14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтетін Канье Уэстің концертіне байланысты 26 автобус және 6 троллейбус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 14 тамыз күні сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін Орталық стадион маңындағы бірқатар көшелерде автокөлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда:
- Абай даңғылында — Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
- Сәтбаев көшесінде — Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
- Байтұрсынов көшесінде — Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.
Осыған байланысты қоғамдық көліктің 32 бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Өзгерістер мына автобус бағыттарына қатысты: №3, 18, 21, 25, 30, 34, 44, 57, 62, 65, 66, 79, 90, 92, 95, 98, 118, 120, 120А, 121, 128, 130, 209, 210, 211, 224.
Сонымен қатар №ТП5, ТП6, ТП7, ТП9, ТП19 және ТП25 троллейбус бағыттарының қозғалысы да өзгереді. Қалалық әкімдік тұрғындар мен қала қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, концерт өтетін аумақтағы уақытша шектеулерді ескеруді ұсынды.
