- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
Дәретханадан табылған 5 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тың мәліметті жариялады. Полиция қызметкерлері тергеу іс-шаралары барысында аталған оқиғаға кәмелетке толмаған күдіктінің қатысы болуы мүмкін екендігін анықтады. Анықталған жағдайларға байланысты және күдіктінің психологиялық жағдайын ескере отырып, ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. «Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Полиция ақиқатты анықтауға және заңды шешім қабылдауға бар күшін салады», — делінген Түркістан облысының полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Айта кетейік, бұдан бұрын Сарыағаш ауданында 5 жасар қыздың денесі дәретханадан табылған болатын.
Ақтық сапар: Жол апатынан қаза болған қос полицей «Айбын» орденіне ұсынылады
Бүгін жамбылдықтар 17 тамыз күні «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық маңызы бар тас жолында қызмет өткеру барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды. Жаназаға марқұмдардың отбасысы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық ПД бастығының орынбасарлары, бірге қызметте болған әріптестері, достары қатысты. Сондай-ақ, қоштасу жиынында ҚР Ішкі істер Министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмдардың отбасына…
2024 жылдың 17 тамызында сағат 01:00 шамасында «Меркі — Шу — Бурылбайтал» республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. 25 жастағы Тойота Альфард автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Шкода Октавия патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүрген қызметтік көліктегі екі патрульдік полиция қызметкері қаза тапты. Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің бірі 11 бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке. Тойота Альфард көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болып, үш жолаушы мен жүргізуші әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қайғылы…
Атырау облысының 12 мектебінде 41 «өлі жанға» 90 млн теңге жалақы төленгені анықталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің мәлім етуінше, білім саласында жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға елеулі тосқауыл болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. «Мәселен, өткен жылы білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық 10-ға тәуекелі байқалды. Осыған байланысты тиісті органға 26 ұсыныс берілді. Талдау кезінде 12 мектепте іс жүзінде жұмыс істемейтін 41 «өлі жанға» жалақы аударылып, мемлекетке шамамен 90 млн теңге шығын келтірілгені анықталды», — дейді Нұрлан Жахин. Оның айтуына қарағанда, жергілікті департамент басшылары сыбайлас…
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында орманшылар бір мезетте 10 жерде шыққан өртпен күресуде. Абай облысында орналасқан «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында кешелі бері қызыл жалын тыныштық бермей тұр. «15 тамыз сағат 18:00-ден 16 тамыз 13:00-ге дейін орман қоры аумағында шыққан 18 өрт толықтай ауыздықталды. Мәселен, 15 тамыз күні сағат 18:39-да Бородулиха ауданы филиалындағы орманшылықта от шыққан. Тілсіз жауды сөндіруге орман өрт сөндіру бекетінің техникасы сағат 18:41-де шықты. Өрт 19:12-де өшірілген. Жалын жайылған аумақ 0,2 гектарды құрады. Өрттің шығуына найзағай себеп болған», — делінген «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан таратқан ақпаратта. 18 өрттің барлығы 1 сағаттың ішінде ауыздықталған.…
Ақтөбе облысы Ембі қаласында «Ембі жылу» КМК-нің екі жұмысшысы қаза тапты. Тағы екеуі ауруханаға түсті. Олар кәріз стансасын жөндеу жұмыстарын жүргізген. Оқиға бүгін түс мезгілде болды. Ембі қаласының әкімі Райымбек Мусағалидің айтуынша, шаһарда 5 кәріз-сорғы стансасы бар. Соның біреуінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмысшылары кенеттен қаза тапты. — Сағат 12:30-да маған «жұмысшылар қаза тапты» деген хабар келді. Бірден оқиға орнына бардым. Сол кезде екі адамның денесін шығарған, екеуін ауруханаға алып кеткен. Бір адам жұмыс істеп, бір-бірін құтқармақ болып көз жұмған секілді. Көз жұмған екі адам да 58 жаста, — деді Ембі қаласының әкімі Райымбек Мусағали. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз…
Қазақстан Бокс федерациясы Қайрат Сәтжановтың бокстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді. Айта кетейік, Қайрат Тұрсұнқанұлы Сатжанов — 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі. Бапкерлік еңбек өтілі — 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері. Қ.Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды. 2022 жылы Азия чемпионатында (Иордания) ІІ командалық орын (3 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген. 2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы I командалық орын…
Жамбыл облысы Отар ауылында әскерде жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін ауруханадан шықты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Константин Авершин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. «Бұл үлкен жеңіс әрі қуанышты жаңалық. Әбділпат Нұржігіт міне ауруханадан шықты. Біз сарбаздың сауығып кетуін ел болып тіледік. Бірінші кезекте ата-анасы үшін теңдессіз қуаныш. Осы орайда ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери госпиталі дәрігерлерінің үлесі көп екенін айтқан жөн. Сондай-ақ дәрігер Әйгерім Мұратқызына айтар алғыс зор. Өлімге араша түскен нағыз кәсіби мамандар», — деп жазды депутат парақшасына. Еске сала кетейік, бұған дейін сарбаз есін жиғанда әкесі Тимур Жаналин өзінің Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырып, тілеулес болған барша…
Арменияның аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Гнел Саносян Арменияда жаңа атом электр стансасын салуға дайындық жұмыстарын жүргізуге шақырды. Бұл туралы Г.Саносян құрылысшылар күніне арналған шара барысында мәлімдеді. Құрылысшылар күні қарсаңында Ереванда салтанатты шара өтті, оның барысында Арменияның аумақтық әкімшілік және инфрақұрылым министрі сала мамандарына арнаған сөзінде оларды маңызды және ауқымды жоба — жаңа атом электр станциясының құрылысына дайындалуға шақырды. – Мен тағы бір маңызды жобаға назар аударып, соған дайындалуға шақырғым келеді. Әңгіме Армениядағы жаңа атом электр станциясының құрылысы туралы болып отыр. Бұл ауқымды жоба еліміздің барлық құрылыс саласын жұмылдыруы керек. Бұл жобаға бірге дайындалуымыз керек. Көптеген құрылыс компаниялары өздерінің кәсіби…
Париж Олимпиадасында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақыноваға депутат Айдарбек Ходжаназаров көлік сыйлады. Бұл туралы Әбиба өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Спортшыға темір тұлпар табысталған сәтті Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров та әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын», — деп жазды Әбиба Әбужақынова әлеуметтік желіге. Еске сала кетейік, бұған дейін Айдарбек Ходжаназаров Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтқан болатын. «Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп — Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл — тектіліктің белгісі. Бұл — үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы…