Автор: qaztimes

Еліміздегі ең бойшаң сарбаз Отан алдындағы борышын Маңғыстауда өтеп жатыр. Әлішер Назымбектің бойы 2 метр 9 сантиметр. 24.kz-ке сілтеме жасап. 20 жастағы Әлішер Назымбек Ақмола өңірінің тумасы. Кәсіптік білім беру ұйымын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтаған. Әскерге өз еркімен келген. Бала шағынан бойшаң болған ол мектеп партасына отырудың ыңғайсыз болғанын еске алады. «Менің бойым нағашы атама ұқсаған. Яғни, нағашы жаққа тартқан. Үйге кіреберісте сыртқы есіктер болады ғой. Есіктен еңкейіп өтемін және киім табу қиын болады. Мен оларды тапсырыс беріп тіктіртемін. Колледжде оқып жүрген кезімде 2 жыл кикбоксингпен, волейболмен айналыстым», — дейді Әлішер Назымбек. Әлішер отбасыдағы 6 баланың үлкені. Айтуынша,…

Read More

«Қазгидромет» РМК 26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Астанада көшпелі бұлттар болжанады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы түнде 2–7, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +6…+8°C. Алматыда көшпелі бұлттар, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C. Шымкентте көшпелі бұлттар, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C. Ақтауда көшпелі бұлттар күтіледі, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C. Ақтөбеде көшпелі бұлттар, жауын-шашынсыз ауа райы. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C. Атырауда көшпелі бұлттар, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы түнде 2–7, күндіз 5–10 м/с.…

Read More

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ер жетіп қалған ұлдарымен не жайында сөйлесетінін айтты. «Бұл жолы ұзақ сөйлестік. Әдетте видеоға сирек түсетін, рұқсаттарымен ғана сөйлесетін 16 және 18 жастағы ұлдарыммен достық форматта пікірлестім. Тым жекеге бармаймын — ұялам ба, әлде «өздері біледі ғой» деп ойлаймын ба, білмеймін. Бірақ қыздарға деген құрмет, жауапкершілік, тұрақтылық жайлы жиі айтамын — бұл мен үшін ең маңыздысы», — дейді ол. Ләйлә Сұлтанқызы кейде ұлдары ұрысып қалатынын да жасырмады. «Ондайда эмоцияға берілмей, отырғызып сөйлесемін, түсіндіремін, кешірім сұратып, татуластырамын. Үлкеніне көбірек сенім артамын: үйдің шаруасын, інісінің ортасын, ұсақ-түйек жөндеу, бақылау – бәрін соған тапсырамын. «Әкесінің…

Read More

2025 жылдың 27 қазанынан бастап әлемдегі футбол жанкүйерлері FIFA-ның ресми сайтында тіркеліп, 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы билеттерін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады, 1bol.kz сайтына сілтеме жасайды. «Тіркелу процесін 31 қазанға дейін аяқтау қажет. Ал алғашқы билеттерді сатып алу құқығына арналған бұл ұтыс ойынына қатысу – тегін», — деп жазды портал. Билеттерге ерте тіркелу жүйесі — сатылым басталғанға дейін билеттерді кімнің бірінші сатып алатынын анықтайтын арнайы тәсіл. Бұл жүйе сұранысы жоғары матчтарда (мысалы, ашылу ойыны, финал немесе алаң қожайындарының кездесулері) әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін енгізілген. Осылайша, әлемнің жанкүйерлері АҚШ, Мексика және Канада аумағында өтетін футболдан әлем чемпионатына қатысып,…

Read More

Джордж Вашингтон университетінің ғалымдары зәр шығару жолдарына инфекция түскен әрбір бес науқастың біреуі жануарлар өнімдері арқылы берілетін ішек таяқшасынан (E. coli) зардап шеккен деген қорытындыға келді. Зерттеу нәтижесі mBio журналында жарияланды. Ғалымдар 5,7 мыңнан астам E. coli бактериясының үлгісін талдады. Олардың бір бөлігін инфекция жұқтырған науқастардан, ал қалған бөлігін ет пен құс сататын дүкендерден алды. «Генетикалық талдау зәр шығару жолдары инфекциясының 18 пайызға жуығы жануарларда болатын бактериялармен байланысты екенін көрсетті. Қауіпті штамдар көбінесе тауық еті мен күркетауықта кездеседі», — деп жазылған зерттеуде. Кедей аудандардың тұрғындары арасында инфекция жұқтыру қаупі едәуір жоғары болды – олардың E. coli жұқтыру ықтималдығы бай…

Read More

Астанадағы Триатлон саябағында Республика күніне орай ұйымдастырылған марафонға 82 жастағы Амангелді Досжанов та қатысты. Қала әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, ол көпшіліктен қалмай, 10 шақырым қашықтықты 1 сағат 23 минутта жүгіріп өткен. «Жүгіруді 79 жасымда бастадым. Егер бастысы ниет болса, ешнәрсеге кеш емес. Қазіргі сәтте аптасына тұрақты түрде 3 мәрте 5-10 шақырым жүгіремін. Әдетте мен үйімнің қасындағы Күйшілер аллеясы мен Жерұйық саябағын таңдаймын. Себебі ол жерде жүгіруге жағдай жасалған. Көпшілігіміз жапондардың ұзақ өмір сүретініне таңғалып жатамыз ғой. Бірақ қазақтар да салауатты өмір салтын ұстанудан кенде емес. 2024 жылы Run for Autism қайырымдылық жарысына да қатыстым», — дейді Амангелді Досжанов. Астана қаласы…

Read More

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. «Ол жартылай финалға дейін жетіп, Тайбэй өкілі Юн Люге жол берді. Нәтижесінде Нодира әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады», — деп жазылған хабарламада. Айта кетері, Қазақстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет 2007 жылы жүлдеге ие болған еді. Сол кезде Назгүл Тәжіғұлова (51 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген еді. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады. Еліміз…

Read More

Ақмола облысында полиция есірткі шегіп алған такси жүргізушісін ұстады. Қостанайға бет алған Toyota Alphard автокөлігін полиция Екатеринбург – Алматы жолының 1006 шақырымында тоқтатты. Көлікті рұқсатсыз жолаушылар тасымалдаумен айналысқан 2002 жылы туған жігіт жүргізіп бара жатқан. Салонда үш жолаушы болған, оның екеуі жүргізушінің туысы болып шықты. Астанадан Қостанайға баратын клиентінен 15 мың теңге алған. «Тексеріс кезінде полицейлер жүргізушінің есірткі тұтынғанын байқаған. Медициналық тексеріс бұл фактіні растады», — деп жазылған хабарламада. Жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы, 1-бөлімі (Есірткіге мас күйінде көлік басқару), 463-бабы, 1-бөлімі (Рұқсатсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды. Полиция есірткіге…

Read More

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әлемдегі ең биік ғимарат, 828 метрлік «Дубай мұнарасы» – «Бурдж Халифа» Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күніне орай Қазақстан туымен безендірілді.  Видео Қазақстанның Дубайдағы консулдығының Instagram аккаунтында жарияланды. «Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанды Республика күнімен құттықтады!», — деп жазылған видеода. Музыкалық сүйемелдеу ретінде Қазақстан әнұраны таңдалды. Дубайдағы «Бурдж Халифаның» Қазақстан туымен безендірілуі бірінші рет емес. 2022 жылдың желтоқсанында зәулім ғимарат Қазақстанның Тәуелсіздік күні құрметіне Қазақстан туының көк түсімен жарықтандырылды.

Read More