Димаш Құдайберген Before the Applause (“Қошеметке дейін”) деректі фильмін жарыққа шығармақ.
Қазақстандық әнші Димаш АҚШ-тағы концерті туралы фильмінің трейлерін таныстырды, — деп хабарлайды SteppeNews.kz. Деректі фильм Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен тарихи концертке дайындықты баяндайды.
Madison Square Garden сахнасындағы тарихи кеш
2025 жылғы 5 қазанда Димаш Stranger шоуын көпшілікке ұсынды. Димаш Құдайберген — әлемдегі беделді концерт алаңында жеке кеш өткізген тұңғыш қазақстандық өнерпаз. Бұл оқиға оның шығармашылық жолындағы ең үлкен белестердің бірі ретінде бағаланады.
Фильм мазмұны
Нью-Йорктегі концертке дайындық барысы көрсетіледі. Әншінің жеке естеліктері экранизацияланған. Отбасы мен шығармашылық топтың пікірлері айтылған. Сахна сыртындағы әсерлі сәттер көрсетілген.
Фильм көрерменге тек концертті ғана көрсетіп қоймайды. Димаш бұл туындысында ұзақ жылғы қып-қызыл еңбекті, дайындықты және шығармашылық жолды көрсетуді мақсат еткен.
Концерт бағдарламасы
Қазақстанның мемлекеттік әнұраны әуелейді. Нью-Йорк төрінде Димаштың авторлық “Самғау” әні шырқалады. Grammy сыйлығының иегері Уолтер Афанасьевтің сүйемелдеуімен Love’s Not Over Yet хиті айтылады.
Stranger турының басталуы
Madison Square Garden-дегі кеш Stranger турының әлемдік кезеңіне жол ашты. Аренаға түрлі елден келген жанкүйерлер жиналып, зал лық толды. Бұл тур Димаштың халықаралық деңгейдегі мәдени елші ретіндегі рөлін айқындады.
Фильм авторлары бұл концертті Димаштың кәсіби өсуінің, көпжылдық еңбегінің және үлкен арманының орындалуы деп бағалады. Жаңа турдың алғашқы концерті өтетін қала туралы ақпарат жақын күндері жарияланады.
