Автор: qaztimes

Алматы облысында полицейлер жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған көлікке соғылды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан патрульдік көліктің жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған машинаны арт жағынан соққаны көруге болады. Кейін оның ішінен баласын көтерген әйел шықты. Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 27 маусым күні Алматы-Жандосов тас жолының 25 шақырымында болған. «Hyundai Elantra және Toyota Ipsum көліктерінің қатысуымен болған жол апатынан ешкім зардап шекккен жоқ. Көліктерге механикалық зақым келген. Апатқа кінәлі адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды»,- деп атап өтті ведомстводан.

Read More

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 469 – 474 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 1 шілдеге арналған ресми бағамы — 1 долларға 471,46 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,53 теңге. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469 — 474 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 470,9 — 471,1 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,27 — 5,41 аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, 28 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6,20 теңгеге қымбаттап, 471,84 теңге болған.

Read More

Түркияның Измир провинциясының Торбалы ауданындағы мейрамханада болған жарылыс салдарынан алдын ала мәлімет бойынша бес адам қаза тауып, тағы 57 адам жарақат алды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі. Агенттік мәліметінше, өрт сөндірушілер Айранджилар орамында орналасқан мейрамханадағы өртті ауыздықтады. Түркия Әділет министрлігінің басшысы Йылмаз Тунч әлеуметтік желіде хабарлағанындай, жергілікті уақыт бойынша сағат 14:43-те болған қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр. Измир губернаторы Сүлейман Эльбан журналистерге жарылыстан айналадағы 11 ғимараттың зақымдалғанын айтты. Билік өкілдері оқиғаға газдың жарылуы себеп болғанын жоққа шығармайды.

Read More

Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат ауданында жүрген селдің салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды осы елдің Кабар агенттігі. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Абшир-Ата ауылында кішкентай баланың денесі табылып, милицияға тапсырылды. Қазіргі таңда баланың кім екені анықталып жатыр. Селдің салдарынан құрбан болғандарды іздестіруге 373 адам жұмылдырылған. Осыған дейін Қырғызстанда жойқын селдің салдарынан қазақстандық балалар құрбан болып кетті. жоғалғаны хабарланды.

Read More

27 маусымда сағат 11.30-да Қарағанды қаласындағы Нерченская көшесінде әуе желісін жөндеу кезінде «Қарағанды Жарық» компаниясының 36 жастағы электромонтері ток соғып, мерт болды. Белгілі болғандай, марқұм Айдос Нүсіпбеков әріптесі Ернұр Еспаймен бірге ағаштарды қырқып, мұнарамен жоғары көтерілген. «Мен еңкейе бергенде оны ток соғып жатқанын аңғардым. Дереу әріптестерімді шақырып, оған алғашқы көмек көрсетуге тырыстық. Жедел жәрдем шақырдық, бірақ бәрі кеш болды», — дейді Ернұр. Айдостың туған-туыстары оқиға орнына жеткенде оның денесін мәйітханаға алып кеткен. Олар ер адамның қауіпсіздік ережелерін өзі бұзбағанын алға тартып отыр. «Айдос бұл салада 12 жылдан астам уақыт еңбек етті. Яғни, тәжірибелі мол. Әуе желісіне көтеріліп, жөндеуге кіріспес бұрын,…

Read More

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды. Бұл тұрғыда депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады. «Бүгін біз сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің екінші сессиясының жұмысын аяқтағалы отырмыз. Дәстүр бойынша атқарылған жұмысты қорытындылаймыз, келешекке жоспар құрамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформалары Парламент жұмысына жаңа бағыт-бағдар берді. Көппартиялы Парламент заң шығарушы органның қызметіне тың серпін әкелді, қоғамның түрлі идеологиялық көзқарастағы әралуан өкілдерінің келуі қабылданатын заңдардың сапасын арттыра түсті. Мұның бәрі — Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңге айналды», — деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. Оның айтуынша, өткен…

Read More

Persefoni I кемесінің капитаны мен лейтенанты және экипаждың 11 мүшесі 21 маусымдағы Идра аралындағы өрт үшін тергеуші мен прокурордың келісімімен уақытша ұсталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап. Ал экипаждың 11 мүшесі ай сайын жергілікті полиция бөлімшесіне тіркеліп, елден кетуге тыйым салынып, кепілмен босатылды. Адвокаттардың айтуынша, экипаждың жеті мүшесі үшін 10 000 еуро, ал қалған төртеуіне 20 000 еуродан кепілдік берілген. Істі қарау үшін Идра портының билігі жағалау күзеті қадағалайтын теңіз аймағында болған барлық қайықтан мағлұмат жинады, өйткені көрші шығанақтағы басқа кеменің куәгерлері өрт шыққан аймақтағы қайықтан отшашу атылды деп шағымданған. Соңғы мәліметтер бойынша, яхта капитаны яхтадан ешқандай отшашу…

Read More

Алматыда Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік апатына 5:32» сериалының продюсері Анель Сартаева (Уалиева) себепкер болуы мүмкін. Мұндай ақпарат БАҚ беттерінде пайда болды. CMN.KZ жазуынша, «Salem Social Media» медиа-компаниясының продюсері 28 жастағы Әнел Сартаева (Уалиева) KIA Sportage көлігін тізгіндеген. Ол «5:32», «Эскорт», «1286» және басқа да танымал қазақ телехикаяларын түсірді. Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты. Полиция департаменті жол апатына себепкер болған жеңіл көлік жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ рөлде әйел адам болғанын атап өтті.

Read More

БТА банк пен Алматы қаласының әкімі АҚШ-та Әбілязовпен істес болған Феликс Саттерге қарсы өткен сотта жеңіске жетті. Банктің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты. Банктің ресми мәліметіне сенсек, Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша АҚШ оңтүстік округтік сотының қазылар алқасы БТА банк пен Алматы әкімдігінің пайдасына 32 млн доллардан астам өтем тағайындаған. Үш аптаға созылған сот процесінде төрт ер адам мен бес әйел адамнан тұратын қазылар алқасы Феликс Саттер, Bayrock Group Inc., Global Habitat Solutions пен MeM Energy Partners LLC бастамашы болған сот ісінде БТА банк пайдасына шешім шығарған. Нақтырақ айтсақ, БТА банк пен Алматы әкімдігін Ф.Саттердің әрекеттерінен зардап шегуші деп таныған. Ал…

Read More

Астана қаласының әкімі шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Әлемдік шахмат спортында тамаша табыстарға қол жеткізген Қазыбек Нөгербек өзінің мансабында бірнеше жетістіктерге жетті. Соның ішінде 20 жасқа дейін әлем чемпионы атағын иеленді. Оның Үндістанда өткен әлем чемпионатындағы соңғы жеңісі ерекше назар аудартады, онда ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген 120 қатысушының ішіндегі мықты бәсекелестерінен оқ бойы озып шықты. Фото: Астана әкімдігі Салтанатты жиында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазыбек Нөгербекті жеткен жетістігімен құттықтап, «Damu Development Group» консорциумы берген баспана алу сертификатын табыс етті. Шараға қатысқан елордалық федерация президенті А.Е.Сағымбаев спортшының жетістіктерін мақтан етіп, алдағы уақытта жаңа белестерді…

Read More