Фото: ANADOLU AGENCY
24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Steppenews агенттігі.
Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылмақ.
«Кэмеронның іссапары кезінде оны ел басшылығы қабылдап, премьер-министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізеді», – делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.