Astana Motors құрамындағы OMODA & JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы модельдік қатарын кеңейтіп, Қазақстан нарығына жаңа OMODA C5 HEV (SHS-H) кроссоверін шығарады. Аталған модель көлік құралы типінің ресми мақұлдауын (КҚТМ) алды. Өндіруші – Алматы қаласындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауыты.
Модель сыртқы қуаттау станцияларына қосылуды қажет етпейтін HEV (Hybrid Electric Vehicle) өздігінен қуатталатын гибридт жүйемен жабдықталған. Аккумулятор бензин қозғалтқышы жұмыс істеген кезде және тежеу барысында энергияны рекуперациялау есебінен қуатталады.
Қозғалтқыш пен трансмиссия. Кроссовер 143 ат күші мен 215 Н·м айналу моментін өндіретін 1,5 литр бензинді турбоозғалтқышпен жабдықталған. Тарту Электромотордың ең жоғары тарту қуаты 204 ат күшін құрайды. Күштік қондырғы арнайы әзірленген екі сатылы DHT гибрид трансмиссиясымен бірге жұмыс істейді. Жетек түрі – алдыңғы.
Гибрид жүйе үш түрлі (электрлі, тізбекті немесе параллель) жұмыс режимінің бірін автоматты түрде таңдайды. Жол жағдайына қарай автокөлік электр қуатымен қозғала алады, электр энергиясын өндіру үшін бензин қозғалтқышын пайдаланады немесе екі қозғалтқышты бір уақытта іске қосады.
Автокөлік октан саны кемінде АИ-92 болатын бензинді пайдалануға арналған. Жанармай багының көлемі – 51 литр. Қозғалыстың ECO және SPORT атты екі режимі қарастырылған.
Өлшемі және жүріс бөлігі. Кроссовердің ұзындығы – 4 534 мм, ені – 1 824 мм, биіктігі – 1 602 мм. Дөңгелек базасы – 2 610 мм. Автокөлік бес орынға есептелген.
OMODA C5 HEV (SHS-H) алдыңғы жағында тәуелсіз McPherson аспасымен, артқы жағында көп иінтіректі аспамен жабдықталған. Сонымен қатар электр күшейткіші бар рульдік басқару жүйесі, барлық дөңгелектегі дискілі тежегіштер және 18 дюйм жеңіл қорытпалы дискілер қарастырылған.
Жайлылық және интерьер. Luxury жинақтамада алдыңғы орындықтарды реттеу, жылыту және желдету функцияларымен жабдықталған. Жүргізуші орындығында бел тірегін электрлі реттеу мен массаж функциясы да бар. Артқы қатардағы жолаушыларға арналған орындықтарды жылыту мүмкіндігі қарастырылған.
Жабдықтар қатарында екі зоналы климат-бақылау жүйесі, руль дөңгелегін, алдыңғы және артқы әйнектерді, әйнек жуғыш бүріккіштерін жылыту функциялары, электрлі люк, жүксалғыш есігінің электр жетегі, кілтсіз басқару жүйесі және кілт арқылы қозғалтқышты қашықтан іске қосу функциясы бар.
Салон жасанды былғарымен қапталып, қара-сұр және Tile Green түстегі екі нұсқада ұсынылады.
Мультимедиа және технологиялар. Кроссовер диагоналі 15,6 дюйм болатын орталық сенсорлық экранмен және диагоналі 8,88 дюйм цифрлық аспаптар панелімен жабдықталған. Мультимедиа жүйесі Apple CarPlay, Android Auto, Bluetooth және дауыстық басқару функцияларын қолдайды.
Жинақтамаға қатарына сегіз динамигі бар аудиожүйе, қуаты 50 Вт сымсыз смартфон қуаттағышы, алдыңғы және артқы жолаушыларға арналған USB-A және USB-C порттары, сондай-ақ салон ішін контурлы жарықтандыру жүйесі кіреді.
Қауіпсіздік және жүргізушіге көмектесу жүйелері. OMODA C5 HEV (SHS-H) алты қауіпсіздік жастығымен, ESC тұрақтандыру жүйесімен, ABS бұғаттауға қарсы тежеу жүйесімен, электронды тұрақ тежегішімен және Auto Hold функциясымен жабдықталған. Сонымен бірге балаларға арналған автокреслоларды орнату үшін ISOFIX бекіткіштері қарастырылған.
Электронды көмекшілер кешеніне ACC адаптивті круиз-бақылау жүйесі, AEB автоматты шұғыл тежеу, FCW алдыңғы жақтан соқтығысу қаупін ескерту, қозғалыс жолағында ұстау және жолақтан шығу туралы ескерту, кептелісте қозғалысқа көмектесу және соқыр аймақтарды бақылау жүйелері кіреді.
Тұраққа қоюды жеңілдету үшін 540° шолу камерасы, алдыңғы және артқы тұрақ датчиктері қарастырылған. Бұдан бөлек, автокөлік артқы жақтан соқтығысу және артқа жүру кезінде көлденең бағыттағы қозғалыс туралы ескертетін қосымша жүйелермен, соның ішінде автоматты тежеу функциясымен жабдықталған.
Келесі материал: Алматы метросында жолаушылар ағыны 73%-ға өсті
