Автор: qaztimes

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға, оларды барынша қорғауға және жан-жақты қолдауға әрдайым баса мән беріп келеді. Осы орайда «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Әйел аманаты» бастамасын іске асыруда. Бұл жоба түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді әрі жауапкершілігі жоғары әйелдерді біріктіріп, ел дамуына үлес қосуға бағытталған ортақ ынтымақтастық алаңын қалыптастырады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байкент ауылында «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының «Әйел аманаты» бастамасымен кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты. Олар – депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, өзге де саланың үздік мамандары және көпбалалы…

Read More

Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғам мен мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Соңғы уақытта ата-аналар арасында балабақшалардағы тамақ сапасы мен қауіпсіздік мәселелері жиі талқыланып келеді. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы Жетісу облысында нақты шара қабылдады, партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Партияның облыстық филиалы Білім басқармасымен бірлесіп, арнайы «Қоғамдық бақылау» штабын құрды. Оның құрамына депутаттар, қоғамдық кеңес өкілдері, ата-аналар комитеті, «Атамекен» палатасы мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері енген. Штабтың басты мақсаты – балабақшалар мен мектептердегі тамақтану сапасын, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын және балалардың қауіпсіздігін бақылау. Алғашқы мониторинг жұмыстары Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында басталып, қазір Талдықорған қаласы, Алакөл, Ақсу, Сарқан, Қаратал,…

Read More

Берн қаласында Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігі мен Швейцарияның Ақшаны жылыстатуға қарсы есептілік басқармасы (MROS) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат қаржы барлау органдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, күмәнді операциялар мен виртуалды активтерге қатысты ақпарат алмасу тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Қазақстан мен Швейцария қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл және экономикалық қылмыстармен күрес саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде. Швейцария прокуратурасымен өткен кездесуде қылмыстық активтерді іздестіру және оларды кеңейтілген тәркілеуге тарту бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Швейцарияның Федералдық полиция өкілдерімен экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл және бірлескен қаржылық тергеулердің тиімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас хатшысы Серхио Мухиканы қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық стандарттау ұйымы жаһандық сауда, инновация мен орнықты дамудың негізін қалыптастыратын беделді институт екеніне тоқталды. Президент Қазақстанның ISO-мен бірге цифрлық трансформация, орнықты даму және цифрландыру секілді салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға әлеуеті мол екенін жеткізді. Бас хатшы Серхио Мухика ұлттық стандарттау жүйесі мен цифрлық технологияны дамыту бағытындағы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, еліміздің ұйым қызметіне белсенді қатысатынын және халықаралық стандарттарды енгізуге әзір екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серхио Мухика табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жұмыстардың жаңа бағыттарын дамытуға өзара ниет…

Read More

Қызылорда облысында бір топ жасөспірім дәретханада соққыға жыққан 10-сынып оқушысының жағдайына қатысты тың ақпарат жарияланды. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Белгілі болғандай, қазір соққыға жығылған мектеп оқушысы ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты. «Зардап шеккен баланың анасымен байланыс орнатты. Отбасыға психологиялық және құқықтық көмек ұсынылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мектеп қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды», – делінген комитет таратқан хабарламада.

Read More

Газа секторында екі жылға жуық үздіксіз атқылаудан кейін кемінде 20 мың жарылмаған снаряд, мина мен бомба қалған. Бұл туралы аймақ әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy. Пресс-қызмет өкілі атап өткендей, жарылыс қаупі бар оқ-дәрілер тұрғын үйлердің қирандылары мен көшелердің қоқыс астында жатыр. Оның айтуынша, бұл снарядтар жергілікті тұрғындар мен құтқару жұмыстарымен айналысатын мамандар үшін зор қауіп төндіреді. «Қирандыларды тазаламас бұрын, Газа секторының барлық елді мекендерінде инженерлік-саперлік барлау жүргізу қажет, өйткені жарылмаған снарядтардың орналасқан жері нақты белгісіз», – деді баспасөз қызметінің өкілі. Әкімшілік мәліметінше, қазіргі уақытта аймақта 65–70 миллион тонна құрылыс қалдығы мен қирандылар бар. Оған тұрғын үйлердің,…

Read More

Атырауда Привокзальный шағын ауданындағы пәтерге шақыртумен барған учаскелік инспекторды мас әйел пышақтап тастады. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Атырау қаласының Привокзальный шағын ауданындағы үйлердің бірінде 16 қазан күні сағат 20:50 шамасында болған отбасылық жанжал – қоғамдық тәртіпті бұзу туралы хабарлама бойынша екі учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына барған. Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерді қорғау жөніндегі өз міндеттерін атқару барысында әрекет етті. Құқық бұзушы ер адамды полиция бөліміне жеткізу кезінде пәтерде болған оның әйелі – мас күйінде – кенеттен учаскелік инспекторлардың бірінің арқа тұсына ас үй пышағымен жарақат салған. Әріптесінің кәсіби және жедел әрекетінің арқасында шабуылдың жолы кесілді. Жарақат алған полиция қызметкері…

Read More

Жамбыл облысындағы мектептерде әлімжеттік көрсету оқушылардың күнделікті ісіне айналып кеткен. Жасөспірімдер электрошокер, кастет ұстап жүреді, қатарластарын бопсалайды, ұрып-соғады. Бұл туралы мәліметті Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жария етті. Уәкіл жақында мемлекеттік органдармен бірлесіп балалардың құқығының бұзылуы, зорлық-зомбылық, буллинг, суицид және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша зерттеу жүргізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. «Шу ауданындағы мектептерде қыздар сексуалдық зорлық-зомбылыққа тап боламын деген қорқынышпен өмір сүреді. Қордай ауданындағы 5, 7, 9-сынып оқушыларының айтуынша, жоғары сыныптың оқушылары оларға тамақ, сусын алғызады. Тас лақтырып, соққыға алатынын, қыздардың бір-бір бірінің шашын жұлатынын айтты. Кейбір мектептерде оқушылар мұғалімдердің қол көтеретінін, зат лақтыратынын, буллинг…

Read More

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол еліміздің Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген. Күдікті «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған. Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген. Айта кетейік, бұған дейін қылмысты жүзеге асырушылар да қамауға алынған болатын.

Read More