Абай облысында күдіктіден 100 келіден астам марихуана мен 7 келі гашиш тәркіленді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Тергеу барысында ер адам кінәсін мойындап, жабайы қарасораны өзі жинап, кептіріп, кейін сату мақсатында сақтағанын айтты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.м
Автор: qaztimes
Заңсыз жанармай тасымалдау үшін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта 450 метрлік жерасты тоннелін қазған, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Тергеу барысында анықталғандай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған. Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған. Операция барысында…
Корпоративтік табыс салығы (КТС) 20 пайыз деңгейінде сақталады. Алайда сараланған салықтық мөлшерлеме енгізіледі, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Атап айтқанда, банктер (бизнес субъектілерін кредиттеуді қоспағанда) мен ойын бизнесі үшін – 25 пайыз. Әлеуметтік сала ұйымдары үшін 2026 жылы 5 пайыз мөлшерінде белгіленіп, 2027 жылы 10 пайызға дейін ұлғаяды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 3 пайыз жеңілдетілген мөлшерлеме қалады. Қор нарығын ынталандыру үшін биржалық құнды қағаздарға төленетін дивиденттерге салық жеңілдіктері сол күйі сақталады. «Бәйтерек» холдингі шығарған құнды қағаздардан түсетін кіріс 2031 жылға дейін КТС-тен босатылады. Пайдалы қазбаларды өңдеу мен геологиялық барлау саласы үшін қосымша преференциялар қарастырылған. Атап айтқанда, тиімділігі төмен жаңа…
Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот жарыссөзінде жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды SteppeNews тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап. Прокурордың айтуынша, 2024 жылғы 23 сәуір мен 4 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған қаражат жеке кәсіпкерлердің есепшоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, тікелей Перизат Қайратқа жеткізілген. Іс материалдарында 22 сәуір күні Перизат Қайрат банк тарапынан қойылған бұғаттауларды айналып өту үшін банктерге ұжымдық түрде өтініш жолдауды өзі бастағаны көрсетілген. Кейінірек оның телефонынан Kaspi Bank қызметкерімен хат алмасу табылған. Айыптау тарапының айтуынша, Перизат Қайрат бұл қызметкерге қысым көрсетіп, қызметін тоқтатқан әрі күмәнді операциялары бар екі жеке кәсіпкердің шоттарын дереу бұғаттан шығаруды…
Садақа — мансаптың баспалдағы емес: Бүгін сотта прокурор Мәдина Оразалина сөз сөйледі. Ол Перизат Қайрат ісі — жай ғана алаяқтық оқиғасы емес, «аманат, адалдық, қайырымдылық сияқты қасиетті ұғымдарды сату» екенін айтты, деп жазады SteppeNews.kz ақпарат порталы. – Бүгін біз қоғамға белгілі Қайрат Перизат пен оның анасы Алашбаева Гайниге қатысты қылмыстық істің сот тергеуін қорытындылап отырмыз. Бүгінгі сөзімді «Ізгіліктің бетпердесі» деп атағым келді. Әуелі қазақ халқына – ұлы жомарттық пен ар-ождан иесі халыққа алғысымды білдіргім келеді, – деді прокурор. Оның айтуынша, Перизат Қайрат қайырымдылықты бетперде етіп, халықтың сенімінен пайда тапқан. – Енді «қайырымдылық» деген сөзді өз пайдасы үшін қалқан еткісі келетін әр адам…
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі Тергеу барысында анықталғандай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған. Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған. Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген. Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық…
Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды көліне батып кеткен 16 жастағы жасөспірімнің мүрдесі төрт тәуліктен соң табылды. Құтқарушылардың мәліметінше, 2009 жылы туған баланың денесі 8 шілде күні таңертең оқиға орнынан 500 метр қашықтықта табылған. Жасөспірім шомылуға тыйым салынған аймақта суға түскен. – Бала көлдің шомылуға арналмаған бөлігінде суға батып кеткен. Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан іздеу жұмыстарын тоқтатпай жүргізді, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Айта кетейік, баланы іздеу кезінде қатты жел мен көлдегі үлкен толқындар кедергі келтірген болатын.
Қытай әскери техникасын экспорттауға ниетті екенін ресми түрде жариялады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрлігі хабарлады. Министрліктің ресми өкілі Цзян Биньнің айтуынша, Қытай қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттау ісінде жауапты әрі байыпты саясат ұстанады. – Біз Қытайдың әскери технология саласындағы жетістіктерін достас мемлекеттермен бөлісуге және жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға әзірміз, – деді ол брифинг барысында. Айта кетейік, бұған дейін Украина Қытайдың бес қорғаныстық компаниясына санкциялар енгізген болатын.
Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзаттың әпкесі Перизат Нұрымова бауыры жайлы тың дерек айтты. Перизат Нұрымова Нұрқанат қайтыс болар алдында жіберілген қоштасу хатын өзі жазбағанын басып айтты. Тіпті оған дәлел фактілері де бар екен айтты. «Бір күдік менің өзіме келетін, біз бес ағайындымыз, Төртеуімізге ғана хабарлама келеді. Кішкентай сіңіліме хабарлама келмейді. Неге? Менің күдігім оны білмейтін адам жазды. Қазіргі таңда ғана біздің бес ағайынды екеніміз енді біліп жатыр. Алайда бесінші кім екенін білмейді. Атын атамаймыз, түрін түстемейміз. Ол студент, сондықтан сол үшін өмірде қорқамыз. Бізсіз де достарымен жүретіні бар, басқасы да бар қауіптенеміз. Оны Мейірман аға да біледі. Біздің бес…
Маусым айының соңында Сенат Алматы мен Астананың мәслихаттарына жол қозғалысына қатысты мәселелерде кеңірек құқық беретін заңды мақұлдады, деп хабарлайды Tengri Auto. Kolesa.kz жазуынша, енді мәслихаттар жалпы жол қозғалысы ережелерінде (ЖҚЕ) жоқ нормаларды да өздері бекіте алады. Оның ішінде – ақылы автотұрақтар мен айыптұрақтардың жұмыс тәртібін де реттейді. Бұл дегеніміз, енді олар эвакуациялау және айыптұрақта сақтау ережелері мен тарифтерін өздері белгілей алады. Төлем екі бөлікке бөлінеді: көлікті алып кету үшін және күн сайын сақтау үшін алынады. Айыптұрақтар 2025 жылдың күзіне дейін, яғни тарифтер бекітілгеннен кейін ғана ақылы болады. Заңгер не дейді? Автокөлік жөніндегі заңгер Михаил Будянский бұл жаңашылдықтың қарапайым жүргізушілер үшін…