SteppeNews.kz: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мәліметінше 25 маусымнан бастап Қазақстанда ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноттар қабылданбайды. Ол 2012 жылғы үлгідегі «Қазақ Елі» монументі бейнеленген 2000 теңгелік купюралар.
Банкнотта сондай-ақ мемлекеттік рәміздер, ақбөкен, көгершіндер, ал сыртқы бетінде Қазақстан картасы, киіз үй мен ту бейнеленген.
Мұндай купюраларды 2029 жылғы 25 маусымға дейін екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде айырбастауға болады. Ал Ұлттық банк филиалдарында оларды айырбастау мерзімсіз жүргізіледі.
