Euronews халықаралық басылымы Алматыны қаланың басты символдарының бірі – алманың тарихы арқылы әлемдік аудиторияға таныстырды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Euronews – Еуропадағы ірі халықаралық жаңалықтар брендтерінің бірі. Медиажелінің контенті 160 елде қолжетімді. Оның теледидар, цифрлық платформалар және интернетке қосылған құрылғылардағы ай сайынғы аудиториясы 400 миллионнан асады. 2025 жылы Euronews контенті 1,83 миллиард бейнеқаралым және шамамен 1,4 миллиард бет қаралым жинаған.
Жарияланымда Алматы тарихы, табиғи мұрасы, гастрономиясы мен заманауи мәдениеті тоғысқан туристік бағыт ретінде сипатталған.

Материалда қала маңындағы алма бақтары, Алматы апорты және жыл сайын өтетін Alma Fest фестивалі туралы айтылған. Биыл фестиваль аясында 200 тоннадан астам алма ұсынылды.
Халықаралық аудиториясы кең медиадағы жарияланым Алматыны шетелде танытуға және қаланың туристік бағыт ретіндегі танымалдығын арттыруға ықпал етеді.
Шетелдік туристер үшін Алматы алмасының тарихы қаланың мәдениеті мен табиғи мұрасымен танысуға қосымша мүмкіндік береді.
Дереккөз: Euronews
Келесі материал: Қазақстанда аэротакси 2028 жылы коммерциялық рейстерге шығуы мүмкін
