Қазақстан Ішкі істер министрлігі (ІІМ) әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқан және ұлтаралық немесе діни алауыздықты қоздырған азаматтарға қатысты жүргізілген істер туралы ресми мәлімет таратты. Биылғы жылдың алғашқы алты айында осындай әрекеттері үшін тоғыз адам түрмеге қамалған. Министрліктің мәліметінше, Абай облысында тұратын әйел TikTok-та ұлттық белгілерге қатысты балағат сөздер айтып, видео таратқан. Оның әрекеті ұлтаралық араздықты қоздыру ретінде бағаланып, сот үкімімен бас бостандығынан айырылған. «2025 жылдың алты айында осы сипаттағы 64 қылмыстық іс қозғалды. 15 адам сотталды, соның ішінде 9 адам нақты түрме жазасына кесілді», – делінген ІІМ хабарламасында. Сондай-ақ, Қызылорда облысында бір азамат көпшілік алдында діни алауыздықты қоздыратын мәлімдемелер жасағаны…
Автор: qaztimes
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2025–2026 оқу жылына арналған «Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында 500 талапкерге тегін жоғары білім алуға грант бөлді. Бұл бастама әлеуметтік осал санаттағы жастарды қолдауға бағытталған. Кімдер грантқа үміткер бола алады? Грант келесі санаттағы талапкерлерге беріледі: Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары; Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар; Мүгедектігі бар азаматтар; Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары; 2022 жылғы Қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтардың балалары; Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған балалар. Бағдарлама шарттары қандай? Қатысушының жасы 29-дан аспауы керек; Грант тек бірінші жоғары білімге (бакалавриат) беріледі; Бұған дейін мемлекеттік…
1. Автогаз қымбаттайдыЭнергетика министрлігі сұйытылған газдың шекті бағасын өсіреді: Көтерме баға: 51 932 → 59 722 теңге/тонна Бөлшек баға: өңірге байланысты 7–10 теңгеге/литрге өседі Бұл жанармай бекеттеріндегі газдың бағасына тікелей әсер етуі мүмкін. 2. АҚШ бірқатар қазақстандық өнімге баж салығын енгізеді1 тамыздан бастап АҚШ қазақстандық экспортқа 25% кедендік баж салығын енгізеді. Мұнай, уран және металдар бұл тізімге кірмейді. Салық енгізілетін өнімдер: фосфор бидай желімі оптикалық линзалар және т.б. Сарапшылар бұл Қазақстан ішіндегі бағаға да әсер етуі мүмкін екенін ескертеді. 3. Пәтерді қолма-қол сатып алуға тыйым салынадыҮлестік құрылыс жобаларында тек банктік аударым арқылы есеп айырысуға рұқсат етіледі. Қолма-қол ақша беру заңсыз…
Ресейдің Қиыр Шығысында қуаты 8,8 баллға жеткен жойқын жер сілкінісі тіркеліп, Камчатка түбегіндегі жағалау маңында цунами қаупі туындады. Табиғи апат салдарынан Ресей, Жапония және АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауындағы аймақтарында эвакуация шаралары жүргізілді. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, зілзала 30 шілде күні жергілікті уақытпен таңғы 7:15-те, эпицентрі Камчаткадан оңтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде, теңіз түбінде тіркелген. Сол арада жағалауға жақын орналасқан Северо-Курильск қаласында биіктігі 4 метрге жететін толқындар жүріп өтті. Қалада кейбір инфрақұрылым зақымданып, бірнеше адам жеңіл жарақат алған. Жапония билігі Тохоку және Хоккайдо аймақтарында эвакуация жариялап, теміржол қозғалысын уақытша тоқтатты. Елдің метеорологиялық агенттігі жағалауға үш рет шағын цунами толқындары келгенін…
2025 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға 7,5 миллион шетелдік келген. Олардың ішінде 5 миллионы ел аумағында бір күннен артық уақыт болған. Бұл көрсеткіш өткен жылы тіркелген рекордтық өсімді растап отыр. 2024 жылы Қазақстан шетелден 15 миллионнан астам турист қабылдаған болатын. Ал ішкі туризм бойынша 10 миллионнан астам азамат ел ішінде саяхаттаған. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан соңғы жылдары шетел азаматтары үшін барынша ашық елге айналған. Қазіргі таңда 87 елдің азаматы визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады. Сонымен қатар, «Ашық аспан» саясаты арқылы былтыр 22 жаңа халықаралық әуе рейсі ашылса, биыл тағы 32 маршрутты іске қосу жоспарланған.
Еуропарламенттің 40 депутаты Еуроодақтан Израильмен арадағы Ассоциациялық келісімді тоқтатып, Нетаньяху үкіметіне санкция салуды талап етті. Бұл мәлімдеме Газа секторындағы гуманитарлық дағдарыстың ушығуына байланысты жасалды, деп хабарлайды steppenews.kz Euronews-ке сілтеме жасап. Депутаттардың айтуынша, Израильдің әрекеті Женева конвенциясын және халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзады. Олар «моральдық батылдық уақыты келді» деп, ЕО-ны нақты қадамдарға шақырды. Бірлескен мәлімдемеде ХАМАС қозғалысынан да 2023 жылғы 7 қазандағы шабуыл кезінде тұтқынға түскен израильдік азаматтарды босатуды талап етеді. Депутаттар Еурокомиссияны Ассоциациялық келісімді дереу тоқтатуға, сондай-ақ Израильдің министрлеріне шектеу қоюға үндеп отыр. Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбритания, Норвегия және Нидерланд Израильдің екі министріне сапарлық шектеу енгізген болатын. ЕО шеңберінде мұндай шара…
Шымкент қаласында жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеп келген қылмыстық топ әшкереленді. Қаржы мониторингі агенттігі мен прокуратураның бірлескен тергеуі нәтижесінде кемінде 500 адам емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алғаны анықталды. 2023–2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы мен қызметкерлері жүргізуші куәліктерін пара арқылы рәсімдеуге жағдай жасаған. Мұндай қызмет құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен. Ұйымдасқан қылмыстық топ кемінде 150 миллион теңге табыс тапқан. Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды. Қазір іс бойынша 15 адам айыпталушы ретінде танылып, материалдар сотқа жолданды.
АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға қатысты мәлімдемесінен кейін әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті. 29 шілде күні Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 72 доллардан асып, Астана уақытымен 08:35-тегі дерек бойынша 3,51%-ға өсіп, 72,50 долларды құрады. WTI маркалы мұнай 3,56%-ға қымбаттап, 69,09 доллар болды. Неге мұнай қымбаттады? Трамп Ресей президенті Владимир Путинге Украинадағы соғысты 10 күн ішінде тоқтатуды талап етті. Ол: «Бүгіннен бастап 10 күн есептеледі», – деп мәлімдеді. Сонымен қатар ол шикізат нарығының реакциясына алаңдамайтынын да ашық айтты. Мұнай бағасының өсуіне бірқатар факторлар да әсер етіп отыр: АҚШ пен ЕО арасындағы жаңа сауда келісімі; Доллардың нығаюы; Үндістан тарапынан мұнай импортының…
Фото: depositphotos.com Жаздың соңғы айы — тамызда қазақстандықтар үшін тағы бір демалыс күні қарастырылған. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасының Конституция күніне байланысты туындап отыр. Конституция күні – мемлекеттік маңызы зор мереке Қазақстанда Конституция күні жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі. Бұл күн – 1995 жылы еліміздің Негізгі заңы қабылданған күн, яғни мемлекеттің құқықтық, саяси және демократиялық негізін айқындайтын маңызды оқиға. Сондықтан бұл дата ресми мереке болып саналады және демалыс күні ретінде белгіленген. 2025 жылы тамызда қанша күн демалыс болады? Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін 2025 жылы 30 тамыз — сенбіге сәйкес келеді. Еліміздің «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына сәйкес, мереке демалыс күніне сәйкес келсе, ол келесі…
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылдың нақты себебі белгілі болды. Жуырда өткен алдын ала сот тыңдалымында айыпталушының бұл әрекетке не себепті барғаны ашық айтылды. Қызметтен босатуға байланысты туындаған жанжал Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, қастандықтың басты себебі — қызметке қатысты туындаған дау болған. «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС ғимаратында өткен мердігерлер жиналысында Руслан Берденов компания басшысын қызметінен босатуға тапсырма берген. Сол сәтте күдікті Ернар Жиембай бұл шешіммен келіспей, өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүр болатынын түсініп, кек алу туралы ойлай бастаған. Прокурор Бауыржан Қарамановтың айтуынша:«Айыпталушы өзін қызметінен заңсыз шеттетілдім деп есептеген. Ол Берденовтің тікелей араласуы арқылы жұмыстан…