25 маусымда Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Синьцзян экономикасының серпінді дамуымен танысу үшін «Қытай — Евразия» IX ЭКСПО көрмесіне барды.
Биылғы көрмеге 49 елдің, аймақтың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Оның ішінде 27 мемлекет өздерінің ұлттық павильондарын ұсынды. Айта кетерлігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы, Ресей және Таиланд өз павильондарын биыл алғаш рет ашты.

Қырғызстанның «Ала-Тоо 24» телеарнасының журналисі Максат Боромбаев өз әсерімен бөлісті:
«Бұл менің Синьцзянға алғашқы сапарым және мұндай ауқымды көрмеге бірінші рет қатысуым. Қырғызстан павильонының өте ашық, жақсы безендірілгенін және экспозициясының бай екенін көрдім. Көптеген келушілер қырғыз балынан дәм татып, оны бірден сатып алып жатты. Біздің өніміміздің осындай жоғары бағаға ие болғанына өте қуаныштымын. «Қытай — Евразия» көрмесі — бұл ашық алаң және мүмкіндіктерге толы кеңістік».

Сонымен қатар, қуат қорын арттыру жүйесімен жабдықталған экзоскелет стенді қазақстандық фотограф әрі интернет-блогер Дмитрий Досеноктың ерекше назарын аударды. Ол былай деді:
«Қытай технологиялары әрдайым өте жылдам дамып келеді. Бүгін көрмеде мен экзоскелетті өз денемде сынап көрдім. Түсірілімдерге жиі шығатын адамдар үшін мұндай құрылғы жабдықтарды тасымалдау кезінде физикалық жүктемені азайтуға жақсы көмектеседі. Егер бұл өнім Қазақстанда пайда болса, міндетті түрде үлкен сұранысқа ие болады».
Естеріңізге сала кетейік, 25-29 маусым аралығында Үрімжі қаласында «Жібек жолының жаңа мүмкіндіктері — Евразияның жаңа серпіні» ұранымен «Қытай — Евразия» IX ЭКСПО көрмесі өтіп жатыр.

