Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған 14 әскери қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сонымен қатар оқиғадан аман қалған үш әскери қызметші де «Ерлігі үшін» медаліне ие болды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы оқиға болып, бірқатар әскери қызметші қаза тапқан болатын. Мемлекет басшысының 27 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес, қаза болған әскери қызметшілер әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Қаза болған әскери қызметшілерге «Айбын» ордендері берілді
29011 әскери бөлімінің взвод командирі Олжас Мұхтарұлы Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Ал Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденіне 13 әскери қызметші ие болды:
- Аяпберген Сержан Талғатұлы – бөлімше командирі;
- Бегей Дастан Нұрболұлы – аға матросы, аға атқышы;
- Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – бөлімше командирі;
- Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – матросы, граната атқышы;
- Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – бөлімше командирі;
- Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – бөлімше командирі;
- Жаңабай Әсет Саматұлы – маманы, көздеуші;
- Көбенов Алмас Жүсіпұлы – матросы, граната атқышы;
- Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – матросы, граната атқыштың көмекшісі;
- Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – матросы, граната атқышы;
- Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – матросы, оқшашар атқыштың көмекшісі;
- Төлеген Ақылбек Қабденұлы – аға матросы, аға атқышы;
- Тұрдыбекұлы Мирас – матросы, атқышы.
Аман қалған үш әскери қызметші де марапатталды
Мемлекет басшысының тағы бір Жарлығымен әскери оқу-жаттығу кезінде ерлік көрсеткен және аман қалған үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Олардың қатарында:
- Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы, атқышы;
- Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы, атқышы;
- Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы, санитариялық нұсқаушысы.
Олар әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградаға ие болды.
Осылайша, Каспийдегі әскери оқу-жаттығуға қатысқан 17 әскери қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталды. Қаза болған 14 әскери қызметшіге «Айбын» ордендері берілсе, аман қалған үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Осы қайғылы оқиғадан кейін 27 қыркүйекте Президент Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметке 3 қыркүйекте тағайындалып, министрлікті 24 күн басқарды.
Келесі материал: Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды
