- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: qaztimes
Қазақстанның қоғамында да, билігінде де ешқандай «фобия» бұған дейін болған емес, қазір де жоқ. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Халқымыз қашанда кең пейілімен, толеранттылығымен ерекшеленген. Еліміздің басты құндылығы – бірлік пен келісім ең алдымен, осы қасиеттердің арқасында сақталып отыр. Қазақстанда тіліне, дініне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және басқа да себептерге байланысты ешкімге ешқандай қысым жасалмайды, жасалуы да мүмкін емес. Әрине, мұндай жайттар ара-тұра кездеседі. Бірақ, бұл көбіне жекелеген адамдардың сауатсыздығы мен жауапсыздығынан болып жатады. Құқық қорғау органдары әрдайым заң арқылы мұндай оқиғалардың жолын кеседі. Бұған қоса, бізге белгілі кейбір теріс…
Есірткі мәселесі ушығып барады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе, құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады. Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел», — деді Қасым-Жомарт…
Мемлекеттің дамуына қажет болса, реформалар осылай үздіксіз жалғаса береді. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Азаматтарымыздың соңғы жылдардағы тағы бір талабы – әкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу. Бұл талап та орындалды. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі 2021 жылы енгізілді. Содан бері 2,5 мыңға жуық әкім сайланды. Бұл – барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы деген сөз. Қалғандары әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өз ретімен сайлана береді. Жаңа әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Олардың арасында әртүрлі кәсіп иелері, түрлі партия өкілдері бар. Орташа жасы – 46 жас. Бір сөзбен айтсақ, халық өзі…
Ресейдің Волгоград қаласында дәрігерлер 27 мың вольт тоқ соққан науқасты аман алып қалды. Волгоград облысы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, күйік орталығындағы дәрігерлер мен медбикелер оның өмірі үшін бірнеше ай бойы күрескен. Қайғылы оқиға 2024 жылдың шілде айының басында болған. Саратов облысының қырық жастағы тұрғыны Волгоградтағы құрылыс алаңында ауыр жарақат алды: металл конструкцияларын түсіру кезінде ер адамды тоқ соқты. — Жүк көліктері келді, баспалдақ марштарын шешіп, сымарқандарды беру керек болды. Мен сымарқанды алып едім, ол кернеулі болған екен. Қатты тоқ соғып, жерге құладым», – деді науқас. Ол дереу мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің жансақтау бөліміне жеткізілді. Осыдан кейін көптеген күйік…
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Камчаткада Ми-8 тікұшағы құлаған жерден 17 адамның денесін тапты. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. «Қазіргі уақытта 17 мәйіт табылды. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», — деп хабарлады министрлік. Бұған дейін хабарланғандай, кеше Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы жоғалды. Әуе көлігі федералды агенттігінің мәліметі бойынша, бортта барлығы 22 адам: 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы болған.
Батыс Қазақстан облысында жемқорлыққа қарсы еріктілер Бәйтерек ауданы Щапов ауылында салынып жатқан мәдениет үйі құрылысына мониторинг жүргізді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінен мәлім еткеніндей, клуб құрылысына бюджеттен 560 млн астам теңге қаралған. «Нысанның мердігері – «Отделстрой» құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС. Техникалық қадағалауды «Тұран Құрылыс» ЖШС, авторлық қадағалауды «БС Строй холдинг» ЖШС жүзеге асыруда. Мәдениет үйінің құрылысын биылғы желтоқсан айында аяқтау көзделген. Алайда құрылыс алаңындағы қазіргі жағдай бұл мерзімнің бұзылуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Мониторинг нәтижелері бойынша еріктілер құрылыс қарқынын жылдамдату жөнінде ұсыныстар жіберді», — деп хабарлады ведомстводан. Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов аталмыш құрылысқа қажетті 271…
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) соңғы екі жылдағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазды Sports.kz. Санта-Инез қаласында өткен бокс кешінде Ахмедов америкалық Антонио Тоддпен (17-10, 9 КО) жұдырықтасты. Ахмедов үшін бұл тарихи жекпе-жек болды. Ол бұған дейін АҚШ-та кәсіпқой жарысқа қатысқан емес. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде қазақстандық бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов кәсіпқой мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Антонио Тодд кәсіпқой рингтегі он бірінші рет жеңіліске ұшырады. Бұл Ахмедовтің 2022 жылдың желтоқсанынан бергі бірінші жекпе-жегі екенін айта кеткен жөн.
Орал қаласындағы «Жұлдыз» шағынауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 192 отбасы баспаналы болды.Кеше Деркөл кентінде 103, Зачаганда 80 отбасына жеке тұрғын үй кілттері табыс етілген еді. Осылайша, Оралда саяжайларда жалғыз баспанасы тұруға жарамсыз деп танылғандар арасынан 375 отбасы жеке үйге қол жеткізді. «Жұлдыз» шағынауданында тұрғын үй кілттерін салтанатты түрде табыстаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев жаңа қоныс иелерін құттықтады. «Көктемгі тасқын кезінде қаланың шетіндегі саяжайларды су басып, тұрғындар қиын жағдайға тап болды. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен баспанасыз қалған азаматтарды тұрғын үймен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр. Күні кеше Зачаган және Деркөл кенттерінен 183 отбасыға жаңа үй берсек, бүгін, міне, «Жұлдыз» шағынауданынан тағы…
Ыстамбұлдағы аурухананың жедел жәрдем бөліміне жасалған қарулы шабуылдан бес адам зардап шекті. Бұл туралы TRT Haber арнасы хабарлады. Оқиға қаланың еуропалық бөлігіндегі Бахчелиэвлер ауданында болды. Әзірге аты-жөні анықталмаған шабуылшылар департаменттегі адамдарға оқ жаудырған. «Бір полицей, жандармерия өкілі, күзет компаниясының қызметкері және екі бейбіт тұрғын жараланды», — деп хабарлайды телеарна. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің денсаулығына айтарлықтай қауіп жоқ. Оқиға орнынан шабуылдаушылар тастап кеткен көлік табылды. Полицейлер оларды іздестіріп жатыр.
– Тәуелсіздік күні қарсаңында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Жазасын өтеп жатқан, істеген ісіне өкінетін және өмірін өзгертуге бет алған адамдар тобына рақымшылық жасау» жарлығына қол қойды, «UzA» ақпарат агенттігінде жарияланған президент жарлығына сай, 522 адамға рақымшылық жасалды. Олардың ішінде 159 сотталған негізгі жазасын өтеуден толық босатылса, 303 адамның шартты жазасы күшін жояды. Сонымен қоса, 60 адамның жазасы жеңілдейді. Рақымшылық жасалғандардың қатарында шет мемлекеттердің 19 азаматы, 56 әйел, 60 жастан асқан 25 ер адам, 233 жас (оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған), сондай-ақ тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан 27 адам бар. Жарлықты орындау шеңберінде жауапты ведомстволарға рақымшылық алған адамдарды отбасына қайтару, олардың…