Автор: qaztimes

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды. «Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді», — деп жазды Ақорданың ресми сайты

Read More

 Қайғылы оқиғалардың бәрінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Осыған орай, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және қоғам белсенділері теңіз жағалауында демалушыларға суда қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы Іс- шараға облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның және облыстық аналар кеңесінің мүшесі Анар Шамшадинова, облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Роза Махамбетова, облыстық аналар кеңесінің мүшесі Алтын Сақтағанова қатысты. — Шомылу маусымында қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында бүгінгі рейдті комиссия мүшелерімен бірге ұйымдастырып отырмыз. Ата-аналар мен балаларға ескерту жасадық. Халықтың амандығы біз үшін әрдайым бірінші орында. Балаларды жалғыз,…

Read More

 Грекияның Гидра аралындағы орман өртінен кейін 13 адам қамауға алынды, билік өрттің шығуына «Персефони» яхтасынан ұшырылған отшашу себеп болды деп отыр, деп хабарлайды BBC. Грекияның климаттық дағдарыс жөніндегі министрі Василис Кикилиастың хабарлауынша, жұма күні шыққан өрт Афинаның оңтүстігіндегі әйгілі туристік аралдағы жалғыз қарағайлы орманның 300 шаршы метрін шарпыған. Жалын ауыздықталды, алайда бұл оңайға соққан жоқ. Жағажайға баратын жол жоқ болғандықтан, өрт сөндірушілер оған теңіз арқылы жетуге мәжбүр болды, ал тікұшақтар суды әуеден түсірді. Грек ақпарат құралдары қамауға алынғандардың барлығы «Персефони» суперяхтасының экипаж мүшелері екенін хабарлады. Салтанатты яхталардың бірнеше дилерінің мәліметінше, кеме жалдау 249 мың еуродан басталады. «Кейбір адамдардың қарағайлы орманға…

Read More

Жамбыл облысы Отар ауылында әскерде жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін жиды. Бұл туралы сарбаздың әкесі Тимур Жаналин өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті. «Ұзақ уақыт бойы бізге жан-жақты қолдау көрсетіп, ұлымыз үшін дұға еткендердің бәріне тағы да алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз сіздерге ұлымыздың комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз. Қазір дәрігерлер айтқандай, ол саңырау күйде. Бізді таниды, бұрын жасалған трахеостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Бірақ жағдайы ауыр, диализ жасалады. Ол шамамен 6-8 сағатты алады. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Сол үшін оларға алғыс айтамыз», — Тимур Жаналин. Айта кетейік, Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскен еді. Оқиға…

Read More

Махачкала мен Дербентте содырлардың шабуылына байланысты Дағыстан аумағында үш күн аза тұту жарияланды. Бұл туралы республика басшысы Сергей Меликов әкімшілігінің Telegram арнасы хабарлады.  «24, 25 және 26 маусым күндері Дағыстанда аза тұту күні деп жарияланды. Жарлыққа жаңа ғана Сергей Меликов қол қойды», — делінген хабарламада. Бүкіл республика бойынша аза тұту күндері мемлекеттік тулар жартылай төмен түсіріледі. Өңірде орналасқан мәдениет мекемелері мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық шаралары мен хабарларын тоқтатады. «Дағыстан Республикасының үкіметіне қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету үшін тиісті шараларды қабылдау тапсырылды», — деп атап өтті билік өкілдері.

Read More

Сауд Арабиясында қажылық кезінде 1,3 мыңнан астам қажы қайтыс болды. Бұл туралы корольдіктің денсаулық сақтау министрі Фахд бен Абдель Рахман аль-Джаляджель мәлімдеді, деп жазады ТАСС агенттігі. «Қажылық кезінде қайтыс болғандар саны 1301 болды, олардың 83 пайызында тиісті виза болмаған», — деді министр «Әл-Ихбария» мемлекеттік телеарнасында. Бұған дейін хабарланғандай, қаза болған қажылардың саны 1,1 мыңнан асып жығылады, оның жартысынан көбі Мысыр азаматтары. Қажылық кезінде 672 мысырлық қажы қайтыс болды, олардың тек 31-іне ғана Сауд Арабиясы билігі арнайы виза берген. Қалғандары тіркелмей, заңсыз қажылық жасаған. Сауд Арабиясындағы бірнеше араб елдерінен келген дипломатиялық дереккөздің хабарлауынша, тіркелмеген қажылар кондиционері бар демалыс орындарын пайдалана алмай,…

Read More

Түркістанда тұрғындар мен еріктілер “Таза Қазақстан” ұлттық жобасы аясында өткен сенбілікке белсене қатысты. Бүгінгі шара барысында қаладағы 26 аумақ тазартылды. Сенбілікке 1000-ға жуық адам қатысып, көше бойларын тазалап, жиналған қоқысты және кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Қураған өскіндерді қырқуға 50 арнайы техника пайдаланылды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков сенбілік жұмыстарын бақылап, тазалық шараларының дұрыс орындалуын тексерді. Әкім ұлттық жоба аясында бекітілген тапсырма-жоспардың орындалуын жеке қадағалайтынын айтып, сектор басшыларына көпқабатты үйлердің аулаларын күтіп-ұстау және тазалық шараларын ұйымдастыруда Мүлік иелері бірлестігінің белсенділігін арттыру қажеттігін ескертті. Түркістандағы тазалық шаралары қала тұрғындары мен еріктілердің ортақ күш-жігері арқасында сәтті жүзеге…

Read More

Әлеуметтік желіде Алматыдағы құрылысшы басшысына балтамен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады.  Желідегі мәліметі бойынша 29 жастағы құрылысшы өзінің басшысына балтамен шабуыл жасап, мойнын жарақаттаған. 38 жастағы жәбірлеуінші ауруханаға жатқызылды. Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді. «Өлтіруге әрекеттену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Read More

Егістікті шегірткеден қорғау шаралары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеп, қауіп толық сейілгенше жұмыстарды тоқтатпауды тапсырды. Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан келісілген шегірткеге қарсы қосымша химиялық өңдеу жұмыстарының негізгі бөлігі жүргізілді. Қазіргі таңда қауіп сейіліп, жағдай тұрақтанды. Болжам бойынша, өңірде шегірткелердің таралу аумағы 271,5 мың гектарды құрады, іс жүзінде 340 мыңнан астам гектар өңделді. Яғни, өңірде қосымша 70 мың гектарға жуық аумақта химиялық өңдеу жүргізілді. Шегірткенің белсенді өсу кезеңінде жұмысты күшейту үшін қосымша техникалар…

Read More

Кісі өлтірген күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Павлодар қаласы Мүткенов көшесінің бойында жантүршігерлік кісі өлтіру оқиғасы болды. Екі ер адам тұрғын үйлердің ауласында жанжалдасып, бірі екіншісін пышақтап өлтірген. Оқиға күндізгі уақытта, аулада тұратын тұрғындардың көзінше өрбіген. «Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», — деп хабарлады Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Жарас Ибраев.

Read More