Алматыдағы Astana Motors коммерциялық техника зауытында толық жетекті Changan Hunter Plus (Travel Plus) пикабын шығару басталды. Бұған дейін бұл модель Қытайдан жеткізіліп келген. Автомобиль ресми түрде көлік құралының типін мақұлдау (КҚТМ) құжатын алды.
Жаңа модельді Қазақстандағы Changan брендінің ресми дистрибьюторы таныстырады. Ол Astana Motors құрамына кіреді.
Changan Hunter Plus күнделікті сапарларға, жұмысқа және алыс жолға шығуға арналған. Пикап жол талғамайтын көліктің мүмкіндіктерін, жеңіл автокөліктің жайлылығын және жүк көлігінің практикалығын біріктіреді. Бағасы – 13 990 000 теңге.

Қуаты мен жол талғамайтын мүмкіндіктері
Changan Hunter Plus капотының астына 226 ат күшіне ие, ең жоғары айналу моменті 390 Н·м болатын 2,0 литрлік бензинді турбоқозғалтқыш орнатылған. Ол 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен жұмыс істейді.
Толық жетекті 4WD жүйесі автомобильдің әртүрлі жол жабындарында, соның ішінде топырақты жолдар мен күрделі жолсыз жерлерде сенімді қозғалуына мүмкіндік береді.
Автомобильде бес қозғалыс режимі бар: Eco, Comfort, Sport, Snow және Off-road. Әр режим көліктің жұмысын белгілі бір жол жағдайына бейімдейді.

Жүк көтерімділігі – 575 келіге дейін
Changan Hunter Plus моделінің басты ерекшеліктерінің бірі – кең ашық жүк платформасы. Оның ұзындығы 1600 мм, ені 1595 мм. Бұл құрылыс материалдарын, жұмыс жабдықтарын, спорттық керек-жарақтар мен көлемді жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Жүк платформасының борт биіктігі – 500 мм, ал автомобильдің жүк көтерімділігі 575 келіге дейін жетеді.
Пикаптың жалпы ұзындығы – 5350 мм, ені – 1980 мм, биіктігі – 1875 мм. Дөңгелек базасының ұзындығы 3180 мм болғандықтан, екі қатарлы салонда жолаушыларға жеткілікті орын қарастырылған.

Заманауи технологиялар мен жайлылық
Changan Hunter Plus жүк тасымалдауға арналған автомобиль болғанымен, заманауи жеңіл көліктерге тән жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Алдыңғы панельдің ортасында Apple CarPlay және Android Auto жүйелерін қолдайтын 12,3 дюймдік мультимедиа экраны орналасқан. Жүргізуші мен жолаушылар смартфондарын қосып, навигацияны пайдалана алады, музыка тыңдап, түрлі қосымшаларды басқарады. Дыбыс сапасына алты динамиктен тұратын аудиожүйе жауап береді. Сондай-ақ Bluetooth, радио және құрылғыларды қосу мен зарядтауға арналған үш USB ұясы бар.

Жүргізушінің алдында диагоналі 7,5 дюйм болатын цифрлық аспаптар панелі орнатылған. Жылыту функциясы мен экотеріден жасалған қаптамасы бар көпфункциялы рөл негізгі жүйелерді басқарып, назарды жолдан аудармауға мүмкіндік береді.
Салонда сәндік тігісі бар жұмсақ әрлеу материалдары қолданылған. Артқы қатардағы жолаушылар үшін жеке ауа өткізгіштер мен реттелетін бас тірегіштер қарастырылған. Сонымен қатар 12 В розеткасы, заттарды сақтауға арналған бөлімдер және автоматты беріліс қорабының эргономикалық селекторы бар.
Қауіпсіздік жүйелері мен электронды көмекшілер
Changan Hunter Plus белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Олардың қатарында алдыңғы және алдыңғы бүйірлік қауіпсіздік жастықтары, 360° шолу камералары, артқы тұрақ датчиктері және кіріктірілген бейнетіркегіш бар.
Электронды көмекшілер жүргізушіге әртүрлі жол жағдайында көлікті бақылауға көмектеседі. ABS бұғаттауға қарсы тежеу жүйесі, EBD тежеу күшін электронды бөлу жүйесі және ESP тұрақтылықты сақтау жүйесі қозғалыс кезіндегі орнықтылықты қамтамасыз етеді. TCS тартылысты бақылау жүйесі мен BA шұғыл тежеу көмекшісі күрделі маневрлер кезінде қосымша қолдау көрсетеді.

Жолсыз жерлерде HHC өрге көтерілуге көмектесу және HDC төмен түсу кезінде жылдамдықты бақылау жүйелері пайдалы. Сондай-ақ автомобиль жолақтан шығу туралы ескерту жүйесімен (LDW), шиналардағы қысымды бақылау жүйесімен (TPMS) және ұзақ сапарларды жайлы ететін круиз-бақылаумен жабдықталған.
Айқын дизайн және практикалық шешімдер
Changan Hunter Plus сыртқы келбеті оның жол талғамайтын сипатын айқындайды. Көлемді шанақ, биік орналасқан салон және айқын сызықтар заманауи пикаптың танымал бейнесін қалыптастырады.
Автомобильдің практикалығы ұсақ бөлшектерінен де байқалады. Алюминий бүйірлік табалдырықтар биік көлікке отыруды жеңілдетеді, төбедегі рейлингтер жүк тасымалдау мүмкіндігін кеңейтеді, ал хромдалған есік тұтқалары сыртқы көрінісін толықтырады.

Жаңа Changan Hunter Plus (Travel Plus) қуатты, кең әрі әмбебап автомобильді бағалайтындарға арналған. Ол күнделікті жұмыс міндеттерінен бастап Қазақстан бойынша саяхаттарға дейінгі түрлі қажеттіліктерге бейімделген.
Келесі материал: Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі. Бұл жұмыскерлер мен бизнеске не береді?
