SteppeNews.kz: Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өткізіледі, деп хабарлайды SteppeNews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан үшін ТМҰ-ға мүшелік етудің стратегиялық маңызы зор. Бұл ұйым өткерім нарығын кеңейтуге, сауда байланыстарын әртараптандыруға, сондай-ақ Азия, Еуропа, Кавказ және Таяу Шығыс арасындағы транзиттік әлеуетті арттыруға арналған тиімді алаң ретінде қарастырылады.
Сарапшылардың пайымдауынша, Түркі мемлекеттері ұйымы тек мәдени ықпалдастық аясымен шектелмей, бірте-бірте ауқымды геосаяси және экономикалық бірлестікке айналып келеді.
Түркістандағы кезекті саммит жасанды интеллект пен цифрлық даму мәселелеріне арналған. Бұл басқосу түркітілдес мемлекеттер басшылары арасындағы сындарлы да сенімді диалогтың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындап, өзара тиімді серіктестіктің өрісін кеңейтуге және Орталық Азияның халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге септігін тигізеді деп күтілуде.
Дүниежүзілік саясатта түркі елдерінің ықпалы артып келе жатқан тұста, сыртқы саяси бағыттарды үйлестіру мен ТМҰ-ның институционалдық тетіктерін нығайту қажеттілігі де жоғарылап отыр.
Талдаушылардың пікірінше, Түркістандағы бұл жүздесу маңызды дипломатиялық шара ғана емес, сонымен бірге Қазақстан басты рөлдердің бірін атқарып отырған түркі әлеміндегі интеграциялық процестердің тереңдей түскенін көрсететін айқын дәлел.
