«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына британдық журналист, жазушы әрі Орталық Азия тарихын зерттеуші Ник Филдинг келді. Бұл туралы SteppeNews.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сапар барысында ол музей экспозициясын аралап, археологиялық жәдігерлермен танысты. Оған Ботай қонысының Ұлы даланың ежелгі тарихын зерттеудегі орны мен маңызы туралы мәлімет берілді.
Кездесу кезінде Қазақстанның археологиялық мұрасын сақтау, зерттеу және кеңінен таныту мәселелері де қозғалды. Ник Филдинг Ботай мәдениетінің Ұлы дала өркениетіндегі рөлі туралы тың ақпарат алып, өңірдің көне тарихын айғақтайтын мұрамен жақынырақ танысты.
Ник Филдинг Қазақстан мен Орталық Азия тарихына арналған зерттеулері және жарияланымдарымен танымал.
Келесі материал: Ташкентте «Әуе Жібек жолын» дамыту және жаңа бағыттарды ашу мәселелері талқыланады
