STEPPENEWS.KZ: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Елшісі Алешка Симкичпен кездесті. Кездесу 2025 жылғы 2 желтоқсанда Брюссель қаласында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында жеңілдетілген визалық режим және реадмиссия туралы келісімдер жасасу жөніндегі келіссөздердің ресми түрде басталуына арналды. Кездесу барысында тараптар келіссөздердің басталуы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара сенім деңгейінің артқанын білдіретінін атап өтті. Сонымен қатар бұл қадам азаматтардың жүріп-тұру мүмкіндіктерін кеңейтуге, мобильдігін арттыруға, сондай-ақ гуманитарлық және қоғамдық байланыстарды нығайтуға бағытталғаны айтылды. Аталған бастама Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы осындай форматтағы алғашқы келіссөздер екенін атап өткен тараптар оған ерекше, тарихи мән берді. Тараптардың уағдаластығына сәйкес,…
Автор: Saya
STEPPENEWS.KZ: 2025 жылы мемлекеттік қолдау аясында түсірілген «Qaitadan» фильмі қазақстандық киноиндустриядағы ең табысты жобалардың біріне айналды. Картина прокатта 1 миллиард теңгеден астам табыс жинап, мемлекет тарапынан жұмсалған қаражатты толық өтеп қана қоймай, оны бес есеге арттырды. Бұл нәтиже мемлекеттік қолдаудың тиімділігін көрсетіп, көрерменнің отандық киноға деген сенімін күшейтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кинематография туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұсынылып отырған түзетулер фильмдерді прокатқа дейінгі сараптау тетіктерін жетілдіруге және ұлттық киноның сапасын арттыруға бағытталған. Жылдың маңызды оқиғаларының бірі – «Қазақфильм» киностудиясына мемлекеттік қолдаудың қайта жандануы болды. Бүгінде студия қазақ киносының Алтын қорын қалпына…
STEPPENEWS.KZ: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандыру жарналары есептелетін табыстың ең жоғары шегі ұлғаяды. Бұл өзгеріс жүйенің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Аталған жаңашылдыққа QazaqExpertClub денсаулық сақтау саласының сарапшысы Гүлнафис Жүсіпалиева пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл бастама ең алдымен табысы жоғары азаматтарға әсер етеді. Сарапшының мәлімдеуінше, қызметкерлердің шамамен 91 пайызы үшін ешқандай өзгеріс болмайды — олардың төлейтін жарналары бұрынғы деңгейде қалады. «Бұл қадам МӘМС жүйесінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Өйткені емдеу, диагностика және дәрі-дәрмекке жұмсалатын шығын жыл сайын өсіп келеді», — дейді ол. Гүлнафис Жүсіпалиева сақтандыру жарналарының мөлшерлемесі…
STEPPENEWS.KZ: Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ішкі істер министрлігі республика аумағында «Құқықтық тәртіп», «Шырша» және «Пиротехника» атты жедел алдын алу шараларын жүзеге асыруда. Аталған іс-шаралар 20 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында өтеді және мереке күндерінің тыныш, қауіпсіз әрі төтенше жағдайларсыз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі мақсат — қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін күшейту. Әрбір азаматтың жаңа жылды отбасымен, көшеде немесе мерекелік алаңдарда қауіпсіз жағдайда қарсы алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Осы мақсатта полиция қызметкерлері өзге де тиісті мекемелермен бірлесіп, көшелерде, аулаларда, сауда орындары мен адам көп шоғырланатын аймақтарда патрульдеуді күшейтті. Сонымен қатар алдын алу және түсіндіру…
STEPPENEWS: «Руың кім?» фильміне байланысты болған даудан кейін «Tiger Films» кинокомпаниясы кино өндірісін тоқтатты. Бұл туралы студия продюсері Алмат Шадмат ресми түрде мәлімдеді. Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтың сынынан кейін «Руың кім?» киносы прокаттан алынған. Депутат өз сөзінде: «Бұл не деген бассыздық? Біртұтас мемлекет идеясы қайда? Қазақтың руларын салыстыратын, кемсітетін фильмдердің мақсаты қандай? Ол ұлт үшін ең сезімтал тақырыпты айқайлатып, әлеуметтік контент кино тақырыбына айналдырып көрермен жинау түбі бұл жақсылыққа әкелмейді. Творчестволық бостандық қажет. Бірақ творчестволық бостандық мына алай-дүлей заманда ұлттың бірлігін бұзып, мемлекеттіліктің тамырын қиюға қабілетті деңгейге шықпауы тиіс» деген еді. Депутаттың пікірінен кейін бірнеше күн өткен соң…
STEPPENEWS.KZ: ММА өкілі әрі актер Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өткен жекпе-жекте өзбекстандық файтер Тимур Никулинді айқын басымдықпен жеңді. Кездесу ұзаққа созылған жоқ. Қазақстандық спортшы айқастың алғашқы минутында-ақ қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңісті мерзімінен бұрын тіркеді. Аталған жекпе-жек Еркебұлан Тоқтардың кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі ретінде тарихқа енді. Айта кету керек, спортшы 2025 жылы OCTAGON лигасында жоғары деңгейдегі нәтижелер көрсетіп жүр. Ол ұйым аясында өткізген барлық айқастарын нокаутпен аяқтаған. Ақпан айында тәжікстандық Камариддин Хасановты (Камил Карате) төртінші раундта жеңіп, BMF белбеуін иеленсе, тамызда ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта ұрып түсіріп, өзінің мықты формада екенін тағы бір дәлелдеді.
Ұлы Жібек жолы тарихында Қазақстан әрдайым өркениеттерді байланыстыратын көпір болған. Бүгінде, ғасырлар өткен соң, ол әлемдік туризм картасындағы маңызды жерге қайта айналып отыр. Қазақстан мен Қытай арасындағы визалық талаптарды алып тастау туралы шешім тек әкімшілік шара ғана емес, екіжақты саяхат динамикасын қайта қалпына келтірген тарихи акт болды. Болып жатқан өзгерістердің ауқымын түсіну үшін біз Қазақстанның туристік қауымдастығының директоры Рашида Шәйкеновамен жүздестік. Ол келтірген әсерлі статистикалық деректердің ар жағында терең трансформация жатыр: іскерлік қызығушылық пен шопингке негізделген қатынастардан қазақстан-қытай туризмі көпқырлы мәдени диалогқа ұласып келеді. Экономикалық және әлеуметтік катализатор ретіндегі визасыз сапар: өркендеудің құрылымы 2024 жылы Қазақстанға келетін кірмелік туризмнің жалпы…
STEPPENEWS.KZ: Қазақстан жазғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жүлде саны бойынша тарихи көрсеткішке жетті. Ел спортшылары жалпы 32 медаль жеңіп алып, ұлттық құрама үшін бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. 2025 жылғы әлем чемпионаттарының қорытындысы бойынша Азия елдері арасында жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы айқын көш бастады. Қытай спортшылары 42 алтынды қоса алғанда 120 медаль жеңіп алса, Жапония 22 алтынмен жалпы 67 жүлдемен екінші орынға шықты. Оңтүстік Корея 14 алтын, 46 медальмен үздік үштікті түйіндеді. Ал, Қазақстан болса Азия құрлығында төртінші орынға табан тіреді. Ел спортшылары 11 әлем чемпионатында 32 жүлде, оның ішінде 14 алтын медаль иеленіп, құрлықтағы жетекші спорт державаларының бірі…
STEPPENEWS.KZ: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев көз жұмды»-деп хабарлады ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі. Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев — қазақ киносының ерекше тұлғасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, сценарист және драматург. Әріптестері мен журналистер оны ондаған жыл бойы бір ғана кейіпкер — Қожамен байланыстырып келгенін Нұрлан Санжарұлының өзі талай мәрте өкінішпен айтқан. Оның сөзінше, жұрттың бәрі оны тек «Қожа» деп таниды, кез келген қоңырау сол рөлден басталады. Ал бұл бейне оның алдын ала армандап, саналы түрде таңдаған образы болмаған, тағдырдың тосын сыйы ретінде келген. Сонымен қатар ол шығармашылық жолының бір ғана рөлмен шектеліп қалуына…
STEPPENEWS.KZ: Алматыда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін мазмұнды да көңілді мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шаралар қаланың басты алаңдары мен мәдени орындарында өтеді. 26 желтоқсан күні сағат 19:00-де Абай алаңында «Алматы әуендері» шығармашылық ұжымы «Кел, Жаңа жыл!» атты мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынады. Кеш барысында отандық эстраданың танымал орындаушылары — Дәлел Уәшев, Өктем Алтаев, Димаш Дәулетов, Тахмина Әшімбекова, «Музарт life» тобы, Ерік Төленов, Асхат Тарғын, Лара Рысбай, DARO, Інжу Әнуарбек, Ғарифа Игісінова, Бейбітгүл Нұрымхожина және Абик Жексен көпшілікке сүйікті әндерін орындайды. Бағдарлама барлық жастағы көрерменге арналған. 27–28 желтоқсан күндері сағат 18:30-дан 20:00-ге дейін Абай алаңында жаңа жылдық гала-концерт…