Автор: qaztimes

Қостанай қаласының прокуратурасы «АБЗ плюс» ЖШС жалға алған, кадастрлық құны 1,2 млрд теңге болатын 57 гектарға жуық жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Аталған жер учаскесі коммерциялық аймақ объектілеріне қызмет көрсету үшін берілген болатын. Алайда жүргізілген талдау барысында жерді беру кезінде өрескел заң бұзылғаны анықталған екен. «Прокуратура жер учаскесінің міндетті аукцион өткізбестен берілгенін, сондай-ақ санитарлық-қорғау нормаларының бұзылғанын анықтады. Бұдан бөлек, жердің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны белгілі болды», — деп хабарлайды құзырлы органның баспасөз қызметі.  Осылайша, прокуратура сот арқылы қаланың ішіндегі үлкен жерді мемлекет меншігіне қайтарып берді.

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жоғары білім мен университеттегі ғылыми ізденістерге бизнес те белсенді үлес қоса бастағанын мәлімдеді. «Мәселен, компанияларымыздың бірі Тараз қаласында Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің филиалын ашуға қаржы бөлді. Тағы бір компания шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік аясында тау-кен саласына маманданған университет ашпақ. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (МГИМО) Астана филиалының қызметіне зор үміт артамыз. Танымал жоғары оқу орнына арнап бөлек ғимарат салынады. Соңғы жылдары Қазақстанның ірі бизнес өкілдері жоғары білім мен ғылымға көбірек қолдау көрсете бастады. Зерттеушілер мен өндіріс ошақтарының ықпалдастық жүйесі қалыптасып келеді. Жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда технологиялық трансфер кеңселерін құру осы…

Read More

Қазақстанның әскери оқу орындарына соңғы жылдары елеулі өзгерістер енгізілді. Армияның заманауи талаптарын ескере отырып, жаңа мамандықтар ашылып, курсанттар енді дәстүрлі дайындықпен қатар ақпараттық қауіпсіздік, криптология, радиоэлектрондық барлау, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, логистика және әскери құрылыс салаларында білім ала алады. Полковник Мұрат Олжабаевтың айтуынша, саладағы өзгерістердің арқасында курсанттардың теориялық дайындықпен бірге практикалық қабілеттері де дамиды. «Бүгінгі әскери білім тек теорияға негізделмей, нақты практикалық машықтарды дамытуға бағытталған. Курсанттарымыз «Айбалта», «Жауынгерлік достастық», «Қаратау» және «Өзара іс-қимыл» сияқты оқу-жаттығуларға қатысып, заманауи армияның талаптарына сай шыңдалады», — деді полковник Мұрат Олжабаев. Жаңа мамандықтар мен заманауи бағдарламалар Қазақстандағы еліміздің қауіпсіздігін нығайтып, жастардың кәсіби әлеуетін арттыруға үлкен…

Read More

Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады. Полиция Орталық стадиондағы концерттің алдында қауіпсіздік шараларын күшейткен. Нақтырақ айтсақ, кептелістің алдын алу үшін бірнеше көше жабылатын болды. «Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кептелістің алдын алу үшін Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі», — деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі. Концерт бүгін, 31 қазан күні кешке болады.

Read More

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ақтауда тұратын он баланың анасына қатысты істі қарап, шешім шығарды. Соттың мәліметінше, 17 жастағы оқушы қыздың сатушы болып жұмыс істегенін анықтаған инспектор оның анасына айыппұл салған. Әйел адам қаулымен келіспей, сотқа жүгініп, инспектордың әрекетін заңсыз деп тануды сұраған. «Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі қарай келе, келесі мән-жайларды анықтады: инспектор кәмелетке толмаған қызды еңбек шартының жоқтығына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюға мәжбүрлеген; жеке кәсіпкер мен талап қоюшының қызы арасында іс жүзінде консультант ретінде жұмысқа қабылдау туралы шарт жасалған, ол сотқа ұсынылған; жұмыс беруші мен…

Read More

Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы «Юность» шағын ауданында салынып жатқан жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылыс барысымен танысты, Абай облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Демалыс орнының құрылысы екі кезеңмен жүзеге асырылуда. Қоғамдық кеңістіктің жалпы ұзындығы 1 шақырымнан асады, аумағы 52 620 шаршы метрді құрайды. Көгалдандыру жұмыстары аясында 355 қылқан жапырақты, 788 жапырақты ағаш, 8484 сәндік бұта және 27 408 көпжылдық гүл отырғызу жоспарланған. Қоғамдық кеңістік аумағында кіші сәулет нысандары, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарық бағандары орнатылады. Сондай-ақ, футбол, баскетбол, Workout және балалар ойын алаңдары, тұрғындар мен қонақтарға арналған демалыс аймақтары, жасыл желектерді үздіксіз сумен қамтамасыз ететін резервуар да қарастырылған. Құрылыс жұмыстары…

Read More

Биыл 3 қарашада «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау қайта басталады. Өтінімдер 1 желтоқсанға дейін қабылданады. «Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді мүмкіндігін ұсынатын «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 2025 жылғы 3 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Бағдарламаға Отбасы банкінің барлық салымшысы, сондай-ақ депозитінде кемінде 2 миллион теңге жинағы бар және соңғы бес жыл ішінде өзінде де, отбасы мүшелерінде де тұрғын үйі болмаған азаматтар қатыса алады», — деп мәлімдеді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Қазақстандықтар өтінімді Baspana Market платформасы арқылы онлайн береді. Өтінім нәтижесін де платформадағы жеке кабинетіне кіріп, бақылай алады. Бағдарлама шарттары Таза әрленген жаңа пәтерді сатып…

Read More

Түркістан облысы Шардара ауданындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағында жаттығу жасаған оқушы көз жұмды. Бұл ақпаратты редакциямызға Түркістан облысының Білім беру басқармасы растады. Қазіргі уақытта бала өліміне қатысты тергеу жүргізілуде. «Баланың өліміне қатысты оқиға білім басқармасының бақылауында. Алдын ала мәлімет бойынша, дене шынықтыру сабағында бала жаттығу жасап жатып, құлап түскен. Мұғалім мен мектептің медбикесі баланы тез арада Шардара ауданының ауруханасына апарған. Алайда, операция кезінде бала жан тапсырды», — деп хабарлайды білім басқармасы. Қазір баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Read More

Орал қаласының соты жүкті кәмелетке толмаған қызға жаза қолданбау туралы шешім қабылдады. Мамандандырылған әкімшілік сотта Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігін бұзған Өзбекстан азаматының ісі қаралды. Іс материалдарына сәйкес, Ш. 2025 жылдың 9 ақпанында Қазақстанға келген. Белгіленген мерзім өткеннен кейін елден шықпай, осында қалған. Сотта кәмелетке толмаған Ш. өз кінәсін толық мойындады және іс материалдарындағы деректерді растады. Ол Қазақстанда анасы мен жұбайы тұратынын, ал Өзбекстанда екі жасар баласы барын айтты. «Атырауда күйеуім жұмыс істейді. Өзбекстанда екі жасар балам бар, қазір алты айлық жүкті әйелмін. 9-сыныпты бітірдім. Соттан кешірім сұраймын. Айыппұлмен шектеліп, елден шығармауыңызды өтінемін», – деді ол. Айыпталушының анасы…

Read More

Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдердің психикалық және эмоционалдық саулығын сақтау – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Себебі суицидтің, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу тек бір мекеменің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі болып отыр. Осы бағытта Оқу-ағарту министрлігі жүйелі және кешенді шаралар қабылдап жатыр. Бұл жұмыс «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды» іске асыру аясында жүргізілуде. Аталған жоспар мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, ата-аналардың және қоғамның үйлесімді іс-қимылын көздейді. Барлық білім беру ұйымында оқушылардың психоэмоционалдық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі. 1 қыркүйектен бастап ел бойынша барлық мектепте жеке қауіпсіздік…

Read More