Автор: qaztimes

Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің 85-отырысы өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы қатысты, Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  Кеңес жұмысы дәстүр бойынша 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Қонақтар Әскер үйінде орналасқан Әскери-тарихи музейдің экспозициясымен танысты. Отырысты ашқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов қатысушыларға алғыс айтып, кеңес күн тәртібіндегі мәселелер ТМД елдерінің қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылын нығайтуға және сындарлы диалогты жалғастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жиында ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2025 жылға…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті. Ақорда мәлімдеуінше, Тасмағамбетов Тоқаевқа биыл қараша айының соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндаған. Сондай-ақ Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе талқыланды.

Read More

«Қазгидромет» қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Дереккөзге сүйенсек күздің соңғы айында күн райы құбылмалы болады. «Қазгидрометтің» мәліметінше, айдың алғашқы күндерінде солтүстік циклонның әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде қар жауып, боран соғады. Батыс өңірлерде Айдың алғашқы онкүндігінде түнгі температура +2…+7°С-тан -2…-7°С-қа дейін төмендейді, күндіз +10…+18°С жылы болады. Онкүндіктің соңында +15…+25°С-қа дейін жылы райы болады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда Қарашаның ортасында түнде -7…-15°С, күндіз -2…-10°С суық болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде Ауа райы құбылмалы болады. Түнде 0…-5°С, кей жерлерде -13°С дейін төмендеп, күндіз 0…+8°С шамасында болады. 7 қарашадан кейін күн…

Read More

Осыдан оншақты күн бұрын әлеуметтік желіде бір топ оқушы қыздардың төбелесі кезінде түсірілген видео таралған еді. Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы төбелеске қатысты әкімшілік істі қарап, бір оқушы қыздың анасын жазалады. Сот материалдарына сенсек, әйел азаматқа қатысты кәмелетке толмаған қызының тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлмеді деген айып тағылған. «Соттың анықтағаны, әйел 2011 жылы туған қызына тәрбие беруде өз міндеттерін тиісінше орындамаған. 2025 жылғы 8 қазанда сағат 21:00 шамасында Жаңаөзен қаласының 29-шы шағын ауданында қызы кәмелетке толмаған өзге қызбен жанжалдасып, төбелескен. Төбелестің видеосы Instagram әлеуметтік желісіне тарап кеткен», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. Сотта әйел адам…

Read More

Заң алдындағы жазасын өтеп шыққан ұлымды Семейдің соты қайтадан 10 жылға түрмеге жапты. Осылай деген Абай облысының тұрғыны Серікбол Оразханов әділдік іздеп, құзіретті органдарының табалдырығын тоздырып жүр. Azattyq Rýhy редакциясына сұхбат берген Серікбол Оразхановтың айтуынша, 33 жастағы ұлы Нұржан Амантаев «билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» үшін үш жылға сотталған. Жәбірленушіге 2 млн теңге моральдық шығынды өтеп, 2 жыл екі ай өткенде тәртібінің жақсы болуына орай босап шығады. Алайда арада бір ай өткенде жігітті қайта қамап тастайды. «Ұлым үйге келген соң, үстінен тағы арыз жазып жіберген. 2025 жылы маусымда Жоғарғы Сот алғашқы үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға…

Read More

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері болт жұтып қойған бір жасар сәбиді аман алып қалды. Оқиға 27 қазан күні болған. Анасы бір жасар баласын ауруханаға жеткізген кезде сәбидің жағдайы ауыр болған. «Кішкентай науқасқа дереу қажетті жедел медициналық көмек көрсетіліп, тікелей ларингоскопия әдісі арқылы көмейінен ұзындығы 4 сантиметр болт шығарылды. Дәрігерлер көмейде тұрып қалған бөгде затты сәбидің денесін тіліп ашпай, ларингоскопиялық әдіспен алып шыққан. Бұл күрделі әрі аса дәлдікті қажет ететін процедураны жас реаниматолог Ержан Махамбетұлы сәтті орындады», — деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қазір сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, анасымен бірге хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Read More

Бірнеше күн бұрын жазғанымыздай, Атырау облысы Жылыой ауданында екінші топтағы зейнеткерді белгісіз біреу тонап кеткен еді. Оның үйіне баса-көктеп кірген ұры зейнеткердің бетіне сірке суын шашып жіберген болатын. Бүгін Атырау облысының полициясы күдіктіні анықтады. Полицияның мәліметіне сүйенсек, осы қылмысты жасады деген күдікпен 55 жастағы әйел ұсталған. Бетіне сірке суы тиген 62 жастағы зейнеткерді дәрігерлер қарап, үйіне жіберген екен. Полиция «зорлық қолдану арқылы жасалған тонау фактісі» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Күдікті әйел изоляторда отыр.

Read More

Бүгін «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев ChatGPT-ге негізделген білім беру құралдарын енгізетін ілкі жоба басталғанын мәлім етті. Айта кетейік, форумда үздік шетелдік университеттердің жетекшілері, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосты. Ақорда хабарлағандай, президент Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекет ретінде дамыту мақсаттары тұрғанын жеткізді. «Қазақстан технологиясы озық ел болуға нық қадам басты. Бұл – біздің жаңа ұлттық болмысымыздың аса маңызды бөлігі деп айтсақ, қате болмайды. Бүгін спикерлер жасанды интеллектінің жаһандық ортақ прогресті өрге сүйрейтін жаңа қозғаушы күш ретіндегі рөліне баса мән берді. Шын мәнінде, осы бірегей технологияның арқасында адамзат алға…

Read More

Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға атпен жолға шыққан Қуатбек Түсіпханұлы мен Жайна Еркінқызы аман-есен Астана қаласына жетті. Бүгін «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында ерлі-зайыптылармен кездесу өтті, партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Іс-шараға «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров және зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар бұл сапарды қазақтың көшпелі болмысын, ұлттық бірегейлігін паш еткен ерекше бастама ретінде бағалады. Өз сөзінде Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек бұл сапардың екі ел арасын жалғаған алтын көпірге айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, партия алдағы уақытта да осындай достық пен бауырластықты бекемдей түсетін бастамаларды қолдауға дайын. «Қуатбек пен…

Read More

2029 жылға қарай Қазақстанда білім алатын шетелдік студенттердің санын 100 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президенттің айтуынша, қазіргі кезде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетел студенті білім алуда. Бұл – Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш. Ақорда хабарлағандай, 2029 жылға қарай студенттер санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін виза режимі оңтайландырылып, шетелдіктердің алаңсыз білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалады. Үздік түлектердің Қазақстанда тұрақтап қалуына мүмкіндік беретін жұмыспен қамту бағдарламасы іске қосылады. 

Read More