SteppeNews.kz: Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық көрмесін тамашалады.
Президентке қазірдің өзінде ондаған жобаға негіз болып отырған Al-Farabium суперкомпьютері таныстырылды. Солардың бірі – «Қазақтелекомға» арналған ИИ-ассистенті. Ол қоңырауларды автоматты түрде өңдеп, алаяқтарды анықтауға қабілетті.

Сонымен қатар, цифрлық активтер саласындағы жобалар ұсынылды: Қазақстанда криптоинфрақұрылымды дамыту және KASE базасында токенизацияланған қаржы құралдарын іске қосу жоспарлануда.
Логистика мәселесіне де ерекше назар аударылды: KEDEN және SmartCargo платформалары, сондай-ақ KazMaps автожолдарының цифрлық картасы көрсетілді.
Бұдан бөлек, Тоқаевқа Алматының қауіпсіздік пен білім беруден бастап, қаланы басқаруға дейінгі салаларды қамтитын IT-шешімдері таныстырылды.
