Жексенбі күні Шри-Ланканың батысындағы Гампаха қаласында Қытай қаржыландыратын 14 көпірді қалпына келтіру жобасының басталу рәсімі өтті. Көпірлер былтыр «Дитва» циклоны салдарынан қираған деп хабарлайды SteppeNews.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Іс-шарада Шри-Ланканың көлік, автомобиль жолдары және қала құрылысы министрі Бимал Ратнаяке көпірлердің қалпына келтірілуі елді мекендер арасындағы байланысты қайта жандандырып, экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге ықпал ететінін айтты.
Министр Қытай тарапымен тығыз ынтымақтастық орнатып, екіжақты келісімді Шри-Ланка халқына нақты пайда әкелетін нәтижелерге айналдыруға уәде берді.
Қытайдың Шри-Ланкадағы елшісі Вэй Хуасиан жобаның Қытай тарапынан ізгі ниетін білдіретінін және арал мемлекетіне табиғи апат салдарын еңсеруге көмектесуге бағытталғанын атап өтті.
Жобаны іске асыру туралы келісім 28 қыркүйекте жасалған.
Келесі материал: Британдық жазушы Ник Филдинг Ботай мәдениетімен танысты
