Шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға жаңа ережелер енгізіледі. Temu мен AliExpress-тен тауар алу тәртібі өзгерді. ЕАЭО елдерінде тауардың құны 200 еуродан аспаса, онда өзгеріс болмайды. Қазіргі тәртіп сақталады. Кедендік баж бен салық төленбейді, сәлемдеме бұрынғыдай жеткізіледі. Ал егер тауар құны 200 еуродан асса – кедендік төлемдер енгізіледі. Кедендік баж мөлшері – 5%. Қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшері – 16%. Temu, AliExpress, iHerb және басқа да интернет-дүкендерден 200 еуродан қымбат тауар сатып алатындар 21,8% салық төлейді. Жаңа тәртіп жеке тұлғаларға арналған шетелдік сатып алуларға ғана қатысты. Аталған өзгерістер Wildberries, Ozon, Kaspi.kz сияқты жергілікті алаңдарға қолданылмайды. Осы ретте салмақтық шек (31 кг) алынып тасталды. Бажсыз әкелу лимиті 200 еуро деңгейінде сақталып қалды.
Шетелдік маркетплейстерден тауар алу тәртібі өзгереді
