Жаңалықтар

Jibek Joly Президенттің сөз сөйлеуін онлайн көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеуі Jibek Joly арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының сөзін Ақорданың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан және 24kz телеарнасынан Астана уақытымен сағат 21:30 шамасында көруге болады. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясының Жалпы дебаттың ашылуына қатысады.

Пленарлық отырысты БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының төрағасы Анналена Бербок ашады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшыларының ішінде бірінші болып сөз сөйлейді. Барлығы 97 мемлекет басшысы қатысады.

Добавить комментарий