19 қыркүйек — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысушылар алдында сөз сөйлеп, тазалық пен табиғатқа ұқыпты қарауды бір реттік бастама емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналдыруға шақырды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Іс-шара Астанадағы Президент саябағында волонтерлердің, жастардың, экологиялық белсенділер мен елорда тұрғындарының қатысуымен өтті. Мемлекет басшысы акцияға қатысушылармен бірге ағаш отырғызды. Кейін елорданың жасыл қоғамдық кеңістіктерін одан әрі дамыту жобаларымен танысты. Өз сөзінде Президент «Таза Қазақстан» қысқа уақыт ішінде абаттандыру және экологиялық жауапкершілік идеясы төңірегінде әртүрлі жастағы және түрлі салада еңбек ететін адамдарды біріктіретін жалпыұлттық қозғалысқа айналғанын атап өтті. «Тазалық әр азаматтың өмір салтына айналуы тиіс»,…
Автор: Saya
Цифрлық технологиялар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған сайын ықшам әрі функционалды гаджеттерге деген қызығушылық та артып келеді. Әсіресе музыка тыңдау, қоңырау шалу, оқу, жұмыс істеу және спортпен айналысу кезінде сымсыз құлаққаптардың маңызы жоғары. Осы сегментте Xiaomi-дың Redmi бренді ұсынатын Redmi Buds 6 Play моделі қолжетімді құрылғылардың бірі ретінде назар аударады. Xiaomi-дың Қазақстандағы дамуы Xiaomi өнімдері Қазақстан нарығында бірнеше жылдан бері ұсынылып келеді. Брендтің экожүйесіне смартфондардан бөлек, құлаққаптар, смарт-сағаттар, тұрмыстық техника және басқа да электронды құрылғылар кіреді. Компанияның өнімдері әртүрлі баға санатында ұсынылуы оны кең аудиторияға қолжетімді етеді. Xiaomi экожүйесінің тағы бір ерекшелігі — түрлі құрылғылардың өзара байланысып, бір цифрлық ортада…
Орталық Азияда мұздықтардың еруі мен су қорының азаюы өңірдің экологиялық тұрақтылығына әсер етуде. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) зерттеуі соңғы жылдары аймақтағы су ресурстарының өзгерісін көрсетеді. деп хабарлайды SteppeNews.kz. Су қоймаларына түсетін су көлемі төмендеді ДМҰ сарапшылары соңғы бес жылдағы көрсеткіштерді 1991–2020 жылдар аралығындағы орташа деректермен салыстырған. Зерттеу нәтижесінде Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ауғанстандағы су қоймаларына түсетін су көлемінің айтарлықтай азайғаны анықталған. Орталық Азия өзендерінің ағыны әлемдегі қалыпты деңгейден төмендеген немесе айтарлықтай кеміген өңірлердің қатарына кірді. Бұл жағдай әсіресе Арал теңізі алабында байқалады. Аталған аумақта өңірдің негізгі су артериялары саналатын Әмудария мен Сырдария орналасқан. Мұздықтар жинағанынан көп мұз жоғалтуда Зерттеушілерді таулы…
Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Ұлттық қоржынға төрт алтын және екі қола жүлде түсті. Жарыстың алғашқы күнінде тас жол велоспортынан Рината Сұлтанова әйелдер арасындағы жеке уақыт жарысында алтын медаль иеленді. Ол қашықтықты 36:23.72 уақытта жүріп өтті. Қытайлық Чжан Хао 36:28.40 нәтижесімен күміс, Корея өкілі Шин Джи Ын 36:56.14 көрсеткішімен қола медаль алды. Ерлер арасындағы тас жол велоспортының жеке уақыт жарысында Алексей Луценко алтын медаль иеленді. Оның нәтижесі — 41:24.05. Жапониялық Шунсукэ Имамура 42:58.04 көрсеткішімен күміс, Моңғолия спортшысы Сайнбаяр Джамбалжамц 42:58.06 нәтижесімен қола медаль алды.…
2027 жылғы наурыздан бастап Ташкент пен Нүкіс арасында жүрдек пойызды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы 19 қыркүйекте Нүкісте өткен жиында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді. Жаңа пойыз бағыттағы жол жүру уақытын 16 сағаттан 7 сағатқа дейін қысқартуы тиіс. Бұл туралы SteppeNews.kz gazeta.uz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қарақалпақстанда көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалар жалғасып жатыр. Бозатау ауданында шипажай, Нүкісте онкология және радиология орталығы, Қоңырат ауданында балалар ауруханасы мен перзентхана пайдалануға берілген. Әмудария және Төрткүл аудандарында әрқайсысы 2000 орындық амфитеатрлар ашылған. Нүкісте гимнастика орталығы мен консерватория филиалы жұмысын бастаған. А-380 тасжолын жаңарту Қоңырат ауданы арқылы өтетін халықаралық А-380…
Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Астана» алаңында Almaty Vibes музыкалық фестивалі мен мультимедиялық 3D Mapping Show өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Концерттік бағдарламаға Мақпал Жүнісова, Мирас Жүгінісов, KALIFARNIYA, ALPHA, Айдана Меденова, Жандос Қаржаубай, Төреғали Төреәлі, «Алаш ұлы» тобы және басқа да қазақстандық өнерпаздар қатысты. «Астана» алаңына бірнеше мың көрермен жиналды. Кеш барысында қазақстандық орындаушылардың әндері шырқалып, көрермендер концерттік бағдарламаға қатысты. Кештің бір бөлігі Алматының даму тарихын, қаланың сәулет нысандары мен цифрлық технологияларды біріктірген мультимедиялық 3D Mapping Show болды. «Астана» алаңына қараған ҚБТУ ғимаратының қасбеті проекциялық экран ретінде пайдаланылды. Жарық және визуалды эффектілер арқылы қала тарихы…
«Бір апта ішінде Шыңжаңның мәдени ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, Қытайдағы жасанды интеллект пен робототехника технологияларын жақыннан көруге мүмкіндік алдым. Бұл салаға қызығушылығым жоғары», — деді 16 қыркүйекте Үрімші қаласында Қырғызстаннан келген студент Аяна Турдиева. 16 қыркүйекте Үрімшіде «Бір белдеу, бір жол» жас өнертапқыштарының 10-шы жастар лагері мен оқытушылар семинарының жабылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми-техникалық бағыттағы жұмыстарын таныстырып, тәжірибе алмасты. Оған Қытай мен Орталық Азия елдерінен келген жастар мен оқытушылар қатысты. Аяна Турдиеваның айтуынша, бағдарлама аясында қатысушылар Шыңжаң ғылым және технология музейіне, жоғары технологиялық кәсіпорындарға барып, жаратылыстану ғылымдары бойынша практикалық сабақтарға, ұшу симуляциясына және басқа да оқу курстарына қатысты.…
«Ортақ болашаққа қарай – Қытайдың жазғы астанасындағы Орталық Азия елдерінің Z буыны арасындағы алмасу – 2026» халықаралық іс-шарасы аясында Орталық Азия елдерінен келген БАҚ өкілдері мен жастар заманауи Цинхаймен танысуын жалғастырды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Бір күн ішінде қатысушылар «Саньцзянъюань» Қытай телекоммуникациялық жасыл энергетика және интеллектуалды есептеу кешеніне, Shengyuan Carpet Group компаниясына және Цинхай ұлттар университетіне барды. Жасыл энергетика мен цифрлық технологиялар Күннің бірінші жартысында қатысушылар «Саньцзянъюань» Қытай телекоммуникациялық жасыл энергетика және интеллектуалды есептеу кешеніне барып, жасыл есептеу жүйелерінің дамуы және цифрлық экономикада таза энергияны пайдалану бағыттарымен танысты. Бүгінде бұл жоба Цинхайдағы жаңартылатын энергия көздері мен заманауи есептеу технологияларын ұштастырудың маңызды…
Бүгін Чунциндегі Лянцзян жаңа ауданының дамуымен танысу аясында біз бір-бірінен мүлде ерекшеленетін үш қалалық кеңістікті араладық — Green Heart («Жасыл жүрек»), Цзывэйлу көшесі және бұрынғы бомбадан қорғану паналарында құрылған ерекше «Жер асты қаласы» кешені. Бір қарағанда, бұл орындарды салыстыру қиын. Бірі жасыл желекке оранып, адам мен табиғат үйлесімі идеясын негізге алса, екіншісі заманауи қалалық көше мәдениетін көрсетеді. Ал үшіншісі Чунциннің тарихына қаланың басты гастрономиялық ерекшеліктерінің бірі — хот-пот арқылы қайта үңілуге мүмкіндік береді. Дегенмен бұл үш орын да бүгінгі Чунциннің қалай өзгеріп жатқанын және қаланың қоғамдық кеңістікті пайдаланудың жаңа тәсілдерін қалай іздейтінін көрсетеді. Green Heart: коммерциялық кеңістік табиғаттың бір бөлігіне…
Қазақстанда еңбек дауларының саны артып келеді. Егер 2024 жылы соттарға осындай 6 722 іс түссе, 2025 жылы – 7 337, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында – 4 355 іс түскен. Qazaq Expert Club сарапшысы, судья Динара Құйқабаеваның айтуынша, компаниялар сотқа көбіне басшылар салдарын жете бағаламайтын қарапайым басқарушылық шешімдердің кесірінен тап болады. Ол басшылардың қандай қателіктері компанияларды сотқа жиі алып келетінін және өзінікі дұрыс екеніне сенімді болу неліктен жеңіске кепілдік бермейтінін түсіндіреді. Қалай да жұмыстан шығару Сарапшының айтуынша, ең жиі кездесетін қателіктердің бірі – қызметкерді заңда көзделген негіз бойынша емес, жұмыс берушінің көңілінен шықпай қалғаны үшін жұмыстан шығаруға тырысу. «Мұндай жағдайда…