- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
Полиция жүргізген арнайы рейдтер барысында иесіз тұрған 50-ден астам саяжай анықталды. Бағбаншылықтарда жалпы саны 13 заң бұзушылық тіркелді. Бұған дейін жергілікті бағбандар тұрғылықты жері жоқ адамдардың саяжайларды тонап жатқанына шағымданған еді. Қаңғыбастар топтанып арақ ішіп, саяжайларда тұрған мүлікті жымқырып кетеді. Ал иесіз тұрған саяжайларды жататын орынға айналдырып алған. Полицейлер тұрғындардың шағымына құлақ түріп, «Металлург», «Яблонька», «Оңтүстік» бағбаншылықтарына рейд жүргізді. Фото: Павлодар облысы ПД Саяжайлар бойынша рейдтер әлі де жалғасып жатыр. «Тәртіп сақшылары саяжай алқаптарын аралап, иесіз тұрған 50-ден астам саяжай телімдерін анықтады. Жалпы саны 13 заң бұзушылықтың жолы кесілді. Жеті адам мас күйінде ұсталса, қолға түскен тағы тоғыз адамның тұрғылықты…
Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламаға қатыспаған 122 адамға заңсыз жалақы аударылған
Түркістан облысының прокуратурасы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Еңбек мобильділігі орталығы» қызметінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады. Тексеру нәтижесінде «қоғамдық жұмыс» мемлекеттік бағдарламасына іс жүзінде қатыспаған 122 адамға заңсыз жалақы аударылғаны белгілі болды. Яғни, 31 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған. Сондай-ақ, «Жастар практикасы» және «Ақылы қоғамдық жұмыс» бағдарламаларының 4 мыңнан астам қатысушысына 2023 жылға міндетті медициналық сақтандыру бойынша 11,6 млн теңге көлемінде төлем жүргізілмеген. Орталық қызметінде 4 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар және шарттарда негізсіз талаптар қою арқылы 760 кәсіпкердің құқықтарын шектеу фактілері орын алған. Бұдан бөлек, «қысқа мерзімді оқыту» бағдарламасы шеңберінде оқудан өткен 50 адам іс жүзінде үздіксіз…
Бурабай ауылының әкімі Сабыр Жалмұқановқа Әдеп кодексін бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.. Фото: Бурабай аудандық әкімдігі Әкім өз іс-әрекетімен кәсіпкерлік субъектісіне 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Бурабай аудан әкімінің өкімімен Бурабай ауылының әкіміне «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. «Бурабай ауылының әкімі мен ЖШС арасында алаңды абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалғаны анықталды. Келісімшарттық міндеттемелерді орындау барысында әкім кәсіпкерден сметалық құжаттамада қарастырылмаған қосымша жұмыстарды орындауды талап еткен. Өз кезегінде кәсіпкер тапсырыс берушіден тәуелді жағдайда болғандықтан, бұл жұмыстардың бір бөлігін орындады», — делінген хабарламада
Атырау облысында 15 жасар жасөспірім Жайық өзенінің жайылмасындағы суға батып кетті. Бұл деректі Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы растады. Тасқын су Индер ауданының орталығы — Индербор кентінің тұсында Жайық өзенінен жайылмаға шыққан. Индербор кентінде тұратын бір топ жасөспірім 28 мамырда күндізгі уақытта сол суға барған. Жасөсірімдер жайылмадағы деңгейі 170 см болатын суға шомылғаны анықталды. Бірақ, 2009 жылғы жасөспірім үйіне кері оралмаған. «Құтқарушылар кешеден бері жасөспірімді іздестіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде 29 мамырда түнгі сағат 04:40 шамасында жасөспірімнің денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды», — деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Осыған байланысты құтқарушылар су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, жазғы демалыс уақытында…
Шығыс Қазақстан облысында көктем шыққалы бері кене шаққан адам саны 2 мыңға жуықтады. ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде кене шаққандар саны күн сайын артып келеді. Кененің таралу маусымы сәуір айында басталған. «Қазіргі таңда облыс бойынша барлығы 1904 адам кенеден зардап шеккен. Кене шағудың ең көп жағдайы Өскемен қаласында (995 адам) тіркелді. Одан кейінгі орында Риддер, Алтай, Глубокое, Шемонаиха, Катонқарағай, Зайсан, Самар және Ұлан аудандары тұр», — делінген ақпаратта. Зардап шеккендердің ішінде 1802 адам кене энцефалиті вирусына қарсы иммуноглобулин алды. Қалған 102 адам арасында дәрігерлерге тым жай қаралғандар, қарсы медициналық көрсетілімдері барлар және иммуноглобулин алудан өз еркімен…
Германия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц екіжақты қатынастардың практикалық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының былтыр қыркүйек айында Берлинге жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса мән берілді. Тараптар сауда-экономикалық ықпалдастық қарқыны жоғары екеніне ерекше назар аударып, іскерлік байланыстарды нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара қызығушылық танытты. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, екі елдің халықаралық аренадағы күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығына назар аударды. Осы орайда тараптар алдағы уақытта Астанада «Орталық Азия – Германия» форматында өтетін жоғары деңгейдегі кездесудің мәні зор…
Еуропалық кеңес басшысы еуропалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Палестинаны мойындауды қолдайтынын айтты. Бүгін Испания Палестинаны «әділеттілікке және бейбітшілікке жету жолында тарихи қадам жасаған» мемлекет ретінде ресми түрде мойындады. Осылайша, Испания ЕО-ның екі мемлекетіне – Ирландия, Норвегия, сондай-ақ Палестинаның мемлекеттігін мойындаған әлемнің басқа 144 еліне қосылды. Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишель «Палестинаны мойындауды» қолдайды. Бұл мәселеде ілгерілеу үшін ЕО мен үшінші елдердің келісілген тәсілін талап етеді, деп хабарлады ол Euronews-ке. «Басқа елдер Таяу Шығыстағы мемлекетті мойындауы керек пе деген сұраққа Мишель бұл қадамды «белгілі бір прогреске жету үшін тұтқа ретінде» пайдалану керек деп жауап берді. «Дүйсенбі күні Израиль әуе күштерінің Газа секторындағы…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттені «Ақорда» резиденциясында қарсы алды. Фото: Ақорда Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте келіссөз өтетін залға барды. Фото: Ақорда
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымына қарсы петиция жөнінде пікір білдірді. «Утильалымға қатысты мәселені шешу үшін заң аясында жұмыс істеуіміз керек. Мен TikTok желісінде бірнеше видео мен пікірді көрдім, мені қорқытып жатқан адамдар бар. Менің айтарым — әр мәселені, қоғамның проблемаларын заң аясында шешуіміз керек. Ал петиция 50 мың қол жинаса, оны қараймыз», — деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері министрге «Мемлекет басшысы утиль алымын алып тастау жөнінде шешім қабылдаса, сіз қарсы боласыз ба?» деген сауал қойды. «Әрине, мен Президентке қарсы шықпаймын. Халықтың наразылығын жақсы түсінеміз, алайда қоғамның өзге өкілдерінің пікірін тыңдамаймыз…
Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасында қазір 8 адам ем алып жатыр. Олар 18-22 жастағы жігіттер. Бәрінің аяғында бытыра жарақаты бар. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті осы төбелеске қатысқан 4 күдіктіні ұстап, қазір Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Бұзақылық» баптары бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал 8 жігіт облыстық көпсалалы ауруханасында. Олардың бәрінің аяғына бытыра тиген. Түнде сағат шамамен 2:00-де белгісіз біреу жас жігітті әкелді. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Оның өмірін сақтап қалу үшін бар жағдай жасалғанымен, көптеген пышақ жарақатынан, оқ жарақатынан көз жұмды. Содан кейін жас жігіттерді әкеле бастады. Барлығы тағы 8 жігіт жеткізілді. Олар 2002-2006 жылдар аралығындағы жігіттер. Бәрінің аяғында бытыра жарақаты болды.…