7 шілдеде Францияның бірінші императоры Наполеон Бонапарттың екі тапаншасы аукционда сатылды.
Мұндай ақпарат аукцион өткізген Osenat аукцион үйінің әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Тапаншалар 1,69 миллион еуроға сатылған. Бұл — шамамен 900 миллион теңгеге тең. Дәстүр бойынша аукционды ұйымдастырушылар тапаншалардың жаңа иесі туралы ақпаратты жария етпеді.
Ұйымдастырушылар әу баста 1,2-1,5 миллион еуроға бағаланғандықтан, сәтті мәмілеге жасалғанына мәз болуда. Пистолеттер жасыл барқытпен қапталған және алтынмен кестеленген жаңғақ қорапшасына салынғанын атап өткен жөн.
Айтпақшы, биыл 28 маусымда Франция Мәдениет министрлігі бұл тапаншаларды ұлттық қазына деп танып, елден әкетуге тыйым салған болаты. Бұл – тапаншалардың экспорттық сертификаты жоқ деген сөз. Яғни, тапаншалардың жаңа иесі жергілікті бай екенін аңғару қиын емес.