты жазылған…
STEPPENEWS.KZ: Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақ өнерінің абызы, аңызға айналған актер Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қоштасу жиынына марқұмның туған-туыстары мен жақындары, өнердегі әріптестері, сондай-ақ оның шығармашылығын қадір тұтқан мыңдаған азамат жиналды. Жиналған жұрт қазақ өнерінің ірі тұлғасымен қоштасып, құрмет көрсетті. Рәсімге Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жолданған көңіл айту жеделхатын оқып, бұл ауыр қаза барша ел үшін ортақ қайғы екенін атап өтті. Президенттің көңіл айтуында Асанәлі Әшімовтің…
STEPPENEWS.KZ: Алматыда мембраналар мен оқшаулағыш материалдар шығаратын жаңа өндірістер іске қосылды. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Физика-техникалық институты аумағында орналасқан «Алатау» инновациялық технологиялар паркі (арнайы экономикалық аймақ) базасында екі бірдей жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды. Бұл жобалар отандық өнеркәсіпті дамытуға, сондай-ақ су қауіпсіздігі мен инфрақұрылымды қорғау бағытында Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға жол ашады. Алғашқы жоба «Мембранэко» компаниясының кері осмосқа арналған мембраналық элементтерді сериялық өндіруіне бағытталған. Жоба ғылым, бизнес және мемлекеттің өзара ықпалдастығы нәтижесінде жүзеге асты. Сәтбаев университеті ғылыми сараптама мен зертханалық инфрақұрылымды қамтамасыз етіп, жобаға теңқұрылтайшы ретінде қатысқан. Ал «Almaty Finance» пен «Самұрық-Қазына» қоры қаржылай қолдау көрсетіп,…
STEPPENEWS.KZ: Интернеттегі хакерлер Spotify музыкалық сервисінің 86 миллион әннен тұратын қорын заңсыз көшіріп алғанын мәлімдеді. Anna’s Archive сайтының атынан сөйлеген хакерлер сервистің толық музыкалық каталогын торрент арқылы кез келген тыңдарманға қолжетімді болуын жоспарлап отырғанын хабарлады. Архивтің жалпы көлемі шамамен 300 терабайт. Әзірге сайтта тек метадеректер жарияланған. Соның өзінде бұл мәліметтер Spotify ішіндегі тыңдалым құрылымына қатысты қызықты деректерді көрсетті. Атап айтқанда, сервистегі тректердің 70 пайыздан астамы мың реттен де аз тыңдалған. Сонымен қатар платформадағы ең танымал 10 мың әннің тізімі бар файл да көпшілікке ұсынылған. Spotify компаниясы ақпараттың сыртқа шыққанын растады. Компания өкілдерінің айтуынша, қаскөйлер ашық деректерді жинап, платформаның қорғаныс жүйесін…
STEPPENEWS.KZ: Соңғы жылдары Қытайдың автомобиль өнеркәсібі жаһандық нарықта тек техникалық сипаттамаларымен ғана емес, сонымен қатар мультимедиалық және цифрлық шешімдерімен де ерекшелене бастады. Елдегі жоғары технологиялар секторы мен смартфон индустриясының қарқынды дамуы автомобиль мультимедиа жүйелерінің эволюциясына тікелей әсер етіп, оларды әлемдік стандарттар деңгейіне шығарды. Осы бағыттағы айқын мысалдардың бірі — NIO мен BYD брендтері. BYD Tang: барлығын бір экраннан басқару BYD Tang үлкен сенсорлық экранмен жабдықталған. 12,8–15,6 дюймдік дисплей арқылы музыка, видео, навигация және климатты басқаруға болады. Жасанды интеллект жүйесі дауыстық командаларды қабылдап, жүргізушінің қолын босатады. Бағдарламалық жасақтаманы желі арқылы жаңарту мүмкіндігі мультимедиа функцияларын үнемі жетілдіруге мүмкіндік береді. Ұзақ сапарларда немесе…
STEPPENEWS.KZ: Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен оны одан әрі дамытуға қатысты нақты қадамдар талқыланды. Сонымен қатар ұйым шеңберіндегі ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.
STEPPENEWSKZ: Шымбұлақ тау шаңғы курорт айлағы Орта Азиядағы қысқы демалыс орны ретінде брендке айналды. Былтырдың өзінде мұнда 1,5 миллионнан астам турист келген. БАҚ өкілдері үшін «Shymbulak» тау курортында қысқы маусым жұмысы таныстырылды. Баспасөз турында курорттың қызметтік сервисі мен инфрақұрылымдық жүйесі баяндалды. Жаңадан ашылған «Медеу» базалық станциясында сырғанау жабдықтарын жалға беру мен сақтаудың негізгі аймағы орналасқан. Жалға беру қызметінің супервайзері Мүслим Жұмаевтың айтуынша қызмет көрсету «бір терезе» қағидатымен іске асады, ал локерлер саны екі есеге артқан. Атап айтқанда 400 –ден аса адамды бір мезетте қабылдай алады. Ал, бұған дейін шаңғыларды жалға берген «Шымбұлақ» станциясы, кәсіби райдерлерге қызмет көрсетеді. Бұл қарбалас уақытта…