- «Тұран» университеті ішкі грант санын екі есе арттырды
- Жамбыл облысында ер адамнан 32 келі есірткі тәркіленді
- Жетісу облысының кәсіпкерлеріне кірістер органы негізсіз салық төлеткен
- Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз: ҚР Ұлттық банкі ескертеді
- Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
- Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 12,4% — Үкімет
- 31 шілдеде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі
- Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантты қалай алуға болады – Еңбек министрлігі түсіндірді
Автор: amirbolat
Жамбыл облысында ірі жол апаты болып, бірден 26 көлік соқтығысты, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Полиция хабарлауынша, тәртіп сақшыларының жол қозғалысы ережелерін сақтау, қолайсыз ауа райында жолға шықпау туралы бірнеше мәрте ескертулеріне қарамастан, жүргізушілер ережені бұзуды жалғастыруда: жылдамдықты асырып, қашықтықты сақтамайды, жазғы шиналармен жүреді, бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларына әкеп соғады. «2024 жылы 31 қаңтарда сағат 10:47-де Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының маңында Батыс Еуропа «Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 567-шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, көрінудің шектелуі, боран) 26 автокөліктің (4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл көліктер) қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды» — делінген хабарламада. ЖКО салдарынан қаза тапқандар жоқ. «Б.…
Шошқаға елімізде өте көп қаражат бөлінеді. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса жылқыға субсидия беріліп, жылқы етін мемлекеттік сатып алу тізіміне енгізу қажеттігі жайлы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. «Биылғы қалың қар, қатты қыс мал шаруашылығына оңай тиіп жатқан жоқ. Бұл әсіресе, қазақ «ер қанаты» деп бағалаған жылқы малына аса ауыр тиюде. Еліміздің солтүстік өңірлерінде жем-шөптің таусылып, далада қардың беті жаппай мұз құрсанып, жылқылар тебіндей алмай, толықтай қолға қараған, өлім-жітім көп деген ақпараттар келуде. Шаруалар онсыз да жем-шөбі жоқ, жөнді субсидия берілмейтін жылқы малынан айырылып қалу қаупі бар. Өйткені, жем-шөбі таусылған фермерлер де, қорадағы малына қараған ауыл адамдары…
«Ұстазым қол жүгіртті»: Астанада студент қыз ЖОО профессорынан қорлық көргенін мәлімдеді
«Буллингтің астында қалдым, ұстазым қол жүгіртті» деп мәлімдеме жасаған Астана медициналық университетінің студенті бүгінде өзге мұғалімдерден теперіш көруде. Төртінші курс студенті «Университетте жүріп-тұруым мұң болды» дейді. Ұстаздың оғаш әрекетін көрген жалғыз бұл емес екен. Профессорға өкпелі бірнеше студент полицияға арыз түсірген. Мән-жайды қазір полиция анықтап жатыр, деп хабарлайды QazTimes агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Елордадағы медицина университетінің төртінші курс студенті 17 қарашада болған оқиғаны жиіркенішпен еске алады. Айтуынша, емтиханды қайта тапсыруға шақырған ұстазы сол күні ерекше ізетті, сыпайы болып көрінген. Дәрісханаға кірген бойы есікті құлыптап, терезелерді жапқан соң, профессор «теориядан практикаға» көшкісі келіп, қызықтың көкесі сол кезде басталыпты. «Маған «төс тартқышыңды…
«Табысы мен мүлкін жасырған»: Алматыда балаларына алимент төлеуден қашып жүрген әкелер көп
Алматыда әлимент төлеуден қашып жүрген 1500-ге жуық әке бар, деп хабарлайды QazTimes ақпараттық агенттігі. Өткен жылы Алматыда сот орындаушылар алимент өндіріп алу туралы 22 415 атқарушылық іс жүргізілді. Оның ішінде ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 159 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Департаменттің басшысы Балаим Кесебаеваның айтуынша, алимент бойынша борышкерлер балаларын асыраудан бас тартып, нақты қаржылық мүмкіндіктері болса да, табыстары мен мүлкін жасырады. «Ішкі істер органдарына борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 133 ұсыныс жолданды (ҚР бойынша 1242)», — деді Кесебаева. Сонымен қатар, борышкерлерге қарыздарына байланысты республикадан шығуға 1328 уақытша тыйым салынды. Департаментте жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру және кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіріп…
Алматы облысында аурухананың бас есепшісі 7 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды QazTimes ақпараттық агенттігі. Ұйғыр аудандық орталық аурухананың бухгалтері Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың қаражатын 90 млн.теңге көлемінде бергені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде енгізген. «Азаматша Д. аудандық аурухананың есепшісі бола отырып, бұл қаражатты өз шотына аудару арқылы иемденген. Талдау шеңберінде Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 млн. теңгеге бұзушылықтарды анықтады, олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет. Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылды», — деп хабарлады Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. Мердігерлер тапсырыс берушілердің шоттарына шарттық міндеттемелердің орындалуын…
Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Атырау қаласындағы мектептерде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Белгісіз біреулер «Конец Атырау» атты Telegram-канал ашып, 26 қаңтарда тұрғындар мәңгіге ұмытпайтынын мәлімдеді. Канал авторлары Binom Alfarabi, Binom Konayev, №38 бен 48 мектептерде барлығын жаппай өлтіретіндерін хабарлады. «Біз сіздердің мектептеріңізге кіріп, барлығын және әрқайсысысын атамыз» деп жазылған Telegram-каналда. Осыған орай, облыстық полиция департаменті пікір білдірді. «Осы дерек бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі таңда құзіретті органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның…
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған 2023 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыс етті, деп хабарлайды QazTimes ақпараттық агенттігі. Салтанатты іс-шара Алматының «Достық үйінде» өтті. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақын-жазушылар мен әдебиеттанушыларға, драматургтер мен публицистерге, театр, кино және балет актерлеріне, қолөнершілер мен өзге де мәдениет майталмандарына стипендия табыс етті. Мемлекеттік стипендия Қазақстанның 75 әдебиет пен өнер қайраткеріне берілді. Мәдениет саласындағы стипендия Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов Иранбек Оразбаев, Нұрғали Нүсіпжан, Тұңғышбай Жаманқұлов, Меруерт Өтекешова, Амандос Ақанаев, Дулат Исабеков, Төлен Әбдік, Әкім Тарази, Гульвер Разиева және басқа да…
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдени іс-шарасында кәмелетке толмаған қыздың қаза табуына қатысты қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. «Айыпталушы адамның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша сараланған (абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету шығарылған)», — деп хабарлады Ұзынкөл ауданының прокуратурасы. Баптың санкциясы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Айыптау актісімен қылмыстық іс Ұзынкөл аудандық сотына келіп түсті. Еске салсақ, өткен жылдың 25 тамызында Ұзынкөл кентінде Жастар күніне арналған іс-шарада 9 жастағы қызды тоқ соққан болатын. Ол 12 қыркүйек күні…
Түркістан облысында білім саласына 1,8 млрд теңгені жымқыру бойынша тағы екі факті тергелуде, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен және әкімдіктің атсалысуымен Мақтаарал аудандық білім бөлімінің есепшілеріне 1,2 млрд теңге және Бәйдібек аудандық білім басқармасымен 600 млн көлемінде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Бүгінгі таңда аталған 2 ауданда мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам. «2020-2023 жылдар аралығында «1С: Бухгалтерия» есеп бағдарламасында жалпы білім беретін мектептер қызметкерлерінің карточкалық шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) орнына олармен үлестес тұлғалардың ЖСН енгізген айыпталушылар анықталды. Сотқа дейінгі…
«Вейп сатылымы 300 есеге өскен»: Дәулет Тұрлыханов электронды темекімен қатар кальянға да тиым салуды ұсынды
Қоғамда дендеп тұрған дерттің бірі – вейп тұтыну. Электронды темекіге, әсіресе жасөспірімдер арасында сұраныс артып келеді. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында осы негізгі норма көзделген заң жобасы мақұлданып, Сенатқа жолданды. Аталған заң ұлт саулығын қорғауға бағытталған, деп хабарлайды QqazTimes агенттігі Azattyq Rýhyсілтеме жасап. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Дәулет Тұрлыханов «Қазақстан балалар қоры» жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесін бөлісіп, мәселенің қаншалықты өткір тұрғанын айтты. «Онда апта сайын астаналық және алматылық жастардың шамамен 80 пайызы сатып алатыны айтылған. Сұмдық емес пе?! Ал оның құрамында не бар екені белгісіз. Өйткені елімізде оның құрамын зерттейтін лаборатория жоқ. Қаржы министрлігінің дерегінше, 2020 жылдан бері…