Қазақстан биыл Қытайға астық жеткізу көлемін 1,8 есеге арттырып, 436 мың тоннаға жеткізді. Ауғанстанға экспорт та 1,6 есеге өсіп, 632 мың тоннаны құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп жазады SteppeNews.kz.
Сонымен қатар Қазақстанның Өзбекстан мен Тәжікстанға астық экспорты да өскен. Атап айтқанда, Өзбекстанға жеткізілім 8,8 пайызға артып, 1,39 млн тоннаға жетсе, Тәжікстанға экспорт 9,6 пайызға өсіп, 417 мың тоннаны құрады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл астық пен астық баламасына шаққандағы ұн экспортының жалпы көлемі 16 млн тоннаны құраған. Өткен маусымда бұл көрсеткіш 15,3 млн тонна болған.
Экспорттың өсуі биылғы маусымда да жалғасып келеді. Қыркүйектен 10 қарашаға дейін шетелге 3,28 млн тонна астық жөнелтілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4 пайызға артық.
Келесі материал: Қырғызстан азаматтарына Қытайда білім алуға арналған 9 мемлекеттік грант бөлін«Біздің міндетіміз – дәстүрлі нарықтардағы орнымызды нығайту, жаңа өткізу нарықтарын игеру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін өнім өткізудің тұрақты әрі болжамды жағдайларын қамтамасыз ету», – деді Айдарбек Сапаров.
