Тұңғыш президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысының Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты түсіндірме берді. Ол өз сөзінде соңғы уақытта БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты әртүрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратылып жатқанын айтты. «Осыған орай ресми түсініктеме беруді жөн деп санаймын: сәуір айынан бері Сара Алпысқызы Назарбаева Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде жоспарлы ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай, отандық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуда. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Алпысқызының есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайымдар таратуға жол бермеуге шақырамын. Мәліметтерді…
Автор: qaztimes
Астана қаласындағы Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Әділхан Аэлита әлемдегі ең беделді ғылыми ұйымдардың бірі – Нью-Йорк ғылым академиясының халықаралық Junior Academy бағдарламасына қабылданды. Бұл – жыл сайын мыңдаған дарынды оқушы қатысуға өтініш беретін жоғары бәсекелі бағдарлама. Астана әкімдігінің мәліметінше, биыл Қазақстаннан бар болғаны 5 оқушы ғана іріктеуден өтті. Junior Academy бағдарламасы жас ғалымдарды біріктіріп, оларға биотехнология, инженерия және тұрақты даму салаларындағы өзекті мәселелер бойынша халықаралық ғылыми топтарда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қатысушылар Нью-Йорктегі жетекші профессорлармен бірлесіп зерттеу жобаларын жүзеге асырады, ал үздік жұмыстар арнайы байқауда таныстырылады. Аэлита бұл бағдарламаға ағылшын тілін меңгеру деңгейі, академиялық жетістіктері, ғылымға деген…
Құлағы естімейтін такси жүргізушісін мазақтап, видео түсірген блогерді полиция бөлімшесіне алып кетті. Оған түсіндіру жұмысы жүргізілген. «Әлеуметтік желілерде 15 қазан күні блогердің мылқау такси жүргізушісіне құрметсіздік танытқан бейнежазбасы таралды. Алмалы аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері бейнежазба авторының жеке басын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді. Қыз балаға қатысты түсіндіру және алдын алу әңгімесі жүргізілді, оның мақсаты – мұндай әрекеттердің қайталануына жол бермеу. Ол өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді», — делінген хабарламада. Еске салайық, Нұрила Аманбаева такси жүргізушісін рұқсатсыз камераға түсірген. Кішкентай баласына шулауға рұқсат беріп, өлең айтқан. Видеоға «құлағы нашар еститін таксиге отырғанда» деген жазба қалдырған. Әлеуметтік желі қолданушыларының сын-ескертпелерінен кейін…
Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Садовое ауылында парақорлардан қайтарылған ақшаға орталықтандырылған ауызсу жүйесі салынды. Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов, Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин, аудан прокуроры Асқар Дастан және ауыл тұрғындары қатысты. Облыс прокуроры Руфат Құттықов ауыл тұрғындарын жаңа су құбыры желісінің аяқталуымен құттықтап, бұл тек бір нысанның іске қосылуы ғана емес, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Орталықтандырылған су жүйесінің іске қосылуы Садовое ауылындағы 1 500-ден астам тұрғынды сапалы ауызсумен қамтамасыз етіп, жайлы өмір сүру жағдайларын жасайды және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды мемлекет төлейтін 15 санаттағы адамдар бар. Яғни, бұл адамдар мемлекеттік емханалар мен ауруханаларда тегін қаралуға құқылы, деп жазады Azattyq Rýhy. Редакция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі бірқатар өзгерістер туралы денсаулық сақтау министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдаған болатын. Министрліктің хабарлауынша, МӘМС туралы Заңның 26-бабы 1-тармағына сай, мына 15 түрлі категориядағы азаматтар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Ол тізімге мыналар жатады: балалар; жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар; жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі); жүктілікке және босануға, жаңа туған…
Шығыс Қазақстан облысында экология департаментінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды агенттігіне Yk.kz сайтына сілтеме жасап. 62 жастағы Мамай Бұтабаев 8,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл – соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық үшін сотталған аталған ведомствоның үшінші басшысы. Сот дерегінше, Бұтабаев 2024 жылдың жазында құрылыс компаниясы өкілінен 8,5 миллион теңге алған сәтінде ұсталған. Тергеу бұл әрекетті ірі көлемде пара алу деп бағалаған. Сот барысында бұрынғы басшы өз кінәсін мойындамаған, айыптауды дәлелдейтін нақты деректер жоқ деп мәлімдеген. Алайда сот оны кінәлі деп таныды. Сонымен қатар, пара беру және…
92 жастағы дәрігер Джон Левин 37 жастағы жұбайы Яньин Лудан бала сүйді. Былтыр олардың Гэбби атты ұлы дүниеге келген. Австралиялық жұп тағы да сәбилі болуға ниетті, деп хабарлайды news.com.au басылымына сілтеме жасап. Гэбби ЭКО арқылы туған, Джон Левиннің үшінші баласы. Ал үлкен ұлы Грег 65 жасында ауырып қайтыс болған. Ұзақ жыл бірге тұрған әйелінің өлімінен кейін қария қытай тілін үйрену үшін Яньин Лудан сабақ ала бастаған. Осылай табысып кеткен ерлі-зайыпты 2024 жылы Лас-Вегаста неке қиған. Лудың сөзінше, күйеуін көп адам Гэббидің атасы деп қабылдайды. «Әкесі екенін айтып түсіндіргенде, адамдар таңданысын жасырмайды. Бастысы біз таңдауымызға өкінбейміз, ал басқалардың сезіміне жауап бере…
«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2025 жылғы қараша-2026 жылғы наурыз аралығына консультативтік маусымдық ауа райы болжамы жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, 2025 жылғы қарашада Қазақстанның басым бөлігінде көбінесе қар түріндегі жауын-шашын болады деп болжанып отыр. Оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда қар аралас жаңбыр болады деп күтіледі. Қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман бір ай ішінде көбінесе елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында болуы мүмкін. Қараша айы Қараша айында ауа температурасының ауытқуы жиі байқалады, яғни «температуралық құбылулар» күтіледі: Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде 2-7 градус аяздан 0-5 градус жылыға дейін, күндіз 2-7 градус жылыдан 5-10 жылыға дейін жоғарылауы күтіледі, онкүндіктің…
Арменияның апелляциялық қылмыстық соты қарулы топтың командирі Ашот Минасянды заңсыз қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алу, сақтау және тасымалдау дерегі бойынша бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Апелляциялық сот бірінші инстанция сотының шартты түрде 1 жыл 10 айға бас бостандығынан айыру туралы шешімін жойып, сол мерзімге колонияда өтеу жазасын тағайындады. Еске салайық, Ашот Минасян 2020 жылғы 14 қарашада Армения премьер-министрі Никол Пашинянға қастандық жасауға дайындалу ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталған болатын. Тергеу мәліметінше, оның үйінен үлкен көлемде қару мен оқ-дәрі табылған. Сонымен қатар, тергеу органдары телефон әңгімелерінің жазбасын жариялап, онда Минасянның қастандық жоспары туралы талқылағаны болжанған. Бұл іс…
Абай облысының тұрғыны ұялы телефонын жоғалтамын деп жарты миллион теңгеден астам ақшасынан қоса айырылды. Ақшасын ұрлады деген күдік телефонын тауып алған ауылдасына түсті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, Аягөз аудандық полиция бөліміне 62 жастағы тұрғын белгісіз адамның оның банктік шоттарындағы ақшасын заңсыз аударып алғаны туралы арызбен жүгінген. Тексеру барысында жәбірленушінің ұялы телефоны арқылы банк қосымшаларына кіріп, жалпы сомасы 574 мың теңге көлеміндегі қаражаттың аударылып кеткені анықталған. «Аудандық криминалдық полиция мен учаскелік инспектордың үйлесімді жұмысының нәтижесінде қылмысқа күдікті – Аягөз ауданының 25 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу кезінде ол өз кінәсін толық мойындады. Белгілі болғандай, жәбірленуші…