SteppeNews.kz: Электрлі жолсызбен жүрудің жаңа қыры: әлемдік БАҚ Уху қаласында iCAUR i-AWD жүйесін сынақтан өткізді
Уху, Қытай, 2026 жылғы сәуір — Longshan жолсызбен жүру базасында iCAUR компаниясы халықаралық БАҚ өкілдері, салалық сарапшылар мен серіктестер үшін ауқымды тест-драйв ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты — i-AWD зияткерлік толық жетек жүйесінің мүмкіндіктерін шынайы кедергілерде көрсету болды. Сынақ барысында iCAUR V27 және iCAUR V23 модельдері күрделі бағыттардан өтіп, электрлі толық жетектің түрлі рельеф пен жол жабындарында қаншалықты сенімді екенін дәлелдеді.

Нағыз жолсыз жер — нақты дәлелдер
Трасса экстремалды жағдайларды имитациялау үшін арнайы дайындалған:
-
тік өрлер;
-
бос топырақты учаскелер;
-
тайғақ беткейлер;
-
ұзаққа созылатын динамикалық бұрылыстар.
Қатысушылар автомобильдерді жекелеген демонстрацияларда емес, нағыз жолсыз жерге барынша жақындатылған үздіксіз бағытта бағалады. Сынақтың негізгі элементі — екі және төрт жетекші дөңгелек арасында миллисекунд ішінде ауыса алатын жаңа буынның i-AWD зияткерлік жүйесі болды. Жүйе жолмен ілінісу деңгейін автоматты түрде талдап, жүргізушінің қатысуынсыз-ақ айналу моментін лезде қайта бөледі. Бұл тіпті өте тайғақ жерлерде де көліктің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді. Шетелдік журналистердің бірі: «Электрлі толық жетектің реакция жылдамдығы кез келген жолда дәл басқаруды және сенімділік сезімін сыйлайды», — деп атап өтті.
Басқару мен тұрақтылық инженериясы
Көліктің қуатынан бөлек, шанақ конструкциясы мен шасси параметрлері де маңызды рөл атқарды:
-
Жоғары берік болаттан жасалған қаңқа тегіс емес рельефте шанақтың деформацияға төзімділігін сақтайды;
-
Тәуелсіз аспа баптаулары көліктің тербелісін басып, тұрақты қозғалысты қамтамасыз етеді;
-
Күрделі бұрылыстардың өзінде рульдік басқару дәл әрі болжамды болып қалды. Осындай тәсіл арқылы iCAUR нағыз жолсызбен жүру мүмкіндігі мен қарапайым жолдардағы жайлы басқаруды үйлестіре алған.
Жолсыз жерден күнделікті қолданысқа дейін
Экстремалды жағдайларға басымдық берілгенімен, күнделікті жайлылық iCAUR тұжырымдамасының ажырамас бөлігі болып қала береді. Қалалық режимде автомобильдер негізінен артқы жетекпен жұмыс істейді:
-
энергия тұтыну азаяды;
-
қозғалыс бірқалыпты әрі тыныш болады;
-
дәстүрлі іштен жанатын қозғалтқыштарға тән діріл мен шу болмайды.
Сонымен қатар, iCAUR автокөліктің модульдік экожүйесін дамытуда: 39 стандартты интерфейс экшн-камералардан бастап, саяхат пен белсенді демалысқа арналған түрлі аксессуарларды қосуға мүмкіндік береді. Осылайша, автомобиль жай ғана көлік емес, lifestyle-экожүйенің бір бөлігіне айналады.

Электрлі жолсыз көліктерге жаңа көзқарас Жалпы электрлендіру аясында iCAUR i-AWD жүйесін жай ғана технология емес, жолсыз жердегі мобильділікке деген жаңа көзқарас деп санайды. Күрделі механикалық схемалардан бас тартып, зияткерлік басқаруды қолдану арқылы компания мынадай артықшылықтарды ұсынады:
-
жылдам жауап беру (отклик);
-
жол жағдайына жақсырақ бейімделу;
-
жоғары энергия тиімділігі;
-
қолжетімді әрі ыңғайлы электрлі жолсыз көлік.

Өзіндік «boxy» (текше) дизайны мен заманауи электр технологияларын ұштастыра отырып, iCAUR жолсыз жердегі еркіндікті жаңа энергетика дәуіріне сай етіп жасауда. Жаңа энергиямен жүретін көліктер нарығы қарқынды дамып жатқан аймақтар мен климаты күрделі өңірлер үшін i-AWD архитектурасы электрлі мобильділіктің тиімді шешіміне айналмақ.
