Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиастың Қазақстандағы алғашқы концертіне екі аптадан кем уақыт қалды. 3 қыркүйекте ол Астанадағы Astana Arena-да, 5 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өнер көрсетеді.
Концерт жақындаған сайын билет те азайып келеді. Қазір олардың бағасы 45 мың теңгеден басталады. Алайда осы санаттағы билеттердің басым бөлігі сатылып кеткен. Кей секторларда қатар мен орын таңдау мүмкіндігі де шектеле бастаған.
Ұйымдастырушылар концертке баруды жоспарлап жүрген көрермендерге билет алуды соңғы күнге қалдырмауға кеңес береді.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл концерттің жөні бөлек. Энрике Иглесиас елге алғаш рет келгелі отыр. Оның үстіне Астана мен Алматыдағы кештерде әншінің әр жылдардағы ең танымал хиттері — Hero, Bailando, Escape, Ring My Bells, Tonight, Súbeme La Radio және басқа да әндер шырқалады.

Көрермендер сахнаға шығып қалуы мүмкін
Энрике Иглесиастың концерттері тек ән тыңдап қайтатын кеш емес. Әнші көрерменмен еркін араласуымен танымал. Ол концерт кезінде сахнадан түсіп, жанкүйерлерге жақындайды, залмен сөйлеседі, кейде көрермендерді сахнаға шақырады.
Әсіресе Hero әні кезінде болған мұндай сәттер талай рет әлеуметтік желіге тарап, жанкүйерлер арасында қызу талқыланған.
Иглесиастың үлкен концерттерінде тағы бір ерекшелік бар — стадионның ортасына қосымша сахна қойылады. Оның пайда болуы да қызық оқиғадан басталған.
Бір концертте Энрике жоспардан тыс негізгі сахнадан түсіп, әнін көрерменнің арасында жалғастырған. Жұрт бұл сәтті ерекше қабылдайды. Кейін әншінің командасы осы идеяны шоудың бір бөлігіне айналдырған.
Содан бері негізгі сахнаға арнайы жолмен жалғанған екінші алаң Энрикенің концерттерінде жиі қолданылады. Әнші шоу барысында сол сахнаға өтіп, трибунада отырған көрерменге барынша жақындайды.
Осылайша ондаған мың адам жиналған стадионның өзінде әнші мен көрермен арасындағы қашықтық азая түседі.

Қазақстан — әлемдік турдың жаңа нүктесі
Энрике Иглесиас әлемдік поп-сахнада отыз жылдан астам уақыт өнер көрсетіп келеді. Осы аралықта оның музыкалық релиздері 180 миллионнан астам данамен тарады, ал әндері бірнеше рет халықаралық чарттардың көшін бастады.
Billboard басылымы Иглесиасты Top Latin Artist of All Time деп таныған.
Әлемнің ірі ареналары мен стадиондарында өнер көрсеткен әнші енді алғаш рет қазақстандық көрерменмен жүздеспек.
Билеттер Freedom SuperApp пен Ticketon-да сатылып жатыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бағасы қолжетімді санаттардағы орындар азайып келеді.
