- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
- Абай облысында TikTok-та боқтық сөз айтып, ұлтараздық тудырған әйел түрмеге қамалды
Автор: qaztimes
Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды QazTimes ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. Іріктеу сайысының 1-ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев бастапқы кездесуін испаниялық Кенай Ортис Гонсалеспен өткізді. Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде тіпті бет қаратқан жоқ – 6:0. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Евсеев 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйспен ғана шектелді. Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 309-ракеткасы, түркиялық Алтуг Челикбилек немесе рейтингіде 368-сатыдағы литвалық Вилиус Гаубастың қай жеңгенімен кездеседі. Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 262-сатыдағы Михаил Кукушкин бірден негізгі жарыста бақ…
Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Qaztimes Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан ауқымды демократиялық реформалар жүргізіп, өзінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес адам құқықтарын қорғайды, деп хабарлайды QazTimes Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Демократияны дамыту, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту мақсатында қажетті заңнамалық жағдай жасалды. Атап айтқанда: — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын енгізу шеңберінде Қазақстан азаматтары саяси шешімдер қабылдау процесіне кеңінен қатысатын болды; — Саяси басқарудың теңгерімді жүйесі құрылып, есеп беретін Үкімет және ашықтық қағидаттары енгізілді. Мақсат – елімізді саяси тұрғыда трансформациялау және «Әділетті Қазақстанды» құру үшін басталған процестерді соңына дейін жеткізу. Негізгі реформалар Демократияға атсалысу: Мемлекет басшысының реформасына сәйкес заңнамаға ҚР Президенті бір рет жетіжылдық мерзімге сайлану ережесі…
Вашингтонда Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің Конгресс кітапханасының қорына Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті туралы кітаптарды салтанатты түрде табыс ету шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі. Кітаптар Американың ең көне зерттеу кітапханасының қорына берілді. Олар америкалық оқырмандардың Қазақстан туралы білімін кеңейтіп, болашақ ұрпақ үшін мәдени ынтымақтастықтың көпірі болуы тиіс. Фото: Рүстем Қожыбаев/ Kazinform Бірінші кітап – «Абай арманы» ұлттық мәдениет пен әдебиетте маңызды орны бар қазақтың ұлы ақыны, ойшыл және философы туралы баяндайды. «Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалары» – кітапта көрнекті қазақ этнографының Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі көрсетілген, оны шетелдік авторлар Н.Филдинг пен доктор А.Тейт жазған. «Қазіргі қазақ әдебиеті» қазақ мәдениеті мен…
Америкалық және француздық молекула биологтары терінің қартаю жылдамдығы мен әжім түсуіне тері қабатының микрофлора құрамы мен онда Staphylococcus, Kocuria, Peptostreptococcus және Lysobacter сынды бактериялардың бар екені әсер ететінін анықтады. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды. — Терінің қартаюы белгілері, оның ішінде әжім мен көз қиығындағы әжімдерге байланысты биомаркерлерді анықтауда үлкен жаңалық аштық. Ол денсаулық пен теріні жақсартуға бағытталған тәсілдерді жасауды жеделдетеді, — деп мәлім етті L’Oreal компаниясы Зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Чжэн Цянь. Оның сөзін Сан-Диегодағы Калифорния университетінің (UCSD) баспасөз қызметі келтірді. Чжэн Цянь мен басқа да мамандар микрофлора құрамының тері мен оның қартаюына әсерін зерттеу бойынша экспериментке қатысуға келіскен 18-70 жас…
Қазақстандық «Барыс» командасы аздаған үзілістен кейін Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы төрт ойынын елордада өткізеді, деп хабарлайды Kazinform. Елордалық клуб алдымен өз айдынында 15 қаңтар күні Ресейдің «Лада» (Тольятти) клубын қабылдайды. Одан кейін 16 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 19 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу), 22 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубтарымен шеберлік байқасады. Турнир кестесінде «Барыс» қазір 49 ойыннан кейін 40 ұпаймен 19-орында тұр. Айта кетсек, бұдан бұрын Құрлықтық кубок ойындарында «Номад» екі мәрте жеңіске жетті. Алдымен «Хернинг Блю Фокс» (Дания) клубынан 5:2 есебімен басым түссе, одан кейін Уэльстің «Кардифф Девилз» клубын 7:2 есебімен сүріндірді.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін Ыстамбұлдың «Бешікташ» клубы Түркия Суперлигасының ХХ турындағы ойынын Фатих Карагюмрюкке қарсы өткізді. QazTimes бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Кездесудегі есеп 62-минутта «Бешікташтың» 18 жастағы шабуылшысы Семих Кылычсой гол соққан кезде ашылды. Арада үш минут өткенде Милот Рашица есепті еселеді. 93 минутта Жедсон Фернандеш ойынның нүктесін қойды. Нәтижесінде қазақстандық футболшының командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, командасы сапында толық ойын өткізді. Отандасымыз 40-минутта ойын тәртібін бұзғаны үшін сары қағаз алды. Айта кетейік, бұл жеңісінен кейін «Бешікташ» 35 ұпаймен 4-орында қалды. «Фатих Карагюмрюк» 20 ұпаймен 16-орында тұр.
Нысана көздеуден Индонезия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 4 медаль түсті, деп хабарлайды QazTimes ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Арина Алтухова чемпион атанса (626,8 ұпай). Александра Ле қола жүлдегер атанды (618,4 ұпай). Тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова төртінші сатыдан көрінді (617,2). Нәтижесінде командалық сында да Қазақстан алтын жүлдені қанжығасына байлады. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Ал тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита Чирюкин 568 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп, Джакартадағы медаль санын екеуге жеткізді. Бұл екі бағдарламада Олимпиада лицензиясы сарапқа салынған…
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандық нөмірлер базасының сатылып жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы QazTimes.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. БАҚ-та қазақстандықтардың телефон нөмірлерінің деректер базасы желіде сатылып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Нөмірлердің санына қарай екі мың теңгеден және одан жоғары бағаға сатып алуға болады. Базаны қала немесе аймақ бойынша ғана емес, сонымен қатар қалаған аудитория – белгілі бір жастағы ерлер немесе әйелдерді таңдауға болатыны айтылған. «Цифрлық даму министрлігіне азаматтардан олардың абоненттік телефон нөмірлерін интернетте заңсыз таратуға қатысты ешқандай шағым түскен жоқ», – деді министрліктің ақпараттық қауіпсіздік комитеті. Комитет жеке деректерді заңсыз жинау және өңдеу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істері тек…
Биыл бірыңғай жиынтық төлемнің тоқтатылуына байланысты пәтер бағасы өсуі мүмкін. Кейбір жылжымайтын мүлік мамандары осылай деп отыр. Бұл туралы QazTimes ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Өйткені баспананы жалға берушілер кезінде бір айға тек 3450 теңге салық төлесе, енді жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, табысының бір пайызын мемлекетке береді. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдер де бар. Тиісінше, кәсіпкерлер жалдау ақысын өсіруі мүмкін. Бірақ риелторлардың пікірі мүлде бөлек. Пәтерді жалға беріп табыс табу елімізде кең таралған кәсіптің бір түрі. Мәселен, Алматыда 250 мыңға жуық адам шағын және орта бизнеспен айналысады. Ал соның 20 мыңы пәтерді жалға беріп күн көруде. Алайда олар биылдан бастап табысына сай салық төлейтін болады. Ал…