Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Астана» алаңында Almaty Vibes музыкалық фестивалі мен мультимедиялық 3D Mapping Show өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Концерттік бағдарламаға Мақпал Жүнісова, Мирас Жүгінісов, KALIFARNIYA, ALPHA, Айдана Меденова, Жандос Қаржаубай, Төреғали Төреәлі, «Алаш ұлы» тобы және басқа да қазақстандық өнерпаздар қатысты.
«Астана» алаңына бірнеше мың көрермен жиналды. Кеш барысында қазақстандық орындаушылардың әндері шырқалып, көрермендер концерттік бағдарламаға қатысты.
Кештің бір бөлігі Алматының даму тарихын, қаланың сәулет нысандары мен цифрлық технологияларды біріктірген мультимедиялық 3D Mapping Show болды.

«Астана» алаңына қараған ҚБТУ ғимаратының қасбеті проекциялық экран ретінде пайдаланылды. Жарық және визуалды эффектілер арқылы қала тарихы мен Алматының танымал нысандары ғимарат қабырғасында көрсетілді.

Алматыда Қала күні дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Мерекеге орай қаланың түрлі алаңдарында концерттер, фестивальдер, қойылымдар және басқа да мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Келесі материал: Қытай мен Орталық Азия жастары ғылыми-техникалық жобалар арқылы байланысын нығайтты
