Алматыда УЕФА-ның IV санаттағы талаптарына сай келетін, 45 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионының құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа спорт нысаны Құлжа тасжолы мен Талғар тасжолының қиылысына жақын орналасқан шамамен 32 гектар аумақта бой көтеруде. Болашақта бұл кешен халықаралық деңгейдегі футбол матчтары мен ірі спорттық іс-шараларды қабылдайтын маңызды инфрақұрылымдық нысандардың біріне айналмақ.
Жоба аясында негізгі футбол аренасынан бөлек, жаттығу алаңы, спортшылар мен командаларға арналған қызметтік бөлмелер, жанкүйерлерге арналған арнайы аймақ және іргелес аумақты кешенді абаттандыру жұмыстары қарастырылған.
Сондай-ақ стадионның көлік қолжетімділігін жақсарту мақсатында оған жақын орналасқан жол инфрақұрылымын дамыту жоспарланған. Бұл жанкүйерлер мен қала тұрғындарының спорт нысанына қолайлы қатынауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жаңа стадионның құрылысын 2028 жылдың наурыз айында аяқтап, пайдалануға беру көзделіп отыр.Нысанды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
