Автор: amirbolat

видеодан скриншот Бизнесмен Райымбек Баталов instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. Ол кеше, 22 сәуір күні Қуандық Бишімбаевтың сотында болған оқиғадан кейін өзінің абыройын қорғау үшін осы әрекетке барғанын айтады. «Достар, Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты соңына дейін пікір білдіргім келген жоқ. Алайда, менің атым мен абыройыма нұсқан келтіретін адам сенгісіз сөздерден кейін осылай істеуге мәжбүрмін. Айтайын дегенім, аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отырған адамның маған қатысты айтылған сөздері – жындының сандырағы, бұл таза өтірік. Бұл жалған сөздерге сенбеңіздер, БАҚ өкілдері мен блогерлерден тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды сұраймын. Және осындай ауыр қайғыға душар болған Салтанаттың жақындары мен…

Read More

В городе Конаев на набережной Капчагая состоялось торжественное открытие «Аллеи волонтёров», передает Steppenews. Это мероприятие стало частью республиканской инициативы «Таза Қазақстан», нацеленной на очищение и улучшение экологической обстановки в стране. Идею создания аллеи предложили волонтёрские организации Алматинской области, желая таким образом сплотить усилия всех участников движения. На мероприятии присутствовали представители 15 волонтёрских организаций, а также молодые экологические активисты и студенты. В рамках акции было высажено более 200 молодых деревьев, что стало символом возрождения и надежды на лучшее будущее. Основная цель акции — не только объединение волонтёрских усилий области, но и вклад в реализацию проекта «Таза Қазақстан». Организаторы выразили надежду на…

Read More

Фото: видеодан кадр/egovpress Әлеуметтік желіге шыққан видеодан тұтас жолақты кесіп өткен полиция көлігіне мопедтің соғылғанын көруге болады. Желідегі жазбада аталған видеоның көптеген әлеуметтік желінің каналдарынан алып тасталғаны жазылған. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты қаланың Жетісу ауданында болған, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. Шұғыл шақыруға шыққан патрульдік полиция экипажы алдын ала жыпылықтайтын шамдар мен жарық сигналды дауыс зорайтқыш қондырғыны қосып, белгіленген ережелерді қатаң сақтай отырып, кері бұрылу маневрін жасады. Жол қозғалысына қатысушылар полиция көлігіне жол берген. Алайда, қоғамдық көлікке арналған жолмен келе жатқан мопед жүргізушісі заң талабын елемей, патрульдік көлікпен соқтығысқан. «Мопед жүргізушісі медициналық көмектен бас тартты. Жол апаты фактісі тіркелді. «Chevrolet»…

Read More

Фото: freepik.com «Отбасы» банкі төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов Үкімет отырысында 1 мамырдан басталатын «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары жайлы айтты, деп хабарлады Steppenews агенттігі. Айта кетейік, биыл мамыр айынан бастап Президенттің тапсырмасына сай «Наурыз» бағдарламасы іске қосылады. «Бағдарлама қатысушыларына депозитті ашу мерзіміне ешқандай талап қойылмайды. Депозитте кем дегенде 1 млн теңге болуы керек. Соңғы 5 жылда тұрғын үй және тұрғын үйге қатысты операциялар болмауы керек.  Ипотекалық несие әлеуметтік осал топтарға 7 пайызбен, қалған санаттағы азаматтар үшін – 9 пайызбен беріледі. Алғашқы жарна — 20 пайыз. Қарыз мерзімі 19 жылға дейін созылады. Өтінімдерді  қабылдау биыл 1 мамырдан басталса, келесі жылы наурызда басталады.…

Read More

видеодан скриншот 2023 жылы 9 қарашада, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенова қаза тапқан күні Қуандық Бишімбаев әйелдермен жайбарақат күйде хат алмасқан, деп хабарлайды Steppenews ақпараттық агенттігі. Сотта Қуандық Бишімбаевтың телефонындағы ақпараттар зерттеліп жатыр. Судья оның хаттарын тексере келе 2023 жылы 9 қараша күні хат жазған адамдардың есімін, Бишімбаев олармен не туралы сөйлескенін оқыды. Судьяның, мемлекеттік айыптаушы мен зардап шеккен тараптың адвокаттарының назарын аударған есім Юлия болды. Бишімбаев бұл адамды «Юлия супер» деп сақтаған және сол күні оған хат жазған. Хат 9 қараша сағат 19:07-де басталып, сағат 19:36-да аяқталған. «9 қараша күні 19:07-де Бишімбаев «қалың қалай?» деп жазған. Юлия супер «сенің…

Read More

kommersant.ru Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа ТМД елдеріндегі танымал журналист, тележүргізуші, продюсер Ксения Собчак келді, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. Ол Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысып, осы оқиға бойынша арнайы бағдарлама түсіруге келген. Оның «Осторожно, новости», «Осторожно, Собчак» атты авторлық жобалары, instagram желісінде 10 миллионға жуық оқырманы, «Кровавая барыня» атты Telegram арнасы бар.

Read More

Фото: ANADOLU AGENCY 24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылмақ. «Кэмеронның іссапары кезінде оны ел басшылығы қабылдап, премьер-министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізеді», – делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Read More

2024 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматыда онкологиялық дерттерді ерте анықтау шараларына 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. Арнайы скринингтік тексерулер обырдың үш түрін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Скринингтік зерттеулерден қалай өтуге болады және бұл тексерулердің маңызы қандай? Бұл туралы МСҚ Алматы филиалы өкілдері әңгімелеп берді. Хабарламаға сүйенсек, биыл 228 мыңға жуық алматылық тұрғын онкологиялық тексерулерден өтуі тиіс. Скрининг арқылы қандай сырқаттарды анықтауға болады? • Жатыр мойны обырын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы әйелдер • Сүт безі обырын ерте анықтау – 40-70 жас аралығындағы әйелдер • Колоректальды обырды ерте анықтау – 50-70 жас аралығындағы ерлер мен…

Read More

Жақында Жас Алаш порталы «Мәдениет саласындағы тендерлер. Тергеліп жатқан Майлыбаевтың қай орынбасары?» тақырыбында мақала жариялаған болатын. Онда жемқорлық күдігімен ұсталған мәдениет саласындағы шенділер туралы, сондай-ақ Алматы қалалық мәдениет басқармасының қызметкеріне қатысты зерттеу жүргізді. Былтыр 12 мамырында Алматы облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Кейінгі мәлімет бойынша, ол қамауда отыр. Арада бес ай өткенде, 12 қазанда Шымкенттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеевті ұстағанын хабарлады. Ал қараша айында антикор Алматы қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты іс қозғалғанын ресми жариялаған еді.…

Read More

Мемлекет басшысына «АМАНАТ» партиясы атынан премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Steppenews агенттігі. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады. «Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды», — делінген хабарламада. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Read More