БТА банк пен Алматы қаласының әкімі АҚШ-та Әбілязовпен істес болған Феликс Саттерге қарсы өткен сотта жеңіске жетті. Банктің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.
Банктің ресми мәліметіне сенсек, Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша АҚШ оңтүстік округтік сотының қазылар алқасы БТА банк пен Алматы әкімдігінің пайдасына 32 млн доллардан астам өтем тағайындаған.
Үш аптаға созылған сот процесінде төрт ер адам мен бес әйел адамнан тұратын қазылар алқасы Феликс Саттер, Bayrock Group Inc., Global Habitat Solutions пен MeM Energy Partners LLC бастамашы болған сот ісінде БТА банк пайдасына шешім шығарған. Нақтырақ айтсақ, БТА банк пен Алматы әкімдігін Ф.Саттердің әрекеттерінен зардап шегуші деп таныған. Ал Ф.Саттердің әрекеттерін мүлікті заңсыз иемдену, негізсіз баю және ақша алу сияқты заңсыздықтар деп таныды. Осыны негізге алып, шығынды өтеуге қажет деп сұраған сомадан артық көлемде өтемақы тағайындады. Бұл өтемақының жалпы сомасы 32 млн доллардан асады. Сот отырысын АҚШ-тың Нью-Йорктегі оркугтік сотының құрметті судьясы Джон Г. Коелтл жүргізген.
2024 жылдың 10 маусымында басталған сот процесі кезінде Мұхтар Әбілязов БТА банкте лауазымын асыра пайдаланып, миллиардтаған доллар көлемінде жалған несиелер бергені айтылды. Айыптаушы тарап бұл әрекеттер банктің күйреуіне әкелгенін, оған дейін бұл банк Қазақстанда көлемі бойынша үшінші үлкен банк болғанын алға тартқан.
Сот процесі кезінде Алматы әкімдігі бұрынғы қала басшысы Виктор Храпуновтың алаяқтық әрекеттерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Ол да лауазымын асыра пайдаланып, мемлекет меншігіндегі жер телімдерін қолдан арзандатылған бағамен сатқан. Ал ол телімдерді сатып алған компаниялар көбінесе жұбайының, кейде тіпті Мұхтар Әбілязовтің бақылауында болған.
Сотта ұсынылған дәлел материалдары М.Әбілязов пен В.Храпуновтың жымқырған ақшаларын біріктіріп ұстағанын көрсетеді. В.Храпуновтың ұлы, М.Әбілязовтің күйеу баласы Ілия Храпунов осы ақшаның бір бөлігін «тазартып», ашық айналымға шығарып отырған. Сол кезде 23-те болған Ілияс Храпунов ақшаны тазартып, жылыстату үшін Феликс Саттердің көмегіне жүгінеді. Ол І.Храпуновқа 40 млн долларды америкалық активтерге салуға көндірген.
— Америкалық қазылар алқасы Мұхтар Әбілязовтің БТА банкке қатысты алаяқтық әрекетінің жан-жақты дәлелдерін қарап, оның сыбайластарына қатысты бірауыздан үкім шығарды. Ал Виктор Храпуновтың мәселесі бойынша Алматы әкімдігінің пайдасына бірауыздан үкім шығарды. Американың алқабилер сот жүйесі халықаралық сот төрелігінің алтын стандарты болып есептеледі. Біз бұл америкалық қазылар алқасына бұлтартпас дәлелдер ұсына алғанымызды мақтан тұтамыз және БТА банк пен Алматы әкімдігінің пайдасына шығарылған үкімге, оның ішінде Феликс Саттердің әрекеті бойынша өтемақы тағайындалғанына өте қуаныштымыз. Сот алқасына біз ұсынған дәлелдерді мұқият зерттегеніне алғыс айтамыз», — деді Алматы әкімдігі мен БТА банк адвокаты, Boies Schiller Flexner LLP төрағасы әрі басқарушы серіктесі Мэтью Л. Шварц.
Қазылар алқасы Эльвира Храпунова мен Ілияс Храпуновтың инвестицияға салған ақшаның негізгі көзі болып саналатын судья Геннадий Петелинді, Виктор Храпунов пен Мұхтар Әбілязов тергеді.
Сот алқасы Саттер мен Мочкин есімді өкілдер М.Әбілязов пен В.Храпуновтың БТА банк пен Алматы әкімдігінен ұрлаған ақшасын саналы түрде жылыстатып отырған. Қазылар алқасы Саттердің қорғаушылары ұсынған қорғау деректерін қабылдамады.