Автор: Saya

STEPPENEWSKZ: Қазақ елі мен Қытай халқының арасындағы мәдени ынтымақтастық бүгінде жаңа деңгейге көтерілді. Ғылым мен технология дамыған қазіргі кезеңде, халықтар арасындағы байланыстың жаңаша формуласы қалыптасып келеді. Әсіресе жастар арасындағы өзара түсіністік нығайып, білім саласындағы ынтымақтастық күшейуде. Сонымен қатар мәдени, өнер жобаларына жол ашылып, қоғамдық дипломатияны дамытуда стереотиптерді жойып, екі ел халықтарын жақындастыруда. Мұндай өзгеріс Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында қатты байқалады. Жастар арасындағы даңғыл жолды ашқан, өнер арқылы көпір салған Димаш көштің басында тұр.  Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі мәдени ынтымақтастық тарихи негізге сүйеніп қана қоймай, жаңа бастамалармен толығып, аймақтық деңгейден жоғары деңгейдегі стратегиялық бағытқа айналды. Қытай университеттері түлектері қауымдастығының негізін қалаушы…

Read More

STEPPE.NEWS.KZ: Жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қалқаман» метро бекетінің құрылыс барысымен, сондай-ақ қолданыстағы «Бауыржан Момышұлы» бекетін жаңа станциямен байланыстыратын аралық учаскедегі жұмыстармен танысты. Қала әкіміне «Бауыржан Момышұлы» мен «Қалқаман» бекеттерін жалғайтын сол жақ аралық тоннель көрсетілді. Қазіргі уақытта бұл тоннельдің құрылысы толық аяқталған. Арнайы платформа арқылы сынақ жүрісі жүргізіліп, оның барысында әкім атқарылған жұмыстардың сапасын, жол инфрақұрылымының жағдайын және техникалық жүйелердің жұмысын көріп шықты. Дайын аралық тоннельде құрылыс-монтаж жұмыстары толық көлемде орындалған. Атап айтқанда, түйіспесіз рельс жолы төселіп, жарықтандыру, бейнебақылау, өрт және күзет дабылы жүйелері орнатылған. Сонымен қатар инженерлік желілер мен дренаж жүйесін монтаждау жұмыстары жүргізілген. Барлық жұмыстар…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Екі жыл бұрын басталған Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты нәтиже көрсетіп, инвестициялардың қайтарымын арттыруға мүмкіндік берді. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін басқа өңірлерге енгізуге бағытталған бағдарлама агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы тиімді құралдардың біріне айналды. Игі бастама импортты алмастыруға, ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды жандандыруға бағытталған. 2023–2024 жылдары бағдарламаны іске асыруға 200 млрд теңге бөлініп, агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттары бойынша 170 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік туды. Қазіргі таңда оның 84 жобасы пайдалануға берілді. Олардың қатарында жылына 332 мың тоннадан астам сүт өндіретін 53 сүт-тауарлы ферма бар. Бағдарлама 2025 жылы да жалғасын тапты.…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Сарыағаш ауданында екі жасөспірім отшашуды ересектердің бақылауынсыз қолданған. Нәтижесінде олар әртүрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда балалардың өміріне қауіп жоқ, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне аса көңіл бөлуге шақырады.    

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қазақша сөйлеуден бас тартқан мейрамхана әкімшісіне айыппұл салындыҚазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тарту фактісімен байланысты жанжал сотта қаралып, тараптарға әкімшілік жаза қолданылды. Полицияның мәліметінше, оқиға барысында эмоцияға берілген екі тарап арасында жанжал туындап, нәтижесінде бір-біріне жеңіл күш қолдану дерегі тіркелген. Оқиға орнында құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, материалдар сотқа жолданған. Сот шешімімен жанжалға қатысқан тараптардың әрқайсысы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тұтынушыларға қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілде қызмет көрсету — міндет. Бұл оқиға қоғамда мемлекеттік тілдің мәртебесі мен тұтынушы құқықтарының…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат 2025 жылғы 25 желтоқсанда жарияланды. Жарлыққа сәйкес, Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін даңқты қолбасшы, әскери стратег, жазушы Бауыржан Момышұлына ең жоғары мемлекеттік наградалардың бірі — «Халық қаһарманы» атағы берілді. Сондай-ақ, қаулыда Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын делінген. Бауыржан Момышұлы — қазақ халқының ерлігі мен рухының символы, Мәскеу түбіндегі шайқастарда ерекше көзге түскен батыр, кейінгі ұрпаққа әскери-патриоттық мұра қалдырған бірегей тұлға. Бұл шешім қоғамда тарихи әділдіктің салтанат құруы ретінде қабылданып, батырдың ерлігіне көрсетілген зор құрмет болды. «Кеше Бауыржан Момышұлының…

Read More

ФАО ұйымдастырған халықаралық кеңесте пестицидтердің адам денсаулығына ықпалы, сондай-ақ химиялық улануға ден қоюдың ұлттық жүйелерін жетілдіру жолдары талқыланды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бастамасымен өткен халықаралық кеңес барысында пестицидтерді қолдану салдарынан туындайтын қауіптер мен химиялық уланулардың алдын алу тетіктері күн тәртібіне шығарылды. Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Венгрия, Швейцария және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты. Кездесу аясында қатысушылар пестицидтерді пайдалану кезінде тәуекелдерді төмендетудің заманауи тәсілдерін қарастырып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мен токсикологиялық көмекті дамыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Қазақстан атынан Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Иргибаев сөз сөйлеп, Орталық Азия елдері арасында алғашқылардың…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Алматы қаласында метроның жаңа желілерін салу барысында шетелдік мердігер ұйымдарды тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Асхат Сәдуов мәлімдеді. Оның айтуынша, мегаполистегі көлік жүктемесін азайту және қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту үшін метро желісін кеңейту – басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты күрделі инженерлік жобаларды жүзеге асыруда халықаралық тәжірибесі бар компаниялардың әлеуетін пайдалану жоспарланып отыр. — Метро құрылысы – жоғары технологияны, нақты есеп пен үлкен тәжірибені талап ететін сала. Сондықтан жаңа желілерді салу кезінде шетелдік мердігерлерді тарту мәселесі қарастырылуда, — деді Асхат Сәдуов. Мамандардың пікірінше, халықаралық компаниялардың қатысуы құрылыс сапасын арттырып қана қоймай, заманауи технологияларды енгізуге…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Аты аңызға айналған америкалық боксшы, бірнеше салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Рой Джонс кіші қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының шеберлігіне жоғары баға берді. WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір айтқан Рой Джонс оны қазіргі дивизиондағы ең мықты боксшы деп атады. — Жәнібек – орта салмақтағы ең үздік боксшы. Ол әлемдік деңгейде өз мүмкіндігін әлі де дәлелдей түсуі керек. Бұл — уақыт еншісіндегі дүние, — деді америкалық боксшы. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингте жеңіліп көрмеген. Ол техникалық дайындығы, соққысының дәлдігі мен тактикалық сауаттылығы арқылы халықаралық сарапшылардың назарын аударды. Көптеген бокс мамандары қазақстандық…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, танымал пианист әрі композитор Серік Еркімбековтің «Өмір желі» атты авторлық концерті өтті. Шығармашылық кеш Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында болды. Концерт барысында композитордың көпжылдық шығармашылық жолын айқындайтын таңдаулы туындылары көрермен назарына ұсынылды. Бағдарламаға «Өмір желі», «Гауһар», «Жер-Аспан», «Алтын-арқа», «Анаға арнау», «Дархан дала» шығармалары мен опералардан алынған үзінділер енді. Сонымен бірге халық әндері орындалып, ұлттық билер көрсетілді. Академиялық музыка мен дәстүрлі өнердің үйлесімі көрерменге ерекше әсер берді. Бұл мәдени шара мемлекет және музыка өнерінің көрнекті өкілі Жексембек Еркімбековтің 95 жылдық мерейтойына арналды. Кеш барысында сахна төріне бірқатар танымал…

Read More