Павлодар облысында Солнечный ауылынан аңшылыққа кеткен ағайынды екі ер адам жоғалып кетті. Pavon.kz мәліметінше, Вячеслав және Николай Лукьянцевтерді іздеу жұмысы «Vita» еріктілер тобының көмегімен жүргізілуде. «Қарағанды тасжолының бойында екі аңшы жоғалып кетті. 10 қазан күні олар Солнечный ауылынан S494VSM нөмірлі Lada Niva көлігімен аңшылыққа шыққан. Өздерімен қайығы болған. 14 қазаннан бері олармен байланыс үзілген, телефон нөмірлері сөндірулі. Екеуі де хаки түсті киім киген», – делінген хабарламада. Қазіргі уақытта ер адамдарды полиция мен еріктілер іздестіруде.
Автор: qaztimes
Қазақстанның ерлер құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде өз позициясын жақсартты, деп ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап. Рейтинг ұлттық құрамалардың соңғы ойындарының нәтижесі бойынша жаңартылды. Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында қазан айында екі кездесу өткізді: өз алаңында Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, сырт алаңда Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті. Жаңартылған кестеде Қазақстан үш сатыға көтеріліп, 115-орынды иеленді. Құраманың рейтингтегі көршілері – Ливия мен Намибия. Бұл – 2025 жылы ұлттық құраманың алғаш рет рейтингте жоғарылауы. Осыған дейін команда өткен жылдың қазан айында 109-орыннан 107-орынға көтерілген еді. ФИФА рейтингінде Испания көш бастап тұр. Әлем чемпионы Аргентина Францияны…
Жамбыл облыстық сотының хабарлауынша, университеттің бітіруші түлекті мемлекеттік грант бойынша үш жылдық міндетті жұмыс істеуден босату туралы шешімі заңсыз деп танылды, деп жазады Azattyq Rýhy. Сот шешімі Істі Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қарады. Талап арызды «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы университетке қарсы беріп, комиссия шешімін заңсыз деп тануды және оның күшін жоюды сұраған. Талапкер бюджет қаражаты есебінен оқыған азаматтардың міндетті еңбек өтеуін немесе жұмсалған қаражатты қайтаруын бақылауға жауапты орган болып саналады. Мәселенің мәні 2014 жылдың тамызында студентке «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім гранты берілген. Осы грант аясында республикалық бюджеттен университет шотына оқу ақысының шығынын өтеу үшін 1,7…
Жамбыл облысының Меркі аудандық соты қарызға батқан мұғалімнің төлем қабілетін қалпына келтіру туралы арызын қанағаттандырды. «Сот хроникасы» медиа-жобасының 27-ші шығарылымында хабарланғандай, физика пәнінің мұғалімінің бес банк алдында жалпы сомасы 14 миллион теңгеден астам тұтынушылық несие бойынша берешегі болған. Іс материалдарына сәйкес, ол соңғы 16 жыл бойы өз баспанасынсыз, жалдамалы пәтерде кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеп келеді. Оның ай сайынғы несие төлемдері 500 мың теңгеден асып, ал орташа айлық шығыстары 170 мың теңге шамасында болған. Қиын қаржылық жағдайға тап болған мұғалім соттан ай сайынғы төлемдердің мөлшерін азайта отырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын құруға мүмкіндік беруді сұраған. Бес банктің төртеуі талапты қанағаттандырмауды…
Соңғы бір жарым жыл ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Алғашқы буын медицинасын реформалау Ведомство мәліметінше, жаңартулардың басты мақсаты – дәрігерлердің жұмыс тиімділігін арттыру және емханалар мен амбулаториялар деңгейінде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту. Реформаның негізгі бағыты – алғашқы буын медицина қызметкерлерінің ынтасын арттыру, олардың біліктілігін көтеру және ауруларды ерте диагностикалауға қызығушылығын күшейту. Дәрігерлерге арналған жаңа ынталандыру жүйесі Медицина қызметкерлеріне қосымша сыйақы жүйесі енгізілді: 5 АЕК-ке дейінгі бонус – онкологиялық және туберкулез ауруларын ерте анықтағаны үшін; Ынталандыру компонентінің көлемі екі есе арттырылды; Тоқсан сайын 2 млн теңгеге дейінгі…
Успен ауданында шенеунік полиция бөлімінде түсіндіру жүргізбек болып, өз эмоциясын ұстай алмай қалды. Нәтижесінде ол айыппұл төлеп, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері департаментінің этика кеңесінде қаралды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Irbistv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Этика кеңесінде Новопокров ауылдық округінің әкімі Вячеслав Симоненко өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ауылда жас жігіттер күндіз-түні мотоцикл айдап, тұрғындардың мазасын алады. Сол себепті жергілікті халықтан жиі шағым түседі. Тамыз айында полицейлермен бірлескен рейд кезінде бірнеше жүргізуші ұсталған, бірақ біреуі қашып кеткен. Екі күннен кейін оны тауып, полиция бөлімшесіне жеткізген. Сол жерге ауыл әкімі де шақырылған. «Мен тек түсіндіру әңгімесін өткізгім келген. Бейнебақылау камераларында оның кінәсі…
Кәсіби бокстан бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақтан әлем чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен кездесті. Кездесу барысында түсірілген суретті Геннадийдің бауыры Максим Головкин Instagram парақшасында жариялады. Суретке GGG, Хабиб және Eagle FC промоушенінің басшысы Шамиль Завуров бірге түскен. Айта кетейік, бүгінде Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті қызметін атқарады және әлемдік әуесқой боксты қадағалайтын World Boxing халықаралық ұйымының олимпиадалық комиссиясын басқарады.
Қарағандыда 34 адамды алдап, 52 млн теңгені иемденген әйел қамалды. Ол туристік фирма ашып, жалған тур сатқан. Дереккөзге сүйенсек, полицияға 53 жастағы азаматша келіп, арыз жазған. Ол шетелге демалысқа бару үшін турагенттікке 900 мың теңге төлепті. Алайда, ақшасын сеніп тапсырған адам алаяқ болып шықты. «Полиция осы әйелдің арызын қарай келе дәл осы туристік агенттікке алданған тағы 34 адам бар екенін анықтаған. Жалпы, залал мөлшері 52 млн теңге. Ұсталған әйел теңгенің құлдырауына байланысты тур сатып ала алмағанын айтып, ақталмақ болды. Алайда, залалдың мөлшерін ескерген полиция оны қамауда ұстауды жөн көрді», — деп хабарлайды полиция.
Ақтөбеде 34 жастағы дәрігерге қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Ол 69 жастағы нефролог Абай Айсағалиевті өлтірді деп айыпталып отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ, бірақ кешірім сұрады Айыпталушы алқабилерге өз нұсқасын айтып берді. Ол болған оқиға үшін марқұмның туыстарынан кешірім сұрады. Тергеп-сұрау екі сағаттан астам уақытқа созылды. Бұл аралықта ол өзін нашар сезінгенін айтып, екі рет үзіліс сұраған. Тіпті жедел жәрдем де шақырылған, алайда дәрігерлер оның сотқа қатысуына денсаулығы жарамды екенін анықтады. Айыпталушының айтуынша, оның нефрологпен арақатынасы жақсы болған. Абай Айсағалиев жиі елордаға емделуге кетіп, әріптесінен пәтерін…
Ақмола облысында ауыр қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген адамдар ұсталды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 15-16 қазан аралығында «Іздеу» жедел алдын алу шарасы өткізілген. Оның мақсаты – халықаралық және мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдардың жүрген жерін анықтау. Операция барысында полицейлер 18 адамды тапқан, олардың үшеуі хабар-ошарсыз кеткендер болса, қалғаны – түрлі қылмыстық істердің фигуранттары. Арасында кісі өлтіру, қарақшылық, есірткі айналымы және ұрлық істері бойынша іздеуде жүргендер бар. Кейбірі шетелдік құқық қорғау органдарының және Интерполдың халықаралық базасында болған. Барлық анықталған азаматтар тиісті аумақтық полиция бөлімшелеріне жеткізілді.