Еуразиялық сән апталығы-2026 19-25 қазан аралығында Қытайдың Солтүстік-Батысындағы Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының (СҰАР) Алаэр қаласында өтеді, деп хабарлайды «SteppeNews.kz Жэньминь Жибао» онлайн сайтына сілтеме жасап.
Алдағы шараға арналған баспасөз конференциясында хабарланғандай, Сән апталығына Ресей, Орталық Азия елдері мен Еуропалық одақтан брендтер мен дизайнерлер өкілдері, сондай-ақ СҰАР және одан тыс жерлердегі тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындары шақырылады.
Сән апталығы аясында сән көрсетілімдері, сән тақырыбындағы семинарлар, тақырыптық салондар, мата саласындағы байланыстарды жолға қоюға арналған кездесулер, сондай-ақ бірнеше күнге созылатын тоқыма базары өтеді деп күтілуде.
Айта кетейік, Еуразиялық сән апталығы СҰАР-дың әкімшілік орталығы Үрімші қаласынан тыс жерде алғаш рет өткізіледі. Алаэр қаласында тоқыма өнеркәсібінің толық өндірістік тізбегі қалыптасқан. Мұнда өндірілетін тоқыма өнімдері Қытайда ғана сатылмай, Орталық Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға да экспортталады.
СҰАР Өнеркәсіп және ақпараттандыру басқармасының мәліметінше, алдағы Сән апталығы аясында шикізатты өңдеуге, сауда мен логистикалық дистрибуцияға ғана емес, түпнұсқа дизайн мен брендтер қалыптастыруға да назар аударылады. Бұл Синьцзянның тоқыма өнеркәсібіндегі креативті дизайн саласында қалыптасқан олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік береді.
Келесі материал: Қырғызстан жастары қытай тілін не үшін үйреніп жүр?
