- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
Азық-түлік корпорациясы жыл басынан бері 33 миллиард теңгеге жуық қаржыға 300 мың тоннадан астам астық сатқан. Құс және мал шаруашылықтары, қайта өңдеу кәсіпорындары дәстүрлі астықты сатып алушыға айналды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі. Сатылған астықтың жалпы көлемінің 80 мың тоннасы экспортқа сатылды. Ұлттық компания жыл басынан бері Қытайға бидай, арпа және зығыр тұқымын жеткізу бойынша 11 экспорттық келісімшарт жасасқан. Азық-түлік корпорациясының ағымдағы резервтері ішкі және сыртқы нарықтағы сауда көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 1,2 миллион тонна астық қоры бар. Азық-түлік корпорациясы көлемдерді сатудан түскен қаражатты несиелер бойынша пайыздарды өтеуге және жаңа өнімнен жыл сайынғы астық сатып алуға жұмсауды…
Алматыда апатты жағдайдағы 54 үйдің тұрғындары жаңа баспанамен қамтылмақ. «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясының мәліметінше, жыл басынан бері мегаполисте тозығы жеткен үйдің 280 тұрғыны жаңа үйге көшірілді. Бұл «2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы» аясында жүзеге асты. Биыл жыл соңына дейін Алматыда 54 ескі үйдің тағы 2 180 тұрғынын жаңа үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жаңарту бағдарламасы аясында адамдардың өміріне қауіп төндіретін жарамсыз әрі мерзімі өткен тозығы жеткен үйлер бұзылады. Олардың орнында спорт алаңдары, паркинг және маңызды әлеуметтік нысандары бар заманауи тұрғын үй кешендері салынып жатыр. Бағдарламаның шартына сәйкес, ескі тұрғын үй иелері жаңа үйден бірдей пәтер алады.…
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Air Astana борсеріктері жазған шағымға жауап берді және ондағы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін айтты. «Жақында Air Astana бортсеріктері Президенттің атына хат жазды, онда компанияның көптеген мәселелерін, соның ішінде төмен жалақы, штаттың көп екені және Air Astana меншігінде 54 емес, 25 қана ұшақ бар екені айтылған. Бұл хат жөнінде қандай пікірдесіз?», — деп сұрақ қойды тілшілер Үкіметтегі брифингте. Министр бұл хат бойынша тиісті комиссия құрылып, тексеру жүріп жатқанын, оның құрамында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Азаматтық авиация комитетінің бейінді қызметкері бар екенін атап өтті. Комиссия қорытындысы қосымша хабарланады. «25 ұшақ туралы хатта жазылған ақпараттар шындыққа жанаспайды.…
Жастар арасында пайдакүнемдік пиғылмен ғана емес, сонымен қатар ерекше дөрекілікпен, менмендікпен жасалатын, кейде қоғамдық резонанс тудыратын бопсалау фактілері полицияның ерекше бақылауында, деп хабарлайды Polisia.kz. — Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18-20 жас аралығындағы жастар тобын ұстады. Олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер өзгелерді қорқыту және өздерінің күштілігін көрсету үшін зорлық-зомбылық әрекетін бейнежазбаға түсірген. Бопсалау және бұзақылық фактілері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды, — деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс. Павлодар облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен мамыр айында жастарды бопсалаумен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Топ…
7 шілдеде Францияның бірінші императоры Наполеон Бонапарттың екі тапаншасы аукционда сатылды. Мұндай ақпарат аукцион өткізген Osenat аукцион үйінің әлеуметтік желілерінде жарияланды. Тапаншалар 1,69 миллион еуроға сатылған. Бұл — шамамен 900 миллион теңгеге тең. Дәстүр бойынша аукционды ұйымдастырушылар тапаншалардың жаңа иесі туралы ақпаратты жария етпеді. Ұйымдастырушылар әу баста 1,2-1,5 миллион еуроға бағаланғандықтан, сәтті мәмілеге жасалғанына мәз болуда. Пистолеттер жасыл барқытпен қапталған және алтынмен кестеленген жаңғақ қорапшасына салынғанын атап өткен жөн. Айтпақшы, биыл 28 маусымда Франция Мәдениет министрлігі бұл тапаншаларды ұлттық қазына деп танып, елден әкетуге тыйым салған болаты. Бұл – тапаншалардың экспорттық сертификаты жоқ деген сөз. Яғни, тапаншалардың жаңа иесі жергілікті…
АҚШ президенті Джо Байденнің пікірсайыстарда көпшілік алдында сөйлегені және ABC News арнасына берген сұхбаты Демократиялық партияның ірі демеушілерінің қорқынышын сейілте алмады, деп хабарлайды ABC News. Пікірталастардан кейін Джо Байденді отставкаға кетуге шақырған Netflix негізін қалаушы және төрағасы Рид Хастингс өз үндеуін күшейтті. «Өкінішке қарай, Байден өзінің психикалық жағдайын мойындамай отыр. Ол демократтардың жігерлі көшбасшысының Трампты жеңуіне мүмкіндік беру үшін кетуі керек», — деді Рид Хастингс. Paypal-дың бұрынғы бас директоры Билл Харристің атап өтуінше, Джо Байденнің ABC News-ке берген сұхбатында қартайып бара жатқаны байқалып тұрған. Бұл жағдай Байденге уақыт өткен сайына күмандана бастаған демократ-сайлаушылардың күмәнін үдете түсуі мүмкін. Б.Харристің пікірінше, сұхбат…
Қызылорда қаласында 1-6 шілде аралығында отбасы жанжалына байланысты 4 қылмыстық іс тіркелді. Облыс орталығында шілде айының 1-6 аралығында Қызылорда қалалық полиция басқармасының 102 арнасына 59 отбасы жанжалына байланысты хабарлама келіп түскен. «Аталған хабарламалар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының талабына сәйкес 55 құқық бұзушыға әкімшілік шара қолдану үшін сотқа жолданды. Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1 бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі)– 2, 109-1 бабымен (ұрып-соғу дерегі бойынша) – 2 қылмыстық іс тіркелді. Олар бойынша сотқа дейінгі-тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.
Алматы облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру нәтижелері бойынша бюджеттік субсидияларды ұрлаудың, оларды заңсыз төлеудің және шаруаларға «таңдау әдісімен» төленген жүйелі схемаларын анықтады. Облыс әкімдігінің есептік деректері бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. «Субсидиялау саласындағы қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасы 4,8 млрд теңгеден асты. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша өтеу процесі басталып, бүгінде бюджетке 110 млн теңге қайтарылды.Ауылдардағы әлеуметтік-өндірістік кооперативтер асыл тұқымды жануарларды алу мақсатында селекциялық жұмыстарға арналған 1,2 млрд теңге субсидияны ұрлаған. Іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмай, құжаттар ресми түрде ресімделіп, облыста асыл тұқымды мал саны ұлғайтылмаған», — деп жазды Бас прокуратурадан. Асыл тұқымды қойларды селекциялау бағдарламасын іске асыру…
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау арқылы орындалған жұмыс және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулатория салатын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған. Тергеу барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды. Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% — құрайды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәлімет жарияланбайды.
Бүгін елордада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің жетінші отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша 40 құжат бекітілді. «Іс-шараға 500-ден астам адам қатысты, оның ішінде қытайлық 50 ірі компания бар. Жалпы құны 3,7 млрд АҚШ долларынан астам сомада 40 құжатқа қол қойылды. Соның арасында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қытайлық серіктестермен 16 құжатты бекітті» делінген «Самұрық-Қазына» қоры мәліметінде. Оның арасында мына құжаттар бар: 1. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Sany Renewables Energy арасындағы ЖЭС компоненттерін шығару бойынша келісім; 2. «Самұрық-Қазына» АҚ мен SANY Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім; 3. «Самұрық-Қазына» АҚ мен China Energy Overseas Investment Co., Ltd. арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 4. «Самұрық-Қазына» АҚ мен CNPC…